Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аққала және қар

21 қыркүйек 2021, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тәрбиеші: Абзали Раушан
№112 балабақша, Павлодар қаласы
Оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу қызметі: Жапсыру
Тақырыбы: Аққала және қар
Мақсаты: Жыл мезгіліне тән ерекшеліктерді түсіндіру. Қыста ойналатын ойындарды атау және ойнау. Қар туралы түсініктерін молайту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Аққаланың суреті, доп, геометриялық пішіндер.
Сөздікжұмыс: Жапалақ - жұмсақ, жеңіл, қиыршық - қатты, түйіршік.
Билингвальды компонент: бөкебай - шарф.
Ұйымдастыру
Сезімді ояту
Арайлап таң атты!
Алтын шуақ таратты!
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
Балалар, бүгін мен ертемен топқа келсем, біздің топта Күлдірген отыр екен. Күлдірген бізден көп нәрсе үйренгісі келеді екен.
Балалар, үйретеміз бе?
- Иә, үйретеміз.

- Қане, қане балалар!
Шеңбер бола қалыңдар.
- Енді бір - бірімізге деген жылы тілектерімізді тілейік.
- Тілектеріңе нұр жаусын балалар!
- Ал, балалар орнымызға отырайық.
Аяз қысып,
Өрнек сызып.
Терезені торлайды,
Қарға омбығып,
Бет домбығып.
Сырғанап балалар ойнайды.
Балаларым, айтыңдаршы бұл қай кезде болады?
- Қыста жердің бетін не басады?
- Қар жауғанда күн қандай болады?
- Күн суытқанда біз қандай киімдер киеміз?
- Ал, жылы киімдерді атап беріңдерші?
- Қыста жердің бетін қар басады, балалар қар неше түрде жауады?
- Жапалақтап жауған қар қандай болады?
- Қиыршық қар қандай болады?
- Қыста қандай ойын ойнауға болады?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қандай, Қандай?
- Ақпан - қыстың соңғы айы, күн жылынып, қар ериді. Алдымызда көктем келе жатыр.- Осы қыс мезгілі туралы тақпақ, жұмбақ білесіңдерме?
- Жарайсыңдар!
- Енді сергіту жаттығуын жасайық.
Сергіту жаттығуы:
- Күлдірген, саған балалардың қыс мезгілдері туралы айтқандары ұнады ма?
Күлдірген:- Көп біледі екенсіңдер балалар, ал мына қапшықтағы заттарды құрастыра алмадым. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
- Көмектесемізбе балалар?
Ал, олай болса қапшықты ашып көрейік, не бар екен.
(ашып көрсетемін, түсіндіремін)
- Балалар, 2 топқа бөлініңдер.
Көрдің бе Күлдірген сен әкелген пішіндерден балалар аққала құрастырды.
- Ұнады ма?
Күлдірген:- Балалар, маған әрқайсың аққала жасап беріңдерші.
- Жарайды, балалар біз Күлдіргеннің тілегін орындайық.
- Енді балалар, жұмысымыз жақсы, әдемі, көркем болу үшін саусақтарымызды қыздырып алайық.
Сергіту сәті:(Балалар жаттығуды кішкентай доптармен жасайды)
Балалар, саусақтарың шебер болды, аққаламызды жапсырайық.
- Түсіндіру.
- Аққаланы балалар қағаздың ең төменгі жағынан бастап жапсырамыз.
1 - ші үлкен домалақ
2 - ші кеудесі, орташа домалақпен.
3 - ші басын, көзін, мұрнын, аузын т. б.
- Енді аққаламызды әсемдеп, әрлеп көрсетейік.
Аққалаларыңды ұнаған заттармен әсемдеулеріңе болады.
- Мақтамен әсемдеген баладан сұрау, сен қандай қармен сәндедің?
- Сен қандай қармен жасадың?
- Умаждалған қағазбен жасаған аққала ше?
- Күлдірген, міне, балалардың аққаласы дайын, саған ұнады ма?
- Өте әдемі екен.
Балалардың бір - біріне деген жылы тілектері.
Балалар орындарына отырады.
Балалардың жауабы:
- Қыста.
- Қар басады.
- Күн суық болады.
- Жылы киімдер киеміз.
- Малақай, тон, бөкебай,
Қолғап, жемпір, биялай т. б.
- 2 түрлі жауады.
- Жапалақтап жауған қар - жеңіл, ұлпа.
- Қиыршықтап жауған қар - түйіршік, қатты.
- Қар лақтырып, шана теуіп, аққала жасап т. б.
Балалардың жауабы:
- Желтоқсан, қаңтар,
ақпан.
Балалар қыс туралы тақпақтар, жұмбақтар айтады.
Торғай, торғай, торғайсың.
Таяу келіп қонғайсың,
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
- Иә, көмектесеміз.
Алақай, алақай!
Бойымызға шақ қана,
Тұрғыздық біз аққала.
Балалар отырады.
Басбармағым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы.
Ортан терек атасы,
Шылдыршүмек балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Әр бала аққала жасайды.
Аққаланы әсемдем, сәндеу.
- Жапалақтап жауған қар ұнайды, ол ұлпа, жеңіл.
- Қиыршық қармен жасадым, қатты, түйіршік.
Рефлекстік
түзету
Балалар, сендердің жасаған аққалаларың өте әдемі болып шықты. Күлдіргенге де ұнады. Барлықтарың тамаша жұмыс жасадыңдар.
- Балалардан сұрау
- Күлдірген: Балалар, енді маған далада қардан аққала соғуды үйретіңдерші..
- Балалар үйретеміз бе?
Олай болса қазір орнымыздан ақырындап тұрып, далада қардан Күлдіргенге аққала соғып берейік.
Балалар өз жұмыстарын Күлдіргенге және достарына көрсетіп мақтанады.
- Иә, үйретеміз.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін, ауа райын, адамдардың киіну ерекшеліктерін.
Түсінігі: Қардың екі түрлі болатынын. Аққала жасау жолдарын және әшекейлеу тәсілдерін түсінуі.
Көрсете білуі: Аққаланы жасай білуі.
1 309
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы серуен
Қысқы серуен
Мақсаты: Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерінің дұрыс айта білуге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Аппақ қар
Аппақ қар
Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру.
Қармен тәжірибе жасау
Қармен тәжірибе жасау
Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.
Қыс келді
Қыс келді
Қыс мезгілі туралы мағлұмат беру. Жыл мезгілдері жайлы білімдерін толықтыру. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Қош, келдің жаңа жыл!
Қош, келдің жаңа жыл!
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, МКҚК №18 балабақша тәрбиешісі Рустемханова Айгерим Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×