Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мейірімді қой

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Жапсыру
Мақсаты: Балаларды төрт түлік малдың төлдерімен таныстыра отырып, олардың әрқайсысының орны, адамға тигізер пайдасы, ерекшеліктері жөніндегі білімдерін кеңейту. Ертегіні мұқият, зейін қойып тыңдауға үйрету.
Жапсыру іскерліктерін, көркемдік талғамдарын қалыптастыру.
Балалардың ой - қиялын, шығармашылық қабілеттерін, тілін дамыту. Қамқорлыққа, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке, ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, ертегі айту, ойын, сұрақ - жауап, сергіту, бағалау, мадақтау.
Көрнекілігі: Төрт түлік малдың төлдері, қора, суреттер, жапсыруға қажетті заттар.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту, құрастыру.

- Балалар, күн бізге нұрын шашып тұр екен. Қане, бәріміз амандасып алайықшы!
- Амансың ба, алтын күн!
- Амансың ба, көк аспан!
- Амансыңдар ма, достарым!
- Сендерді көрсем қуанам!
- Балалар, сендер көп ертегі білесіңдер. Білетін ертегілеріңді атап беріңдерші.
- «Шалқан»,»Бауырсақ», Үйшік».
- Жануарлар туралы қандай ертегі білесіңдер?
- «Жыл басына таласқан хайуанаттар»,»Төлдер жыры».
- Жарайсыңдар, бүгін мен сендерге «Төлдер айтысы» деген ертегіні айтып беремін.
(Ертегіде ондағы қозының анасын іздеп жүргені туралы айтылады)

- Балалар, қозыға анасын табуға көмектесеміз бе?
- Ия, көмектесеміз.
- Қозының анасын не деп атаймыз?
- Қой деп атаймыз.
- Ол қалай дыбыстайды?
- Мә - мә
- Ия, біз бүгін жапсыру оқу іс - әрекетінде қозыға анасы қойды жасап береміз бе?
- Ия, жасап береміз.
- Қойдың басы қандай пішінге ұқсайды?
- Кішкентай сопақшаға ұқсайды.
- Ал денесі ше?
- Үлкен сопақшаға ұқсайды.
- Ал, аяқтары қандай пішінге ұқсайды?
- Тік төртбұрышқа ұқсайды.
- Балалар, мен сендерге дайын қойдың үлгісін алып келдім, бірақ оған бірнәрсе жетіспей тұр. Ол не екенін кім айтады?
- Үстінде жүні жоқ, аяғы жоқ.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше, біз қойдың үстіне жүн жапсырып, аяғын қыстырғышпен жасаймыз. Жұмысқа кіріспес бұрын бойымызды сергітіп алайықшы.

Сергіту жаттығуы:
Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың?
(Балаларға қойдың жасалу әдісін көрсету, жеке жұмыстар жүргізу)
- Балалар, қойлар қайда тұрады?
- Қорада тұрады.
- Ендеше, жасаған қойларымызды қораға әкеліп қамайықшы.
(Балалар жасаған жұмыстарын қоршалған қораға әкеліп қояды)
- Жасаған қойларымыздың ішінен қозының түсіне ұқсас қой бар ма екен, қарайықшы. Ендеше, ақ түсті қойымыз осы қозының анасы болсын. Қозы сендерге анасын тауып бергендеріңе риза болып тұр. Сендердің бәріңнің жасаған қойларың өте әдемі болыпты. Осы төлдер туралы тақпақ білеміз бе?
(Балалар тақпақ айтады)

Дидактикалық ойын: «Дауысына қарай ажырат»
Сиқырлы кітапшадан үй жануарларының дауысы шығады. Балалар оларды ажыратып, өздері қайталап салады.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу іс - әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар!
Күтілетін нәтиже: Білуі: Үй жануарларының төлдерін ажыратып, адамға тигізер пайдасын білу.
Меңгеруі: Сұраққа толық жауап беру, жапсыру, жасалу әдісін меңгеру.
Жасай алуы: Өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс жасау
5 863
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерін ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Алтын қақпа ойыны
Алтын қақпа ойыны
Оқушылардың төрт түлік мал туралы білгендерін бір жүйеге келтіріп, толықтыру. Олардың адам баласына тигізер пайдасы туралы айту.
Үй жануарлары мен төлдері
Үй жануарлары мен төлдері
Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, айқынды зейін қойып тыңдауға үйрету Төрт түлік малдың пайдасын айта отырып, оларды қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Ол үшін біз «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік. Қане балалар, 6 санының көршілерін кім атап береді?
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын бекіту. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау қаласы, Талғайраң селосы, Талғайраң негізгі мектебі Шағын орталық тобы тәрбиешісі Елеусинова Бибігүл Қанатбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×