Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кірпімен танысу

08 маусым 2013, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білімнің бес саласы бойынша өтілген ұйымдастырылған ойын іс - әрекетінің жоспары.
Тақырыбы: «Кірпімен танысу»
Білім саласы:
1) Қатынас
ҰОІӘ: Тіл дамыту.
2) Шығармашылық
ҰОІӘ: Жапсыру.
3) Таным
ҰОІӘ: Қоршаған орта
4) Таным
ҰОІӘ: ҚМҰҚ

Мақсаты: а) Балалардың тілін, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.
б) Кірпі тіршілігімен танысу. Оның басқа аңдардан ерекшелігін түсіндіру.
в) Аңдарға қамқорлық жасауға, күтіп - баптауға тәрбиелеу.
ҰОІӘ - нің жоспары.
- Балалар ертеңгісін келсем үстел үстінде мына себет тұр. Ішінде не бар екенін білмедім. Ішін ашпас бұрын жұмбақ жасырайық.

1. Диас: Үстім ине, тікенек,
Қол тигізе алмайды.
Үстім иен, тікенек
Жақсы көрем алманы.

Себетте алма, алма арасында ермексаздан жасалған кірпі.
Кірпі көрсетіледі. Оның тіршілігі, басқа аңдардан ерекшелігі айтылады. Сурет бойынша көрсетіледі. Күн салқындап кірпі тоңып тұр, қарны да аш. Біз оған көмектесіп көңілін көтерейік.
Тақпақтар.

Ислам: Добым, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Секіртейін келе ғой,
Маған билеп бере ғой.

Алдияр: Күзім - ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық - ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Кетері сызып - ау.

Асхат: Сап - сары жапырақ,
Иіліп тұр қалтырап.
Шу - деген жел шықса,
Жерге түсер топырлап.
Назерке: Алтын күз, алтын күз,
Сап - сары алаңқай.
Жапырақ төгілді,
Тез жина балақай.

Еңбек. Қиылған дайын кірпі үлгісіне алмалар, жапырақтар жапсыру. Кірпі ұясын дайындау, жапырақ төсеп кірпіні орналастыру.
Ойын: « Түлкі мен кірпі»

- Айлакер қу түлкі,
Кірпіні көреді.
Жемек боп жәй басып,
Жымыңдап келеді.
- Жәй жатқан кірпіні
Бас салды қылп етті,
Инесі тіліне
Аямай кірш етті.

Ойын мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа, батылдыққа тәрбиелеу. Балалардың тілін дамыту
11 097
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алма ертегісі
Алма ертегісі
Ертегі желісі арқылы балалар өз көзқарастарын білдіруге, әңгімелесуге баулу. Эмоцияларын білуге үйрету. Сахналауда кейіпкерлерді дұрыс қолдануды үйрету.
Себеттегі алма
Себеттегі алма
Балаларды бір - бірін қалқалап тұрған заттардың суретін дұрыс бере білуге және дәстүрден тыс жолдармен орындауға үйрету; саусақпен алмалардың суретін салу. Шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту.
Кірпінің жанұясы
Кірпінің жанұясы
Отбасы туралы түсініктерін нығайту, сөздік қорларын молайту, үлкен – кіші туралы түсініктерін бекіту, қағазды қию және желімдеу икемділіктерін қалыптастыру.
Ойыншықтар әлемі
Ойыншықтар әлемі
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. ойыншықтардың атын атау арқылы сипаттауға баулу, ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
Кірпінің отбасы
Кірпінің отбасы
Ермексазды алақан арасына және домалақтау арқылы кірпіні мүсіндеуді үйрету. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Дамытушы ойын-жаттығулар
Дамытушы ойын-жаттығулар
Ақтобе облысы, Шалқар қаласы, №12 балабақша тәрбиешісі Мадиярова К. Ә.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×