Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілді тапқырлар сайысы

03 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: "Көңілді тапқырлар сайысы"

Мақсаты: Жыл бойғы алған білімдерін бекіту. Тапсырмаларды тиянақты орындауға жетілдіру. Балалардың логикалық ойлауларын дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа еңбек ете білуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбер: "Көктем мезгілі маған ұнайды, Себебі..."деп көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтады.
Торғай: Сәлеметсіңдер ме балалар сендер бізге көмектесіңдерші. Мына шелектегі бидайды бөлісе алмай жатырмыз.
Түлкі: Мен бидайды көбірек алуым керек себебі мен аспанды тіреп ұстап тұрдым.
Торғай: Жоқ – жоқ, ең ауыр жұмысты мен жасадым. Егіз жегіп, астық басып еңбек еттім.
Түлкі: Менің атқарған жұмысым астық басқаннан әлде қайда ауыр.
Торғай: Ал, мына түлкі бидайдың бәрін өзі алғысы келеді.
- Жарайды түлкі, торғай сендер таласпаңдар біз сендерге көмектесеміз.

1 - команда: "Алғырлар"
Дайын біздің команда, шығыңдар кәне жарысқа.
Кімдер епті, кім алғыр, озып шығар сайыста.

2 - команда: "Тапқырлар"
Шетімізден тапқырмыз, біз команда құраймыз.
Не үйрендік, не білдік, сайыста жеңіп шығамыз.
Ұяшықтарды таңдау. Әрбір ұяшықта сандар белгіленген. Өздерің қалаған ұяшықты таңдайсыңдар.

1 - тапсырма: "Қандай ертегі білеміз?"
"Торғай мен түлкі"
"Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай"
"Қарлығаштың құйрығы неге айыр"
"Қарлығаш пен дәуіт"
"Кім күшті"
"Бес ешкі"
"Мақта қыз бен мысық"

Д/О: "Қай ертегіден үзінді"
Кеш жарық – деп кіріп барады.
Бұлар жылдам екен кеш дегенді айтып болғанша қолдарындағыларын жасыра қойып отыра қалады.

Ұли соққан боран, үскірік аяздан бүрсең қағып, тасжарғаның бүршігін күрт – күрт шайнап, тұра береді.
Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын уақытым жоқ. дейді көкек.
Қазақтың көне жерінде, асқар тау бұйрат белінде күшсіздерді жалмапты, тілсіз - дерді талай қандатты.

2 - тапсырма: "Мына ақындарды білесіңдер ме?"
А. Құнанбаев
Ы. Алтынсарин
М. Әлімбаев
Т. Молдағалиев
О. Әубәкіров
С. Қалиев

Осы ақындардың қандай әңгімелерін білесіңдер?.
"Әке мен бала"
"Нан қайдан шығады"
"Жеті шал"
"Қамқорлық"
"Кімнің тоны жылы"
"Қайтпай қалған қарлығаш"
Жыл мезгілдерін байланысты қай ақын өлең жазған?
Балалар: А. Құнанбаев
Қандай өлеңі?
Балалар: "Жазғытұры"

3 - тапсырма: "Түсіп қалған әріп?"
Т... лкі, А... на, Қ... й, к... кек, ин.., т... й, та... ақ, қ... ян, т... с.

Балалар алдарыңда сөз жұмбақ, тігінен тор көз ішінде бір сөз жасырынып тұр. Сол сөзді тапқыларың келеме?
Балалар: ия.
Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуін дұрыс тауып қатесіз жазсаңдар, жасырынған сөзді табасыңдар. Ол үшін сөздерді көлденеңнен жазсаңдар.

Жұмбақтар шешу:
Таңмен көзін ашады,
әлемге нұрын шашады. (Күн)

Үсті толы ине, бірақта,
іс тігіп, қадамайды түйме. (Кірпі)

Сайқымазақ қулығы бар,
барған жерде ұрлығы бар. (Түлкі)

Көкпеңбек еді көктемде
қызарды күзге жеткенде. (Алма)

Қалың киімді ұнатады,
шешіндірсең жылатады. (Пияз)

4 - тапсырма:
Криптограмма шешу:
Н П А СА------Қ З А------ ЫСЫБД ------ТРӨТ -------РАҚА -------ЛЫАУ
5 3 4 2 1 -----1 3 2 -------4 5 2 3 1 ------1 324 ------3 2 1 4 ------4 3 14

Анаграмма.
Қ – әрпінен басталатын сөздерге жауап беру арқылы тор көздерді толтырады.
Сергіту сәті.
Алға қарай шығамыз,
ойынды біз бастаймыз.
біздің ойын біліп қой,
балаларға оңай ол.
қолдарымен шапалақ
аяғымен топылдат.
Секіреміз алға бір,
секіреміз артқа бір.

5 - тапсырма: Логикалық есептер.
Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналды жиырма есек.
Оның бесеуі ұйықтап қалды
ынталысы неше есек (15)

Жаңа ғана шалғында,
он бес бұзау жүр еді.
әлде шаршап қалды ма,
жатып қапты біреуі
нешеуі енді жайылып
жүргенін айт айырып. (14)

Бес қоянда неше құлақ (10)
Досым келе жатып 5 теңге тауып алды,
егер екеуіміз бірге болсақ неше теңге тапқан болар едік.(5)
Менде 15 теңге бар, сағыз 5 теңге тұрады. 15 теңгеге неше сағыз аламын (3)
4 балаға бір алма, бәріне тең беру үшін неше бөлікке бөлеміз.

6 - Тапсырма: " Мен айтамын, сен жалғастыр."
Еңбегі қатты болса
татқаның тәтті болар.
Еңбек қылсаң ерінбей
тояды қарның тіленбей.
Досы көпті жау алмайды
ақылы көпті дау алмайды.
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Еңбек ердің көркі,
Еңбегімен ел таныр.
Байлықтың атасы еңбек
анасы - жер.
Жаңбырменен жер көгерер,
еңбекпенен ел көгерер.

Тәрбиеші: балалар біз түлкімен торғайға бидайды тең бөлісуге көмектестік.
Түлкі еріншектің ертеңі таусылмайды. Сен әрқашан еңбек ете біл, сонда еңбегінің жемісін жейсің. Ырыс алды - ынтымақ дегендей бір - біріңе адал дос болыңдар.
Түлкі: рахмет сендерге балалар мен сендердің арқаларыңда еңбектің не екенін түсіндім. Бұдан былай адал еңбек ете білуге уәде етемін.
Торғай: рахмет сендерге балалар.
Түлкі екеуміз сендерге алып келген тосын сыйымыз бар. Бұл мына ақылды кітап, оның зерек қаламы бар. Ол өте ақылды, әрі тапқыр. сендерде ақылды, зерек, тапқыр болыңдар.
Тосын сый: Наубайшы келеді. Сәлеметсіңдер ме балалар мен сендерге ризамын. Нағыз, алғыр, тапқыр екенсіңдер.
Еңбектің наны тәтті
жалқаудың жаны тәтті демекші. Еңбек еткен торғайдың жемісі. Түлкі, торғай сендер әрқашан татулық пен еңбектене біліңдер. Мына дәмді тоқашты сендерге тарту етемін.
15 485
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Торғай мен тышқан
Торғай мен тышқан
Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егеді. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқиды.
Торғай мен мысық
Торғай мен мысық
Балаларға өлеңді есте сақтауға, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Т дыбысы
Т дыбысы
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің даярлық сынып мұғалімі Чурчутова Мариягуль Токтаровна
Торғай мен тышқан ертегісі
Торғай мен тышқан ертегісі
Тақырыбы: Торғай мен тышқан
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×