Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде пәндік дамыту ортасын ұйымдастыру

04 қаңтар 2020, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мектепке дейінгі ұйымда оқу - тәрбие жұмысының басты шарты – пәндік дамыту ортасын құру болып табылады. Дамыту ортасы деп пайдалы ұйымдастырылған, әртүрлі материалдармен толықтырылған, арнайы жабдықталған жайлы жағдай деп түсіну керек. Мұндай ортада барлық топ балаларын танымдық шығармашылық іс - әрекетке бір уақытта белсенді араластыруға болады. Ортаны құрудың анықтаушы сәті педагогикалық пікір, мақсат болып табылады. Бұл мақсатқа жету таңдаған білім беру бағдарламасын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Дамыту ортасын құра отырып, біз топтардағы балалардың ерекшеліктерін ескереміз. Жасы, даму деңгейі, білімділігі, қызығушылығы, қабілеті, құрамы т. б.
Пәндік дамыту ортасын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

1) Әрбір жас ерекшелігіндегі топтарда өз бетімен мақсатқа бағытталған белсенді іс - әрекетке жағдай жасалған (ойын, бейнелеу, сахналау)
2) Даму ортасындағы пәндердің жан-жақтылығы, топтың ішінде қажетті балаларға оның дамуына қажетті ықпал ететін материалдар ғана болуы тиіс.
3) Ұлдар мен қыздардың қызығушылығына сәйкес даму ортасы мазмұнды құрылған.
4) Дамыту ортасындағы пәндерін орналастыру және ұйымдастыру балалардың қажеттілігі мен жас ерекшеліктеріне сәйкестендірілген. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі үш қажеттілігі бар. Қозғалыста, қарым - қатынаста, танымдық.
5) Барлық жас ерекшелігіндегі топтарда демалуға жайлы орындар белгіленген.
Біздің балабақшада мектепке дейінгі баланың дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Ұйымдастырылған іс - әрекет әрбір тәрбиешінің шығармашылық жұмысы. Тәрбиешінің кәсіби жұмысы қаншалықты жоғары болса, ол оқытып тәрбиелеген тәрбиеленуші де, соншалықты ақыл - ойы дамыған, сауатты болады. Көп іздену, дайындалу, қосымша әдебиеттерді орынды қолдана білу тәрбиешінің негізгі мақсаты.
Мен өзім жұмыс жасайтын «Толағай» ортаңғы тобында пайдаланған әдістер мен көрнекіліктерімді балалардың қиял - ойларының дамуына ықпал ететіндей етіп жасаймын.
Пәндік дамыту ортасы мақсаттарды, міндеттерді және білім беру бағдарламасының мазмұнын іске асыруға мүмкіндік береді.

Балалардың даму ортасы:
1. Сюжеттік - рөлдік ойындар ортасы
2. Қызықты математика орталығы
3. Ғылыми орта
4. Тіл шығармашылық орталығы
5. Әдеби орталық

Ойын орталығы: Біздің балабақшада сюжетті - рөлдік ойындарға арналған бұрыш бар. Мұнда әр түрлі аңдардың, жан - жануарлардың бетперделері жинақталған. Мен бұл бұрыштағы заттарды көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарында пайдаландым. Нәтижесінде баланың ұйымдастырылған іс - әрекетке деген қызығушылығы оянды.

Қуыршақ театры: Қуыршақ театрын көркем әдебиет сабағында жиі пайдаланамын. «Алдар Көсе мен Шығайбай» ертегісінде кейіпкерлерді рөлге бөліп балаларды ойнаттым.
Балалардың ой - өрісін сөздік қорын, ұлттық сана - сезімін дамытатын «қазақы бұрышымыз» бар. Мұндағы мақсатымыз балаларға ұлттық тәрбие беру. Ұлы ақын Абай Құнанбаев «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп ұлттық құндылықтарды жоғары бағалаған. Нәтижесінде, балалардың тілі, ой - өрісі, қиялы дамиды.

Ғылыми орталық: Балалардың табиғи ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға деген жауапкершілігін, туған жерге, қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыру мақсатында, тобымызда «Табиғат бұрышы» жасалынған.
Сәрсенбі, жұма күндері ұйымдастырылған іс - әрекетімізде көрсетілген «бақылау» бөлімі бойынша бөлме гүлдерін баптап, суарып, жақсы өсуіне көңіл бөлеміз. Нәтижесінде, балалар ұйымшылдықпен жұмыс жасайды. Балалар білуге, ойланып әрекет жасауға дағдыланады.
Әдеби орталық: Балабақшада балалар өздігінен оқи алмайтындықтан, әңгімелеп айтуға, көркем сөздермен таныстыру жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық ұстанымдарға негізделген. Осыған орай, біздің шағын орталығымызда осы жастағы балалардың тілін, ойын дамытатын кітаптар бұрышы жасалынған. Балалар өздігінен осы кітаптардағы суреттерге қарап қысқаша әңгімелер, жұмбақтар құрастырады. Нәтижесінде, баланың тілі жаттығып, танымдық қабілеті дамып, сөздік қоры толығады.

