Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертеңгілік: «Ана - өмір шуағы!"

22 қараша 2021, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ертеңгілік: «Ана - өмір шуағы!"
Сахна пердесі жабық тұрады, сахна алдына балалар шығады.
1. бала (Алиасқар):
Армысыңдар халайық!
Бармысыңдар халайық!
Аналар мерекесін
Бірге қарсы алайық!
 2. Бала(Айзере):
Ертегі әлемі, неткен әдемі!
Мереке қарсаңында барлық достар жиналды
Қане балақай байқашы, мән беріп қарашы
Достардың барлығы, үлгердіме санашы.
Асыға басып, қол ұстасып
 Келді әне барлығы!
1. бала (Алиасқар):
Біздің ауыл тамаша
Әрбір үйі бізге таныс
2. Бала(Айзере):
Тышқан, мысық, тиін дос
Қозы менен лақ та дос
Перде ашылады
( Залда Тышқан, мысық, тиін, ара, қозы, лақ келіп әр қайсысы өз үйінде отырады)
(Ешкі ана шығып киімді іледі.)
Ешкі ана:
Мен көп балалы Ешкі ана
Балаларын сүйетін
Оларды ешкімге тиіскізбей
Қамқор болып жүретін
Кім де кім лақтарымды ренжітсе
Мүйізіммен сүземін
(Балаларына қарап)
Тұрыңдар, Ояныңдар
Лақтарым, қарақтарым,
Балаларым – шұнақтарым
Күн де шықты жарқырап
Деп балаларын ортаға билеп алып шығады.
Лақтарым, қарақтарым,
Балаларым – шұнақтарым
Базардан сыйлық әкелдім. Деп, корзинадан сәбіздерді алып таратып береді.
Бұл дәмді ас сендерге
Мен кеттім дүкенге
Әкелейін базарлық
Дәмі тәтті сендерге.
- Лақтарым, Супермаркетке кеттім, мен келгенше есікті ешкімге ашпаңдар.
Лақ (Айлин): Анашым анашым, бізде сізбен барайықшы
Ешкі ана: Супермаркеттен жарты сағатта келемін, ақылды болсаңдар барлығыңа сыйлық әкеліп беремін. Бірақ ұмытпаңдар, есікті ешкімге ашпаңдар. Қасқыр келіп қалуы мүмкін.
Лақ (Ақылжан): Анашым, уайымдамаңыз, айтқаныңызды ұмытпаймыз.
Ешкі ана: Мен келгенде домофоннан ән саламын, әнімді ұмытпаған боларсыңдар?
Лақтарым, қарақтарым,
Балаларым – шұнақтарым
Базардан сыйлық әкелдім.
Аша қойыңдар есікті - деп дүкенге кетіп қалады.
(Лақтар: ойыншық алып ойнап отырады. Тақпақтарын айтады)
Лақ (Ажар): Компьютер ойнағаннан шаршадым, далаға шығып ойнайық
Лақ (Биханым): Ананың тілін алу керек, далада қасқыр бар екенін ұмыттың ба?
Лақ (Айбибі): Ой тәтелерім бүгін аналар мерекесі, ойыншығымызды жинап қоялық. (ойыншықтарын орындарына апарады)
Лақ (Нұрислам. А.):
Календарьды ашайық
Қыс мезгілі кетіпті
Қонаққа көктем келіпті
Аналардың мерекесі
8наурыз мереке күн депті
Би: «Лақтар»
Лақ(Ақерке): Үйімізге тез барайық, сыйлық дайындайық.
( залға қасқырлар билеп келеді)
Осы кезде хабарландыру дауыс естіледі (аудио запис)
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Біздің супермаркетте мерекелік жеңілдіктер.
Қасқыр: Мереке дейді, қандай мереке (Үлкен адам болады)
Недеген бассыздық!
Қасқырлар (Алинұр): 8наурыз аналар мерекесі ғой.
Қасқыр Үлкен адам: Ой, ой мүлдем бұл мерекені ұмытып кетіппін ғой. Қане мерекеге бізде билейік
Деп билейді.
