Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойыншықтың маңызы, ойынның балаға тигізер пайдасы

23 қараша 2023, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ойыншықтың маңызы, ойынның балаға тигізер пайдасы...
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы жаңартылған білім мазммұны бойынша бағытталған ойын тәсілдері балаларға басқалардың пікірімен санасуды, ойын нәтижесін болжауды, мақсатқа жету жолдарын айқындауды үйретеді. Ондағы жүргізілген әдіс - тәсілдер балаларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, жан - жақты болуға баулиды.

Оқу қызметімде күнделікті тәрбиешінің не істейтініне емес, тәрбиеленушімнің немен айналысатынын басты назарда ұстау керектігін білдім. Мен үшін ең ұтымды әрі нәтижелі болатыны - ос тұс. Бұл ойындарды қолдану мақсатым балалардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп, жағымды ортада жаңа ресурстарды пайдалану керегін түсіндім. Бала уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу керек. Әр баланы бақылау арқылы сұрақтар қоюмен сөздік қорын дамытып, өз ойын ашық айта алатындай жағдай жасап, ұжымдық жұмыс жасауға үйрету. Ойын арқылы балалар тиімді кері байланыс жасап үйренеді, сөздік қоры молаяды, баланың қабілеті ашылады, жас ерекшелігіне сай дағдылары қалыптасады. Тәрбиелеу мен оқытуға арналған ойындар бірнеше топқа бөлінеді. Олардың әр қайсысының бала өмірінен алатын рөлі ерекше деп айтар едім. Бала ойнау арқылы өседі, дамиды, қалыптасады, ойлайды, армандайды, мақсатына жетеді! Бала Ойнау барысында топтасып командамен жұмыс жасауды үйренеді, бір - бірімен байланыс жасайды, еркін әңгімелеседі, ұқыпты болуға, ептілікке үйренеді, шаруаға қолдары икемделеді, ойлау қабілеті жақсарады, ойын арасында бір - біріне көмектесе де біледі, достық қарым - қатынас жасай алады, қысқасы жан - жақты дамиды. Есте сақтау қабілетін жақсартатын да керемет ойындар бар.

Сәбидің дүниетанымының бай дамуына әсер ететін бірден - бір фактор - ол ойыншық! Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық таңдау баланың ең қызықты, ең маңызды ісі. Тек бала ойыншықты қалай таңдауына байланысты. Әр баланың өз ойыншықтары болуы тиіс. Бұл болашақта да бала өз жеке дүниесіне ие болуға, қолы жеткен әрбір жетістігін жете бағалауына да әсер етеді. Ойыншық баланы жан - жақты тәрбиелеу мақсатында пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтеді. Балалардың қиялын дамытып, еңбек сүйгіштігін, техникағағ түрлі кәсіппен айналысуға, белгілі бір мамандықтарға қызығушылығын арттырады, білуге құмарлығын қалыптастарады. Ойыншықпен ойнау кезінде баланың мінез - құлқын, психикасын анық көруге болады.

Қазіргі таңда смарт телефонға тәуелді болған қиялы ұшқыр жас ұрпақтың сол алақандай экраннан шыға алмай қалған сана сезімін ескерсек, қазіргі көп диагноздардың қайдан пайда болып жатырғанын түсінер едік. Бала еркін ойнап, еркін ойлап, емін - еркін өсу үшін біз үлкендер жағдай жасауымыз керек! Ойымды қорытындылайтын болсам – зерек бөбектердің зейінін ашып, білімді ұрпақ, білікті маман даярлау - әр қайсымыздың адамдық борышымыз. Осы жолда аянбай еңбек етіп, әр түлегімнің жеңісті күндеріне куә болып, ұшырған қырандарымның қалықтағанын, сол еңбегімнің жемісін көрсем нұр үстіне нұр емес пе...?

Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы,
Жыңғылды ауылы,
«Ұлан» бөбекжайының тәрбиешісі
Шәмбілева Анар Абайдуллақызы.
1 250
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі
Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі
Грузин педагогы Ш. А. Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді.
Аутизмі бар балаға математикалық дидактикалық ойынды қолданудың әдіс - тәсілдері
Аутизмі бар балаға математикалық дидактикалық ойынды қолданудың әдіс - тәсілдері
Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, әлеуметтік ортамен қарым - қатынастың жоқтығын білдіреді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін дамыту
Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойын түрлері көп, соның ішінде маңызы – дидактикалық ойын. Дидактикалық ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады:
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Мектепалды даярлық топтарында инновациялық технологияларды қолдану
Мектепалды даярлық топтарында инновациялық технологияларды қолдану
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жаңатаң орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абшекенова Асем Рысбаевна
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Ибраева К. М. қазақ тілі мұғалімі «Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×