Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Геометриялық пішіндер. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш

03 желтоқсан 2021, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным. Қатынас.
Ұ. О. Қ: Математика. Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың өздеріне таныс дөңгелек, шаршы, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір – бірінен ажыратып, атай білуге үйрету.
Дамытушылық: пішіндерді дұрыс ажыратуға, санауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: геометриялық пішіндер, Леопальд мысығы, тышқанның суреті, құлып, кілт, ірімшіктің суреті, теледидар.
Әдіс – тәсіл: түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмыс: шаршы, дөңгелек, үшбұрыш.
Қостілдік: мысық - кошка, кілт – ключ, тышқан – мышь.
Сабақ барысы: 1 Кіріспе.
Шаттық шеңбері: Ашық менің жүрегім.
Ылғи күліп жүремін.
Бірге ойнап бір жүрген
Достарым көп білемін.
2. Негізгі бөлім: Жұмбақ.
Туа сала мұрт өсірген мырза,
Пеш түбіне жатқаныңа ырза. \ мысық\
Балалар теледидардан Леопальд мультфильмін
көрейік. Ал енді осы мысыққа нелер зяин жасап
жүр екен. Ал сендер дос бола білесіңдер ме?
Леопальд мысық қандай екен? Осы мысықтың
үйшігі қандай пішіндерден жасалған екен? Олай
болса біз геометриялық пішіндермен танысамыз.
Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.
Ойын. Қонаққа барамыз.
Барысы: Қазір біз сиқырлы таяқшамен Леопальд
мысықтың пәтеріне барамыз.
Дидак ойын: Құлыптың кілтін тап.
Барысы: Леопальд мысық пәтерінде жоқ екен. Бірақ
кілтін қалдырып кетіпті. Осы құлыпқа сәйкес кілтті
табуымыз керек.
Дидак ойын: Шарлар мен текшелер.
Барысы: Балалар мына қорапта шарлар мен үшбұрыш
араласып кетіпті соны біз бөліп мына екі қорапқа
салуымыз керек.
3. Қорытынды. Сонымен Леопальд мысықтың үйшігі қандай
пішіннен тұрады екен? Лоепальд мысық нелер
кедергі жасады? Леопальд үйінде болды ма?
Геометриялық пішіндерді ата? Осымен оқу
қызметіміз аяқталды.
Күтілетін нәтиже:
1. Біледі: Екі топтағы заттарды салыстыруды.
2. Игереді: Санын атамай бір топтың затын екінші топтың затымен салыстыруды.
3. Меңгереді: Геометриялық пішіндерді бір – бірінен ажыратуды.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
Б. Момышұлы ауылы «Аягүл» бөбекжай-балабақша тәрбиешісі
Абдикерова Нурила Жамалбековна
2 248
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат
Барлық өткен геометриялық пішіндер, түстер туралы қайталау. Оларды бір - бірінен ажырата білуге, салыстыра білуге, айналасындағы заттар арасынан геометриялық пішіндерді таба білуге үйрету. Зейін қоюға, ыждағаттылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Пішіндер әлеміне саяхат
Пішіндер әлеміне саяхат
Пішіндер жайлы мағлұматтарын пысықтау. Геометриялық пішіндерді салыстырып және ажырата білуді одан әрі жалғастыру. «Жоғары», «төмен» ұғымдарын түсіндіру.
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Балаларға өздеріне таныс дөңгелек, шаршы және үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір бірінен ажырата білуге үйрету. Геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Семей қаласы, №38 мектеп - лицей Шағын орталық тәрбиешісі Нугуманова Айшолпан Ел – Амановна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×