Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Сюжетті-рөлді ойын арқылы балалардың тілін дамыту»

11 мам 2023, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ
Тәжірибе тақырыбы: «Сюжетті-рөлді ойын арқылы балалардың тілін дамыту»
Тәжірибе авторы:  Болманова Асем Тлеугабуловна 
Педагогикалық өтілі: 8 жыл
Тәжірибенің жұмыс істеу ұзақтығы. 3 этаптан тұрады:
Жұмыс тәжірибесі бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
I кезең – бастапқы – теориялық кезең-2021 ж қыркүйек
ІІ негізгі кезең – тәжірибелік кезең-2022 ж қыркүйек 
ІІІ кезең – қорытынды – бағалау кезеңі-2023 ж қыркүйек
І.Тарау
ТӘЖІРИБЕ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Мақсаты: Бала қабілетінің қырларын жан-жақты дамыту. Ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту. Еңбек дене тәрбиесін жетілдіру, Оның өмірге көз қарасын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Міндеттері: баланың қызығушылығын туғызып, сезімін ояту. Сонымен қатар өзара сыйластық, қамқорлық, жанашырлық, мейрбандық, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Ойындардың арқасында балалар өз істеріне баға бере білуге, өзінің сезімін және сонымен қатар жаныңдағы адамдардың табиғи болмысымен қабылдап, ықылас таныта білуге үйретеді.
Тәжірибе өзектілігі
Ойын балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезіңде балалардың достық сезімінің оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін балабқшада тиімді пайдалана білу әдіскердің меңгеріп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
ІІ тарау.
ТӘЖІРИБЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Ойын – мектепке дейінгі жастағы балалардың ең сүйіктісі де, табиғи, балаға ғана тән қызымет түрі болып табылады.  Ойын баланың балабақшада болған уақытының барлық көлемін қамтиды. Ойын кезінде бала өзі туралы, достары туралы, жалпы қоғам туралы түсінік алады, мәлімет толықтырады. Мектепке дейінгі балалық шақ – баланың дамуындағы мүлде айрықша кезен болып табылады. Дәл осы 3-6 жаста ішкі психикалық өмір және жүріс-тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті жүріс-тұрыста,ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым-қатынаста танылады.
         Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында барлығы шартты, барлығы «әзіл сияқты». Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шың мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру қуыршақты «емдей» алады, ал шын мәнінде бұл мамандық бала үшін шынайылықтан алшақ жатыр; шын өмірде бала болмаған түрлі оқиғаларға енеді; өзін-өзі ойдағыдай  таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан бастан кешіп жатады.                                                                            
   Барлық топтарда да ойын орталықтары ойыншықтармен  толық қамтамасыз етілген, ол жерде бала қалауы бойынша  әртүрлі ойын ұйымдастырылады. Әр топ баларының жас ерекшелігіне, баланың интелектуалды даму деңгейіне  байланысты топ тәрбиешісі ойын сюжетінің тақырыбы мен деңгейін нақты аңықтап алады. Мысалы:кіші топтарда «Дүкенде», «Дәрігер қарауында» «Шешесі мен қызы», «Гаражда», «Тіс дәрігерінде», т/б ойын түрлері өткізіледі.
   Қазіргі заманның психологиялық-педогогикалық зерттеулерде сюжетті ойын-адамның кез келген іс-әрекеті сияқты-балада өз бетімен пайда болмайды,
оны меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген. Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің  ең  қарапайым түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде-әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін. Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асырылуы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің  және 2-3 құрдас серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыруы тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс.
Балаларды ойынға тартып,олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі бір түрде құрылған сюжетті «тірідей» ойын процесінде балаларды қызықтыратын тақырыпқа сүйеніп, еркін өрістетуге үйрету керек. Адам іс-әрекетінің ерекше түрінің бірі-ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде ойын-өнер мен көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіріледі.Ойында шындықтың көрінісі оның образды сәулесі қылаң береді. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады.
Балалар ойын барысында:
1. Өзін еркін сезінеді.
2. Ізденімпаздық тапқырлық   әрекет байқатады.
3. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Педогогика бала ойынына ерекше мән беріледі. Өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат-мудесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы түсінігіне әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы қарым-қатынас барысында:
1) Адамдардың іс-әрекеттерінің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді.
2) Жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады.
3) Бір-біріне  көмектесе біледі, жанашырлық сезімі  оянады, қамқорлық жасай біледі.
4) Кешірімді болуға, өзгені  ренжітпеуге тырысады.

Тәжірибенің толық нұсқасын жүктеу​​​
1 567
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Міндеттері: 1.Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру; 2.Сөздік қорын байыту, дүниетанымын дамыту;
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге үйрету, тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сұлулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау,
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы
Мектептің даярлық сыныптарында жүргізілетін «Ертегілер елінде» арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтарының атқаратын рөлі зор.
Сюжетті - рөлдік ойындарды модельдеу әдістемелік құралы
Сюжетті - рөлдік ойындарды модельдеу әдістемелік құралы
Осы әдістемелік құрал мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдардың тәрбиешілеріне, педагогикалық жоғарғы оқу орындарының, колледждерінің студенттеріне арналған, 3 - 5 жастағы балалардың сюжетті - рөлдік ойындарын кешенді басқаруды модельдеу
Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі
Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету.
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Ибраева К. М. қазақ тілі мұғалімі «Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×