Қасқыр Алинұр: Бұл құймақтың иісі ғой,
Қандай ғажап, хош иіс
Әр бір үйдің ішінде
Мерекелік үлкен кеш.
 Қасқыр Алиасқар: О о о бізге айтпастан дайындалып жатыр. көрсетеміз оларға.
Қасқыр Димаш: сонда балаларды жейміз бе?
Қасқыр (Үлкен адам): оо жоқ қазір ХХІ ғасыр ғой балалар тәтті емес қой, одан аналарынан ақы сұрайық, барлығын қиратып, сындырайық. Деп залдан шығып кетеді.
( Залға мысықтар шығады.)
Тақпақтар айтады.
Мысық (Амина): Сегізінші наурыз келді
Шаттық сезім ала келді
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймын сіздерді!
Мысық Адия:
Ақылшымыз данашым
Ұзақ өмір сүріңіз
Айналайын анашым
Алдымызда жүріңіз
Екеуі бірге:
Біз мысықпыз бұралған
Сұлу топтан құралған
Аналарға мейірімді
Ән арнаймыз көңілді
Ән: «» (Жеке)
Мысық анасы қолына сыпырғышын алып, аула сыпырады. Ешкі ана жолдан өтіп барады.
Мысық ана (Жанель):
Сәлем көрші
Ешкі ана:
Сәлем, сәлем
Мысық ана (Жанель):
Сен естідің бе
Аулада қасқыр жұр екен
Балаларды қорғайық
Қасқырмен кездестірмеуге
Күш салайық бірге
Ешкі ана:
Жарайды құрбым
Асығып барамын
Супермаркетке
Лақтарыма базарлық аламын
Мысық ана (Жанель):
Иә, иә жеңілдік болып жатыр екен ғой.
Жарайды ертең кездескенше. Деп залдан шығып кетеді
(Қасқырлар залға қарай кедледі, қолында гитара бар)
Қасқырлар әндетеді:
Лақтарым, қарақтарым,
Балаларым – шұнақтарым
Базардан сыйлық әкелдім.
Аша қойыңдар есікті
Аналарың келіп қалды
Лақтар (Айлин): Сен біздің анамыз емессің, сен қасқырсың, домофоннан даусыңды танып қойдық.
Қасқыр: қалай ұялмайсыңдар
Аналарыңды неге танымадыңдар
Лақтар (Айбибі): Домофоннан саған тікелей айтып тұрмыз
Кетпесең полиция шақырамыз.
(полиция дауысы шығады)
Қасқырлар есік алдынан қашады
Қасқыр Алиасқар: Ой, полиция, қорыққанымнан дірілдеп кеттім ғой.
Қасқыр Үлкен адам: қорықпаңдар, неге қорқасыңдар. Сендер қасқырлар емессіңдер ме? Қане қасқырлар кеттік менімен бірге.
Қасқырлар( бірге): Біз оларға соғыс ашамыз.
(Барлығы бірге шеңбер болып айналып шығып кетеді)
(Залға тауықтар - 2тауық әуенмен кіреді)
Тақпақтарын айтады
Тауық Айсұлтан:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Тауық Б. Нұрислам:
Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін
Мәпелеген анамды
Қуантсам деп келемін
Қасқыр Ақылжан:
Мен сендерді жеймін
Қарным тойса деймін
Ән биіңді тоқтат
Мереке бітті деймін
(Тауықтар қашады, қасқыр соңынан қуады)
Екі тауық үйіне қашады,
Қасқыр, есігін ұрып тұрады: Қане, ашыңдар есікті деп айқайлады
(Тауық ана шығады)
Тауық ана (Маржан):
Қасқыр менің ауламда
Неге жүр аңдып үйімді
Балапандарымды алуға
Келеген боларсың сен тіпті деп ашуланады
Қасқыр Алиасқар:
Үіңді қарауылдап
Балаларыңды қорғап
Сендерді жүрміз ойлап
Тауық ана (Маржан):
Өз жолыңмен жүре ғой
Өз үйіңе бара ғой деп үйіне кіреді
Қасқыр кетіп бара жатып: Бізді ашуландырдыңдар - деп жұдырығын көрсетіп шығып кетеді.
