Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алма

07 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Бейнелеу
Тақырыбы: «Алма»
Мақсаты: Балалардың тақырыпқа сәйкес түстерді таңдап ала білуін бекіту. Алма пішінін дұрыс бейнелей білуін, қылқаламмен жұмыс істей білу техникасын меңгерту.
Керекті құралдар: Қағаз, бояулар құйылған құтылар, қылқаламдар, салфеткалар.
Тәрбиеші балалардың зейінін өзіне аударып, бүгінгі сабақта қылқаламмен жұмыс істейтінін ескертеді. Ненің суретін салатынымызды өздерің табасыңдар. Мен екі жол өлең оқимын, кім зейін қойып тыңдаса, сол бала не салатынымызды жылдам табады.

Жұмбақ
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Жеген жанды таңырқатты.
(Алма)
Мен алмамын, алмамын,
Таңдайға татыр бар дәмім.

Алманың муляжын көрсетіп, балалардан алма туралы сұрау.
Алма аулаларыңда өсе ме?
Алманың түсі қандай?
Пішіні неге ұқсайды? - деген сұрақтарға жауап алады.
Онан соң плакаттағы үлгіні көрсетіп, ауада алманың суретін салып көрсетеді. Алманың қағаздың ортасына салынуына балалардың назарын аударады. Салынған суретті үлгімен қатар қойып салыстырады.
Балалар қылқаламмен ауада салады. Онан соң әр баланың жеке-жеке салуын қадағалайды. Әрбір баланың қылқаламмен, бояумен жұмыс істеуін бақылап, көмек береді.
Өз беттерімен жұмыс біткен соң, тәрбиеші балалармен «Кәрзеңке» немесе «Алма жинау» ойынын ұйымдастырады. Піскен, үлкен, дәмді, әдемі алмаларды жинап, кәрзеңкеге салады. Ол кім жасаған алма және қалай жасалғаны жөнінде балалармен талдау жасайды.
Сабақ соңында тәрбиеші Ә. Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңін мәнерлеп оқып береді.

Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді,
Не деп барып жеу керек?
Рақмет! Деп жеу керек.

«Жеміс дүкені» ойыны
Дидактикалық тапсырма. Көрнекіліктер немесе карталар. Құлпынай, қияр, сәбіз, алма, алмұрт, сары өрік, қарақат, жүзім, қызанақ т. б. осылардың анық көрінетін, қанық боялған суретін 10*10 см картаға жапсырамыз. Барлығы да балаларға таныс, анық болуы керек.
Сөздік жұмыс: алма – қызыл, қияр – жасыл, құлпынай – қызыл, алмұрт – сары, т. б. бірдей, ұқсас, үлкен - кіші.

Балалар, жүріңдер, бүгін де дүкен аралайық. Жеміс дүкені қызықты болады (тәрбиеші балаларға карточкаларды үлестіреді).
Суретін көрмесек, жеміс алу қиын, алдымен жемісті суретіне қарап, таңдап алу керек, содан кейін кассир апайдың сұрақтарына жауап беру керек. Соңында рақмет айтуды ұмытпаңдар.
Кассир сауда жасай отырып, пішінін, түр - түсін, қалай жейтінін сұрап, басқа да сұрақтар қояды.
Бұл не?
Қияр.
Дұрыс.
Ал, Азамат сенің қолыңдағы не?
Құлпынай. Балалар керекті жемістерін таңдап алғаннан кейін топтала тұрып, кім не алғандарын хормен айтады. Мысалы:
Салтанат не алыпты?
Қара өрік, өріктің түсі қара. Болат алма алыпты, түсі қызыл. Т. б.
12 200
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логикалық олимпиада
Логикалық олимпиада
Ойлаған санға 15 - ті және 10 - ды қосты. Содан соң 5 - ті азайтты, тағы 10 - ды азайтқанда 20 шықты. Бастапқы санды тап.
Себеттегі алма
Себеттегі алма
Балаларды бір - бірін қалқалап тұрған заттардың суретін дұрыс бере білуге және дәстүрден тыс жолдармен орындауға үйрету; саусақпен алмалардың суретін салу. Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.
Жомарт күздің жемістері
Жомарт күздің жемістері
Балаларға күзгі табиғат ерекшеліктері туралы түсінік беру, жемістер туралы білімдерін кеңейту ойынға деген қызығушылығын арттыру. Балалардың іскерлігін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, дамыту танымдылық белсенділіктерін, өз ойын анық, нақты жүйелі
А дыбысы мен әрпі
А дыбысы мен әрпі
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Донской орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аубакир Күмісай
Себеттегі алма
Себеттегі алма
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Утегенова Рада Изгабдиевна
Алма ағаш
Алма ағаш
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, 12 балабақша тәрбиешісі: Сартаева Жарқынай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×