Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б. Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар

06 қараша 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың атауы: Б. Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар
Мақсаты: Балаларды еңбекке баулу, қызығушылықтарын арттыру. Жыл мезгілдері туралы түсінік беру, әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Көрнекіліктер: суреттер, қыс мезгілі.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету.

+Психологиялық ахуал
Бір топ бала сырғанап,
Барады әне, жарысып.
Қалды артында қыр алап,
Іздерінен қар ұшып.

Қыс келді. Далада қар жауып тұр. Күн суық, аяз. Ағаштардың бұталарын қырау басқан. Біреуі коньки теуіп, ал, кейбіреулері жотадан төмен қарай шанамен сырғанап келеді. Балалардың бәрі көңілді, жүздерінен шаттық нұры ойнайды. Асқар мен Елдос жалғыз аяқ жолға түсіп шаңғыларымен мектепке келе жатты. Кенет долы боран басталды.. Екеуі мектепке қарай жүгіре жөнелді. Сол кезде жаңғырған дауыс естіледі. Балалар дауыс шыққан жаққа қарай жүгірді. Бұлар жаурап жылап отырған Мұрат екен. Ол коньки теуіп жүрген балардан қалып қойыпты. Асқар мен Елдос Мұратты үйіне әкеліп тастады.
Алдымда мұз айдын
Көрінер алыстан.
Асыққан балалар
Желменен жарысқан.
Аппақ қар айнала
Көңілді балалар.
Сырғанақ ойнаймыз
Зулайды шаналар.
- Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сұрақ - жауап.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар, алғаш сабаққа келген күндеріңді естеріңе түсіріңдер. Сонда сендер қалай киініп келдіңдер?
- Ал қазір қалай киініп жүрсіңдер?
- Қыс несімен қызық?
- Қыста біз не жасаймыз?
Қыс.
Шыңнан сырғып түсті де,
Келді етекке қыс, міне.

Сергіту сәті
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс)

Ой толғаныс
Дидактикалық ойын.
"Қар жинау"
- Сабақтың соңында балаларға қыс туралы өлең оқып беру.
"Сырғанақ" Б. Жақып.
Б. Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар. жүктеу
2 845
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шана. Қыс қызығы
Шана. Қыс қызығы
Қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.
Армысың, қар ұшқыны!
Армысың, қар ұшқыны!
Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы ақыл - ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қыс келді
Қыс келді
Қыс мезгілі туралы мағлұмат беру. Жыл мезгілдері жайлы білімдерін толықтыру. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру.
Қыс – ғажайып мезгіл
Қыс – ғажайып мезгіл
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Шежін орта мектеп - балабақшасы мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Айжарикова Гульбану Талаповна
Көкөністер
Көкөністер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі Садыкова Жадыра
Қыста қызық жұмыс
Қыста қызық жұмыс
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×