Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көне аспаптар сыр шертеді-қобыз бен скрипка

15 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Көне аспаптар сыр шертеді - қобыз бен скрипка.
Мақсаты
Білімділік:
Сезімділік, музыканы толғаныспен қабылдау, оны түсіну, шығарманың көркемділігін қабылдау, оны түсіну, музыкалық шығарманы тұтас қабылдау., ән айту, музыка тыңдау, қимыл - ырғақ, сурет салу, ойындар өткізу, оқушыларды музыка өнеріне баулу.
Дамытушылық: Ой қозғау, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге,
рухани - танымдық кеңістіктерін молайтуға көмектесу.
Көрнекілігі: Суреттер, музыкалық аспаптар, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Дамыта отырып оқыту, ойын оқыту технологиясы. Топтастыру.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүние тану, математика, өзін - өзі тану, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1) ұйымдастыру кезеңі; Балалармен амандасып, олардың сабаққа қатысын тексеру.
2) үй тапсырмаларын тексеру;
Үрмелі аспаптар, ұрмалы аспаптар, ішекті аспаптар.
Сұрақ жауап: Ең алғашқы адамдар ойлап тапқан аспаптар қалай аталады?
Адамдар ол аспаптарды не үшін пайдаланды?
Ұрмалы аспаптарды ата.
Үріп ойнайтын аспаптарды ата.
Сыбызғыны қалай ойлап тапқан?
Балаларға арнап қандай музыка аспаптарын жасаған?
Дыбысын аңшылар ғана естіген аспап.
Бұл қандай аспап?- тыңдап, аспаптарды ажырату.
Тыңдау. Қобыздың, сыбызғының, дауылпаздың дыбыстары естіледі.

«Ұйқасын тап» ойыны
 Менің ағам Сансызбай,
 Жасады маған.......... /Сазсырнай/
 Жылаған соң інімді аяп,
 Жасап бердім.........../Асатаяқ/
 Тоныма орап кетіп ем
 Бүлінбепті............. /Жетіген/
3) Жаңа материалды меңгерту.
Көне аспаптар сыр шертеді - қобыз бен скрипка.
«Бұл қандай аспап» ойыны.
Тақтаға бір оқушы шақырылады. Аспаптың суреті отырған балаларға ғана көрсетіледі. Олар аспапты сипаттайды. Тақтадағы оқушы аспапты дәл табуы керек.
Ең соңғы екі аспап қобыз бен скрипка.
Қобыз бен скрипка аспабы – бір - біріне ұқсас аспаптар.
Қобыз ағаштан жасалды.
Ысқышпен ойналады.
Қобыздың атасы Қорқыт ата.
Скрипка қобыз аспабынан кейін Еуропада дүниеге келді. Үні нәзік, әсем сазды. Оны “музыкалық аспаптардың патшайымы” деп атайды. Оны ертеректе тізеге қойып орындаған. Дегенмен, сауықшыл Еуропалықтар билегенді ұнататын. Сөйтіп оны енді иыққа қойып ойнай отырып билеп те үлгерген екен. Содан бері оны скрипканы иыққа қойып ойнайды.
«Табиғат құбылыстары»- ойыны
Мұғалім: « Жай жаңбыр»
Балалар: Саусақтың ұшымен жай тырсылдатады.
Мұғалім: « Қатты жаңбыр»
Балалар: Саусақтың ұшымен тез тырсылдатады.
Мұғалім: «Жел тұрды»
Балалар: Ысылдайды (желдің дыбысын салады)
Мұғалім: «Боран соқты»
Балалар: Гуілдейді
Мұғалім: «Қар жауып кетті»
Балалар: Қол шапалақтайды.

Қыс туралы әңгіме айтылады.
Дауыс жаттығулары
1. Гамма до мажор
2. Ми - и - и - и - а.
Жай бастап, дыбысты күшейтіп, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
Төрле, төрле, жаңа жыл!
Әні: Д. Көзмағанбетов
Сөзі: Е. Абдулла
Аппақ қылып даланы,
Аппақ қылып қаланы.
Қуандырып баланы,
Төрле, төрле, жаңа жыл!
Күлкі әкеліп өренге,
Қуанышты бар елге.
Шаттық шашып әлемге,
Төрле, төрле, жаңа жыл!
4. Сабақты қорыту.
1. Қобызға ұқсайды.
2. Еуропалық аспап.
3. Оны иыққа қойып ойнайды.
4. Біз білетін 5 түрлі ішекті аспапты ата.
5. Бұл қандай аспап? Аспаптар көрсетіледі.
Қобыз, скрипка, дауылпаз, сыбызғы. т. б
5) үйге тапсырма; 41 - 43 бет түсінік, әнді жаттау.
6) қорытындылау, бағалау
10 497
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Оркестр
Оркестр
Оркестр - музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы және оны басқаратын дирижер болады. Музыкалық шығармалардың түріне қарай симфониялық оркестр, ішекті аспаптар оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі, эстрада
Киелі аспап
Киелі аспап
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының аспабы қылқобыз жайлы әңгімелеу, қылқобыз аспабымен танысу. Білімділік: Аспаптың шығу тарихымен танысу
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан – ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.
Музыкалық аспаптар
Музыкалық аспаптар
Қостанай облысы, Рудный қаласы, «№1 Қашар орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғаниева Мәдина Жаппарқызы
Ұлттық музыкалық аспап
Ұлттық музыкалық аспап
«Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі Тынысбаева Айнаш Ажигалиевна
Өзбек музыка өнері
Өзбек музыка өнері
ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы Васильковка негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі Абильимажинов Нариман Талгатович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×