Әуенмен билеп тиіндер шығады 4 - тиін
Тиін: Біз көңілді тиінбіз
Әсем біздің биіміз
Анамызға арналған
Суретті де көріңіз
Тиін Аяжан: Бар ынтамен, жігерменен
Түрлі түсті қаламменен
Салған едік әсем сурет
Анамызға үлкен құрмет
Тиін Лейла: Алдымен қызыл түсті
Қатты қатты басқанмын
Қызыл түстің үстінен
Күлгін түсті қосқанмын
Тиін Ақерке: Сары түстпен боядым
Жасылмен де боядым
Қарашы қандай әдемі
Себебі бұл - анамның суреті - деп аналарына тиіннің суретін апарып береді
Тиін анасы Амина: Рахмет, мен сендерді жақсы көремін деп шар сыйлайды.
Барлығы ән айтады.
Ән: « Мамочка» жеке
Тиін ана Амина:
Менің сүйкімді балаларым
Үйге тезірек кіріңдер
Тыныштықты сақтаңдар
Сыртқы ауламызда
Сұр қасқыр да жүр екен
Балалары аш екен
Қане үйге баралық
Мерекені тойлайық - деп асығып үйлеріне кіріп кетеді.
Сахнаға аралар шығады.
Тақпақтарын айтады.
Ара Ясина: Қанат қағып ұшамыз
Ән саламыз, билейміз
Ара деген сүп сүйкімді
Осындаймыз біліңіз.
Ара А. Раяна:
Уайымдама анашым
Қанат қақса балашың
Қауіптен де қорықпай
Сақ болады балашың
Ара Нұрымжан:
Мерекеде бүгінгі
Қуантамыз сіздерді
Қуан шаттан алақай
Қуанатын күн келді
Ара ана Айару:
Менің сүкімді балаларым
Самғап биік ұшсаңдар да
Қанаттарың талмасын
Сыртқы ауламызда
Сұр қасқыр да жүр екен
Балалары аш екен
Үйге тезірек баралық
Мерекені тойлайық - деп үйлеріне кіреді.
Ешкі ана: өлеңдетіп келеді
Лақтарым, қарақтарым,
Балаларым – шұнақтарым
Базардан сыйлық әкелдім.
Аша қойыңдар есікті
Лақтар орындарынан ұрады
Ешкі ана:
Қараңдаршы лақтарым
Мен әкелдім сендерге
Тәттілерді тосапты
Ертең болар жәрмеңке
Демалайық тездете - деп лақтар демалады (жарық өшеді музыка қосылады)
Жарық жанады
Лақ А. Нұрислам:
Зал ортасына шығып
Анашым сыртқа шықпа деседе,
Мен келемін көшеде.
Мысық шыға ғой гүл теріп қайтайық
Тиін досым келе ғой бізге сенде ере ғой
Тауық досым сенде кел,
Араларым ұша ғой
Біздермен гүл теруге - деп қол ұстасып залдан шығып кетеді.
Аналар ұйқыларынан оянып балалары жоқ екенін байқап
Ешкі ана: бұл қалай болғаны, балаларымыз қайда кетті екен, қасқырға жолығып қалмаса болар еді.
Ортаға қасқырлар келіп гүлдерді жерге шашады
Қасқыр Улкен адам:
Мына тұзақ сәтті болды.
Қарнымыз тоятын болды.
Гүлдерді жинап жатқанда
Ұстайық оларды бір - бірден деп тығылып отырады
Гүлдерге аралар келіп қонады.
Би: « Аралар»
Залға гүл теруге кеткен балалар шығады
Олар гүлдерін теріп болғанда қасқырлар шығады.
Қасқырлар Үлкен адам:
ұсталдындарма!
Гүлдерді тез алындар
Тек сендерде емес
Бүгін бізде де мереке!
Қолдарындағы гүлдерді тартып алады
Қасқыр ( қапты ашып ) Үлкен адам
келіндер мында бір - бірден
Жейміз сендерді күнімен
(Балалар жылайды)
Қасқыр Димаш: Бұл айқай, басымды ауырттыңдар. Жыламаңдар деймін.
