Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Елін сүйген - Елбасы»

09 желтоқсан 2021, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Оқу қызметінің тақырыбы: «Елін сүйген - Елбасы».
Мақсаты:
- Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туралы мағлұмат беру.
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете, отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Елбасын құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, шарлар, Н. Ә. Назарбаевтың суреттері, қанатты сөздері.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
 
- Балалар бізде бүгін ерекше күн, өйткені бізге көптеген қонақтар келген екен. Қане барлығымыз шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасып алайық.
 Шаттық шеңбері
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»
Сәлемдестік сіздермен,
Құрметпенен «біз»!
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гмині орындалады)
- Балалар, сендер білесіңдер ме біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар:- Қазақстан Республикасы.
- Еліміздің Астанасы қай қала?
- Еліміздің Астанасы Нұрсұлтан қаласы, ол өте әдемі, әсем қала.
 - Тұңғыш президентіміз, Елбасымыз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
 - Ал, қазіргі президентіміз кім? (Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев)
ІІ. Негізгі бөлім
- Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін сүйген - Елбасы» деп аталады.
 - Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: - Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
- Осы тәуелсіз мемлекетте еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік?
 - Иә, ол өте ұзақ жылдар бойы ата - бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевқа бұйырған екен.
— Н. Ә. Назарбаев кім?
- Балалар, Назарбаев атамыз бірден президент болған жоқ. Өмір жолына тоқталайық. Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі - Назарбай, әкесінің есімі - Әбіш, анасының аты - Әлжан. Ұстаздары мен сыныптастарының естелігінде орыс - қазақ әндерін домбыраға, сырнайға қосып шырқауға, өлең жазып, ән шырқауға, спорттың түр - түріне бейім болды деп жазады. Мектепте озат, үлгілі оқушы болып, ата - анасын құрмет тұтқан. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті. Н. Ә. Назарбаев елімізді 28 жыл басқарды. Елбасымыз Отанымызды гүлдендіріп, туын көкке көтерген.
Сергіту сәті ( қимылмен )
Біз бақытты баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз!
 - Балалар, мыңдаған жылдардың тарихы бар біздің еліміздің рәміздері де бар. Олар елтаңба ту, гимн. Рәміздеріміз халқымыздың бірлігінің белгісін білдіреді. Мемлекетіміздің рәміздерін құрметтеу әрбір азаматтың міндеті.
 - Еліміздің рәміздерін кім атап береді?
 - Ту, елтаңба, әнұран.
- Әр мемлекеттің өз Гимні болады. Оны салтанатты жағдайларда, мемлекет басшылары бір - бірімен кездескенде, үлкен жиналыстарда орындайды. Гимнді орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз. Әнұранның авторлары: Ж. Нәжмеденов, Н. Назарбаев.
- Біздің еліміздің туының түсі қандай?
- Туымыз ашық, көгілдір түсті. Туды барлық жерге ілуге болмайды. Мемлекеттік маңызы бар жерлерде ілінеді. Тудың авторы Ш. Ниязбеков
- Елтаңбаның авторы кім?
- Жандарбек Мәлібекұлы. Елтаңбамызға еліміздің шаңырағы ешқашан шайқалмасын, әрдайым тыныштық болып, биік белестерден көріне берсін деген ниетпен ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтың екі жағында қанатты қос тұлпар бейнеленген. Елтаңбаға қанатты тұлпарды бейнелеу, сол құрметтің белгісі екен.
Жарайсыңдар балалар, олай болса елбасымызға арнап тақпақтарымызды айтайық.
Даниял: Алтын күннің астында,
Желбірейді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Ұлы менен қызымыз.
Амира: Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
- Еліміздің астанасы Елбасымыздың атауымен аталатын қала Нұрсұлтан қаласында өте көптеген биік - биік ғимараттар, әсем үйлер көп орналасқан. Солардың бірі Бәйтерек манументі. Қанекей балалар алдарыңдағы қағазда бейнеленген Бәйтерек монументін түрлі - түсті қаламдармен әсемдеп жіберейік. (балалардың жұмыстарын бағалау)
- Балалалар, барлығымыз өз жасаған жұмыстарымызды көрмеге қоялық.
Қортынды:
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы - білімді жастармен,- дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет - ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
Бауыржан Момышұлы ауылы,
N5 «Балдырған» балабақшасының
тәрбиеші Амирбаева Айман Жумакеримовна
717
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Елін сүйген – Елбасы
Елін сүйген – Елбасы
Балалардың өз Отаны туралы білімін кеңейту. Еліміздің Тұңғыш Президентін жас ұрпаққа таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымы мен өмір жолын үлгі етіп, балалардың ой – өрісін дамыту. Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×