Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сазды сырлы аспаптар

21 шілде 2023, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Балабақша. Тәрбие сағат: Сазды сырлы аспаптар
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Білім беру бөлімі: «Музыка»
Тақырыбы: «Сазды сырлы аспаптар»
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру және олардың дауысын ажырата білуге дағдыландыру. Балаларға аспап әуенін тыңдата отырып есте сақтау, есту қабілеттерін дамыту. Құрал - жабдықтар: домбыра, қобыз, жетіген аспаптары, үн таспа, аспап суреттері. Сөздік жұмыс: Ішек - струны, тиек - защелка, қобыз - кобыз, ысқыш - смечок т. б. Әдіс тәсіл: Сұрақ - жауап, қимыл дауыс жаттығуы, ой қозғау стратегиясы. Көңілді әуенмен балалар ішке кіреді, үш қатарға тұрады. 
Сә - ле - мет - сің - дер - ме!(жетекші шапалақ ұрады)
Сә - ле - мет - сіз - бе!(балалар шапалақ ұрады) Жетекші шаттық шеңберін құрғызып, «Марш» (Е. Андосов) әуеніне ілесіп аяқты нық басып, тізбектеліп шеңбер бойымен жеңіл жаттығулар жасатады. Орындарына отырғызады. Жетекші: Балалар бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Сазды сырлы аспаптар». Ал енді біз аспаптар туралы әңгімелесейік. 
Айтыңдаршы аспап дегеніміз не? 
1 - бала. Ол домбыра 
2 - бала. Асатаяқ 
3 - бала. Шаңқобыз 
Жетекші: Өте дұрыс. Аспап дегеніміз - ол зат. Ол затты біз тартамыз, бірге өлең айтамыз. Қазір мен сендерге жұмбақ жасырайын. Дауысы бар үні жоқ Шертсең күйі әні көп Құлағын аз бұра. Бұл не? Балалар: Домбыра Жетекші: Ия жарайсыңдар «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»дейміз. Аспапқа келсек бұрынғы заманда ата - бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, ішегінен, сүйегінен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып аспаптар жасаған. 
Қане қандай аспаптарды білеміз? 
1 - бала: Домбыра 
2 - бала: Қобыз 
3 - бала: Жетіген 
4 - бала: Сыбызғы 
Жетекші: Жарайсыңдар өткен сабақтардан біраз аспаптарды біледі екенбіз. Енді суреттен кім біледі екен? (Аспап суреттерін көрсетеді) 
1 - бала: Асатаяқ 
2 - бала: Дауылпаз 
3 - бала: Домбыра 
4 - бала: Жетіген 
Жетекші: Жарайсыңдар ал енді сол аспаптың дауысын ажыратыңдаршы. Жетекші үнтаспадан домбыра, қобыз аспаптарының дауысын қояды. Балалар барлығы тауып бірге жауап береді. Ән тыңдау: «Қос алқа»(Дәулеткерейдің күйі) Әуенді қойып балалардың көзін жұмып тыңдауды ұсынады. Жетекші: Көздеріңе не елестеді? 
1 - бала: Домбыра тарттым. 
2 - бала: Ат шабысын 
Жетекші: Негізі бұл күйдің аты «Қос алқа» Дәулеткерей деген атамыз (суретін көрсетіп) Ақбала деген қызды суреттеген,- деп күй туралы мағлұмат береді. Жетекші: Балалар аспаптар ұрмалы(дауылпаз), үрмелі (сазсырнай), ыспалы(қобыз) болып бөлінеді екен. Соның ішіндегі қобыз ыспалы аспапқа жататын себебі оны ысқышпен ысып ойнайды. Мен сендерге қобыз аспабында «Қараторғай»деген шығарманы тартып берейін. 
Жетекші: Ал балалар сендерге ұнады ма? Балалар: Ия! Дауыс жаттығуы:(Сергіту сәті) Дағы - дағы - дың - дың Домбырада ойнаймыз Ішектерді қағамыз Пернелерді табамыз Домбыраны қолға алып Күйшілерше шертейік Бишілерше бұралып Дөңгелене билейік Ойын: «Аспапта ойнаймын».
Шарты: Әр баланың қолында бір - бір аспаптың суреттері болады, сол аспапты қимылмен ойнап балаларға көрсетеді. Бұл жерде «Ой қозғау» стратегиясын пайдаланады. Жетекші: Бүгін біз түрлі аспаптарды білдік. Сол аспаптардың барлығын жинап ойнасақ қалай атаймыз? Балалар: ОРКЕСТР! Қимыл - дауыс жаттығуы: Ән «Оркестр» Балалар әуенге ілесе әр түрлі аспаптардың ойнау тәсілін көрсетіп, ән айтады. Қорытындылау: - Ал балалар бүгін не туралы сабақ өттік? - Аспаптар. – 
Жарайсыңдар, қандай аспаптар? - Домбыра, қобыз, жетіген. - Өте керемет, ал бүгінгі сабақ ұнады ма? - Ия! Жетекші жеке - жеке мадақтап ер балаларға ойларың жүйрік болсын деп асық таратады. Ал қыздарға жүзіктей әдемі болсын деп жүзік таратады. - Жарайсыңдар! Сендер барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. Рахмет балалар! Қош сау болыңдар. Балалар көңілді әуенмен қоштасып шығып кетеді.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы,
адами әлеуетті дамыту бөлімінің Бәйтерек бөбекжайы МКҚК
Ән жетекшісі: Абжанова Жанар Бахтыбаевна
537
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ұлттық аспаптары. Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс
Қазақтың ұлттық аспаптары. Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс
Балалардың қазақтың ұлттық аспаптарына деген қызығушылығын дамыту. Балалардың ұлттық аспаптарға деген қызығушылығы арқылы патриоттық сезімін ояту, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру. Ұлттық аспаптар туралы түсінігін кеңейту.
Киелі аспап
Киелі аспап
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының аспабы қылқобыз жайлы әңгімелеу, қылқобыз аспабымен танысу. Білімділік: Аспаптың шығу тарихымен танысу
Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптар
Қостанай облысы, Рудный қаласы, «№1 Қашар орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғаниева Мәдина Жаппарқызы
Ұлттық музыкалық аспап
Ұлттық музыкалық аспап
«Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі Тынысбаева Айнаш Ажигалиевна
Көне аспаптар сыр шертеді-қобыз бен скрипка
Көне аспаптар сыр шертеді-қобыз бен скрипка
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №9жалпы орта білім беретін мектептің музыка пәні мұғалімі Утегенова Гульшат Жумакшамовна
Сазды аспаптар сыры
Сазды аспаптар сыры
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық мектеп – бақшасының музыка пәні мұғалімі Тулепова Гулайна Жаркынбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×