(Балалар қатты жылайды)
Қасқыр Ақылжан: Доғарыңдаршы қане, қандай жылауық едіңдер. Аналарың қалай шыдайды?
Ой аналары қайдааа!
Барлығының аналары келеді.
Ешкі ана: Қасқыр сенің бұл жасағаның дұрыс емес.
Бүгінгі мерекенің шырқын бұздың.
Ғажайып сәт Көктем: Сәлеметсіңдер ме, бұл жерде не болып жатыр?
Қасқыр Үлкен адам: Кешіріңдерші бізді, біз енді олай жасамаймыз, сендермен дос боламыз.
Жүргізуші: Қасқыр аналар мерекесін бізбен бірге тойла, бұл күні барлығы бір бірімен дос болып, көңілді жүру керек.
Қасқыр Үлкен адам: Жарайды, мерекені тойлайық.
Жүргізуші: Ана деген – асылы ғой даланың
Ана деген – сағынышы баланың
Бұл өмірге қуанышпен нұр төккен,
Бас иеміз алдында біз Ананың!
Барлығымыз аналарға ән айтып берейік
Хор:
Ғажайып сәт Көктем: Ой жарайсыңдар балалар.
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап
Би билейміз бәріміз.
Балаларың биін қабыл алыңыздар
Би: «8 наурыз»
Қасқыр Үлкен адам: Балалар сендер маған дос блудың не екенін үйреттіңдер, мен сендермен ойнағым келеді, иенімен ойын ойнайсыңдар ма?
Балалар: Иә
Ойын: «Кім жылдам»
Жүргізуші: Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
 Ана деген – қуанышы көңілдің.
 Ана деген – әрбір үйдің жылуы,
  Ана деген – гүлі тұнған өмірдің – деп балалардың аналарына арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: « Қариясы бар үйдің, қазынасы» деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, балалардың әжелеріне деген ән шашуын қабыл алыңыздар.
Ән: жеке
Музыка қосылады залға рөл ұстаған балалар машина айдап келе жатқандай келеді.
Жүргізуші: Қайда асығып барасыңдар?
Балалар: Анамызды мерекемен құттықтауға
Би: «Джентельмендер»
Жүргізуші: Ой, жарайсыңдар,
Қасқыр: Ой балалар мен ормандағы достарымды мерекемен құттықтайын, сендерге рахмет, сау болыңдар.
Жүргізуші: Ана тұрса құшаққа алып баласын,
Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,
Қуанышқа кенеле бер, Анашым!
Балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
 - Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, «Бал бала» тобы балапандарының өздері дайындаған аналарына сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа
Аналар, әжелер, әпкелер мейрамдарыңыз құтты болсын. Сәбилеріңіздің күлкісі әрбір шаңыраққа қуаныш, бақыт әкелсін. Ана мен баланың мерейі үстем болсын!!! Осымен «Бал бала» тобы балаларының «Ана – өмір шуағы!» атты мерекелік ертеңгілігі аяқталды. Сау болыңыздар!

Қызылорда қаласы, №2 «НұрШұғыла» балабақша тәрбиешісі
Ахметова Перизат Дуйсенбековна
878
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жылдың әуендері сыңғырлайды
Жаңа жылдың әуендері сыңғырлайды
Балалардың қыс мезгілінің ерекшеліктері жайында білімдерін бекіту. Эстетикалық талғамын жетілдіру. Ертегілерге деген қызығушылығын ояту. Балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Тез, шапшаң қимыл - қозғалысын тәрбиелеу.
Жеті лақ
Жеті лақ
Жеті лақ Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады: - Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
Жеті лақ ертегісі
Жеті лақ ертегісі
Балалар, ертегімізді бастамас бұрын, мен сендерге бірнеше жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақты шешуге дайынсыңдар ма? Балалар: Ия, дайынбыз. Жүргізуші: I Басында екі таяғы бар. Төрт аяғы бар Адам деуге болмайды Сақалы тағы бар (ешкі)
Г әрпі және дыбысы
Г әрпі және дыбысы
Тақырыбы: «Г» әрпі және дыбысы
Достық үйі
Достық үйі
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Мақсат жекеменшік балабақша меңгерушісі Жакеева Алма Маратқызы
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×