Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лақтар аналарын мерекемен құттықтайды

07 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы; "Лақтар аналарын мерекемен құттықтайды" (Естиярлар тобы).

Бастаушы: Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.

Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан, құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі «Ананың біз гүліміз»- атты ертеңгілігімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Бақыткелді. Салдым бояу қаламдармен,
Гүлдің таңдап ең әсемін.
Күттім бірге күнтізбемен,
Мерекеңді, апа, сенің.
Кімді сендей жан атайын,
Бақытыңның бәрі екем мен.
Құттықтаймын, апатайым,
8 - наурыз мерекеңмен!

Әли. Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен,
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызбен!

Хор: «Көктем»
Аяжан. Келбетіңнен ұлылық,
Даладан кең пейілі.
Ана деген - жылылық,
Ана деген - мейірім.
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Әсемай. Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.

Бастаушы: Балалар, қазір біз сендерге қызық ертегі сыйлаймыз. Аналарын мерекесімен құттықтайтын тек балалар ғана емес екен, ертегідегі лақтар да аналарын құттықтайды екен. Тамашалайық.
Ортаға қолында себеті бар ешкі шығады.
Ешкі: - Шөре, шөре лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Лақтар билеп, ортаға шығады.

Ешкі:- Лақтарым, шырақтарым,
Мен тоғайға барып, сендерге шүйгін шөп, дәмді сүт әкелейін, мен келгенше тентек болмай, ән айтып, би билеп, ойнаңдар. Есікті ешкімге ашпаңдар, мен келгенде сендерге ән айтамын, сонда ғана ашасыңдар.
Ешкі кетеді.

Лақтар:
1 - лақ:- Бауырларым, бүгін анамыздың мерекесі ғой, ұмытып кеттіңдер ме?
Бәрі:
Анамызды сыйлайық,
Үйдің ішін жинайық.
Бұрынғыдай егесіп,
Ерегесіп тұрмайық.
2 - лақ:
Қалмау үшін керісіп,
Кел, алайық келісіп.
Атқарайық үйдегі,
Жұмысты тең бөлісіп.
Ортаға үстел шығарып, үстіне тамақтар қояды.
3 - лақ:
Кел, самаурын қайнатып,
Дастарханды жайнатып.
Отырайық бөлмеде,
Бөпемізді ойнатып.
4 - лақ:
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуайық.
Келген кезде орманнан,
Қалсын анам қуанып.
Қасқыр келеді (көзін уқалап, керіліп).
Қасқыр:
Кімдер бұлар әндетіп,
Маған ұйқы бермеген (иіскейді).
Ой, қандай дәмді иіс,
Бұл не, тәтті нанның иісі шығады ғой, қырыққабат қосқан ба?
(Үстелге жақындайды)
Құлпынай тосабын қосқан шәй,
Кімнің бүгін туған күні?
5 - лақ:
- Ой, ой, масқара!
Сұр қасқыр келді мында.
Қасқыр:
- Иә, менің қарным аш,
Сендерді кезекпен жеймін.
6 - лақ:
- Сіз не, қасқыр, білмейсіз бе, бүгін аналар мерекесі ғой.
Қасқыр:
- Мен сендердің аналарыңды да жеймін.
Ал, сосын тәтті нандарды, тосапты, сосын, сосын...(ойланып), барлық тамақты да жеймін.
Лақтар қорқып бір - біріне тығылады. Қолында бал салған құмырасы бар аю кіреді.
Аю:
- Қонаққа мені шақырған соң келдім. Тәтті бал әкелдім. Лақтар қайдасыңдар, мерекені неге тойламай жатырсыңдар?
Лақтар ортаға шығып:- Аю аға, сұр қасқыр келді бізге.
Аю: (қасқырға қарап):
- Әй, қарақшы, әй, жауыз!
Сені орманда бәрі біледі,
Сен үшін барлық үйдің есігі жабық.
Қасқыр: (қорқып, шегіне бастайды):
- Мен бүгін асығып жүріп, аздап адасып кетіппін.
Мен кетейін, сау болыңдар,(қашады).
Ешкі келеді:
- Лақтарым, шұнақтарым,
Мен тоғайдан келдім.
Сендерге шүйгін шөп,
Дәмді сүт әкелдім.
Лақтар:- Сізді анашым қалай күттік,
Сұр қасқырды қуып жібердік.
Аю:- Енді ол ешқашанда сендерге келмейді.
Ешкі:- Барлығы да жақсы біткен екен,
Бүгін би билеп, ән саламыз.
Ойын да ойнаймыз.
Лақтар: Анамызды құттықтаймыз!
Ақбота: 8 - наурыз келді,
Шаттық сезім ап келді.
Қуанышты күндерде,
Құттықтаймыз сіздерді.
Рамазан: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген маматайым
Сәлем айтып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Ботагөз: Аналарды сүйеміз,
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Хор: «Құттықтаймын, мама туған күніңмен!»
Ойын: «Өз балаңды дауысынан тап»
Әсемай: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтайтын,
Аман болшы апашым.
Даният: Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған,
Бақыты үшін балаңның,
Аман сау бол, ақ мамам!
Амина: Аялап алақан,
Әлпештеп өсірген.
Аяулы жан анам,
Қатемді кешірген.
Музыка ойналып көктем кіреді.
Көктем: Амансыздар ма балалар, мен көктеммін. Сендерге асығып жеттім. Мен өзіммен бірге аналар мерекесін алып келдім.
Біз ғана емес,
Қадыр тұтқан балалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген - тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар!
Мен сендерге жай келген жоқпын, өзіммен бірге көктемнің ең алғашқы гүлі - бәйшешекті ала келдім. Осы әдемі гүлдерді өз аналарыңның мерекесіне сыйға тартыңдар.
Хор: «Әжетайым»
Балалар әжелеріне, аналарына гүлдерін сыйлап, құттықтайды.
5 467
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Ананың біз гүліміз
Ананың біз гүліміз
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, № 2 мектептегі шағын орталық тәрбиешісі Ахметова Сулушаш Заркешқызы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Ана біздің күніміз
Ана біздің күніміз
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы № 21 жалпы негізгі білім беретін мектеп Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Ана біздің гүліміз
Ана біздің гүліміз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы «Ана біздің гүліміз» Тәрбиеші: Құрметті аналар, апайлар, балабақша бүлдіршіндері!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×