Қызықты математика орталығы: Математика ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде «Геометриялық пішіндер» тақырыбы бойынша босаған жұмыртқа қабығынан балапан бейнесін жасадық. Бұл кезде тышқан денесі жұмыртқа пішінді құйрығы кесіндіден жасалынды. Ұйымдастырылған іс - әрекет арасында сергіту сәті ретінде балаларды екіге бөліп, бірінші бөлігіне «моторика» әдісін, яғни саусақ бұлшық еттерін дамыту, саусағымызды демалдыру мақсатында балапан бейнесін жасайды. Ал екінші бөлігіне конфет қағаздары, түрлі - түсті қағаздарды умаждап алақанға жаттығу жасады. Ғалымдар мынадай заңдылықты алға тартады. Егер саусақтың қимыл - қозғалысы жас ерекшеліктеріне сәйкес болса, сонда ғана нәтижеге жетуге болады.
«Не білдік, не үйрендік?» білімпаздар сайысы

Барлық ұйымдастырған іс - әрекетімізде өткізілген жұмыстарымды қорытындылай келе «Толағай» тобында «Не білдік, не үйрендік?» атты білімпаздар сайысын өткіздім. Бұл сайыста балаларды екі топқа яғни, «Балапандар», «Қояндар» тобы деп бөлдім. Бұл сайысты өткізудегі мақсатым осыған дейін алған білімдерін тиянақтау, байқау, бақылау болды. Сайысымызды ауылға саяхат деп алдым.

І - шарт: «Денім сау болсын десең...» тақырыбында «қояндар», «Балапандар» әніне таңғы жаттығу жасады. Нәтижесінде, баланың бұлшық еттері дамып, денесі шынығып, бойы сергіді.
ІІ - шарт: «Кел, танысайық!» таныстыру бөлімі. Балаларды топтарымен таныстырдым.
ІІІ - шарт: «Мақал сөздің мәйегі» тақырыбы бойынша «мақалдар» ауылына саяхатқа барып, мақалды жалғастырдық. Нәтижесінде, баланың ойлау қабілеті, тілі дамыды.
ІV - шарт: «Тапқыр болсаң, тауып көр» тақырыбы бойынша «Жұмбақтар» ауылына саяхаттап, балалар жұмбақтар шешті. Нәтижесінде, балаларды тез ойлауға, қиялын дамытуға бейімдедім.
V - шарт: «Ғажайып бояулар» еліне саяхат жасадық. Мұнда балалар түрлі жемістердің суретін салды. Мұнда балалар түстерді ажыратып, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы артты.
Сайысымыздың ішінде сиқыр әлемінен келген сиқыршы атайдың да шарттарын орындадық.

VІ - шарт: «Бояулар сыр шертеді» тақырыбы бойынша «Түстерді білеміз бе?» деп алып, әр топқа өздерінің түстерін жинаттым. Мұндағы мақсатым, балаларды түстерді ажыратуға, топтауға үйреттім.
VІІ - шарт: «Кел, санайық» тақырыбы бойынша 1 - 10 - ға дейінгі сандарды ретімен орналастыру. Балалар шатаспай ретімен санап, қойып шығады.

VІІІ - шарт: «Өз өнері» тақырыбы бойынша екі топта ертегі сахналады. І - топ «Мақта қыз бен мысық» ертегісін, ІІ - топ «Бауырсақ» ертегісін ойнап шықты. Сайысымыз қызықты да тартымды өтті. Екі топты да, жеңістен құр қалдырмай, «Балапандар» тобын «Алғырлар» номинациясымен, «Қояндар» тобын «Өнерлі топ» номинациясымен марапаттадым.
Бұл сайыстың нәтижесінде, балалардың сөздік қоры молайып, тез ойлағыштыққа, шапшаңдыққа, салт - дәстүрді сақтай білуге бейімделді.
Шағын орталығымызда ұйымдастырылған іс - әрекеттен тыс ертеңгіліктер де өтіп тұрады. «Тәуелсіздік ел тірегі» атты Тәуелсіздіктің 21 жылдығын, «Жаңа жыл» мерекесін тойладық. Онда балалар өздерін әр қырынан танытты.

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы
«Мерей» шағын орталығы Серікбаева Айсауле
28 261
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы орта кеңістіктерін ұйымдастыру
Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы орта кеңістіктерін ұйымдастыру
Қазіргі таңда жан - жақты жетілген, білімді азамат дайындау – қоғам алдындағы үлкен міндет. Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта - ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілетін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек.
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Келісім шарт
Келісім шарт
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы №5 "Ақбота"МДҰ әдіскері Есжанова Света Ташкенбаевна
Білім беру саласындағы кірігу ұстанымдарына сәйкес пәндік дамыту ортасын құру
Білім беру саласындағы кірігу ұстанымдарына сәйкес пәндік дамыту ортасын құру
№ 249 мектеп – лицей жанындағы «Айналайын» шағын орталығы Балапан” тобының тәрбиешісі: Кужбанова Айдана Қуанышқызы "Үздік баяндама" номинациясы бойынша
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×