Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сенсорика әлеміне саяхат (ата-аналарға арналған ойын-практикум)

31 шілде 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Сенсорика әлеміне саяхат» ата - аналарға арналған ойын - практикум

Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық тәрбиесі жөнінде ата - аналардың ойларын кеңейту және нығайту.
Міндеттері:
● ата - аналарды балалардың заттардың сенсорлық қасиеттеріне зейіндерін аударатын, біркелкі нысаналардың көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаудың қарапайым жолдарын қалыптастыратын, сенсорлық дамуына ықпал ететін дидактикалық ойындармен таныстыру;
● ойын - практикумның тақырыбы бойынша ата - аналардың педагогикалық тәжірибесін белсендіру;
● отбасы мен педагогикалық ұжымның қарым - қатынасын нығайту.
Өткізу әдісі: ойын - практикум.
Қатысушылар: ата - аналар, тәрбиешілер.

Өткізу жоспары:
Кіріспе кезеңі:
- мәселеге кіріспе;
- проблемалық жағдаят тудыру.
Негізгі кіріспе: Станцияларға поезбен саяхат жасау арқылы ойын.
Қорытынды бөлім:
- ойын - практикумның шешімін шығару;
- рефлексия.

Өту барысы:
Әзірлік кезеңі.
- Сенсорлық тәрбиеге арналған дидактикалық ойындар мен пособияларды дайындау.
- Практикумның тақырыбы бойынша ұсыныстарды жинақтау және безендіру.
- «Мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық тәрбиесі мен дамуы» атты кеңес әзірлеу.
- «Түйсік жәшігін» және оның ішіне салатын зат әзірлеу.
- Көрнекі ақпараттарды безендіру: дәйексөздер әзірлеу.
- Музыка әзірлеу.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сенсорлық тәрбиеге байланысты көрме әзірлеу
/ әдебиеттер, ойыншықтар, дидактикалық ойындар мен пособиялар/
- Ойын - практикумның өткізу орны мен керекті құрал - жабдықтарды дайындау.

Кіріспе кезеңі.
- Қайырлы күн, құрметті ата - аналар! Біздер сіздермен кездесіп отырғанымызға қуаныштымыз. Уақыт тауып ойын - практикумға келгеніңізге рахмет. Балаларымыздың балалық шағы бақытты болу үшін, олардың өмірінде ойын негізгі орын алу қажет. Балалық шақта балада ойынға деген қажеттілік болады.. Сондықтан, сол қажеттілікті қанағаттандыру қажет, себебі бала ойнай жүріп өмірді тани бастайды.

«Ойын баланың бүкіл өміріне әсер етеді. Бұл құштарлық, оны қанағаттандыру қажет. Бала өмірін сол ойынмен сусындату керек, себебі оның өмірі - ойын» А. С. Макаренко.
Кішкентай балалар – сүйкімді, бақытты неше түрлі оқиғаларға тап болып, өмірді танитын тентектер. Олар өздерінің ашқан жаңалықтарын біреумен бөліскісі келеді, олар өздері жақсы көретін адамдар болып табылады. Бірақта, әкесі жұмыста, анасы үйдің жұмысынан босамайды, баласына уақыты болмайды. Соған қарамай, ата - аналар уақыт бөліп, баласымен ойнап, сөйлесіп, оған бірдеңе үйрету керек. Бүгін біздер сіздермен өздеріміздің балалармен жұмыстану кезінде жинақтаған іс - тәжірибемізбен бөлісіп, балалармен ойнайтын сенсорлық дидактикалық ойындар туралы әңгімелесеміз және сол ойындарды үйде де ойнауға болатыны туралы кеңес береміз. Осы кездесуімізді дәстүрлі емес, Сенсорика әлеміне ойын - саяхат ретінде өткіземіз. Бірақта алдыменен, сенсорлық тәрбие не екендігімізді еске түсіріп алайық.
Баланың балабақшада, мектепте, одан қалса өскенде еңбектенген кезінде де, сенсорлық, сенсомоторлық дамуы ақыл - ой дамуына фундамент болып табылатыны психолог мамандар дәлелдеген.

Бала өмірінде әр - түрлі пішін, түс, заттардың /ойыншықтар мен үй ішіндегі заттар /әр - түрлі қасиеттерімен кездеседі. Әр бала олармен кездескен кезде оны өзінше қабылдайды. Сол қабылдау жылдам, үлкендердің педагогикалық басқарусыз жүреді, бірақта ол сапасыз болады. Осы жерде оған сенсорлық тәрбие көмекке келеді - ол тәрбие бір бағытта жоспарлы баланы адамзаттың сенсорлық мәдениетімен таныстырады.
Әр бір жаста сенсорлық тәрбиенің өз мақсат, міндеттері болады, солар арқылы сенсорлық мәдениеттің нақты бір бөлігі қалыптасады. Бала екі - үш жаста түсті, пішінді, әр бір заттың ерекшелігін айыра білу қажет, негізгі әр түрлі түстер мен пішіндер және екі заттың көлемі туралы түсініктер жинақталу керек.

Ал төрт жасынан бастап балада сенсорлы эталон қалыптасады.
- Сіз «сенсорлы эталон» деген не екенін білесіз бе?
Сенсорлы эталон – ол түстер, геометриялық пішіндер, бірнеше заттардың қасиеттері мен көлемдері туралы тұрақты, сөздік қорында бекітіліп қолданылатын түсініктер.
Жайырақ баланы түрлі түстермен, геометриялық пішіндердің нұсқаларымен әр түрлі көлемдегі, көп санды заттармен таныстырған жөн. Сенсорлық эталонның қалыптасуымен қатар, балаларға заттарды зерттеу әдістерін үйрету қажет: мысалы, затты түсі мен пішініне қарай топтастыру, бағытымен қарап шығып, оның түрін сипаттау және де одан да қиын көзқырағылығы қажет іс - әрекеттер орындату.

Осындай тапсырмалар негізінде дидактикалық ойындар мен жаттығулардың жүйесі жасалынған. Балаларға арналған сенсорлық дидактикалық ойындардың негізгі бағыты – әр түрлі сенсорлы іс - тәжірибе жинақтаған соң, оны оқыту мен тәрбиелеудің келесі кезеңінде пайдалану: сурет, құрастыру ҰОІӘ - де, сол жинақталған іс - тәжірибелер әр - түрлі жағдаяттарда, күнделікті өмірде пайдасын тигізеді.
- Сіздер балаларыңызбен отбасы жағдайында қандай дидактикалық сенсорлық ойындар ойнайсыңдар? Болса, балдарыңызбен қалай ойнайсыңдар? Сол ойындар балдарыңызға неге үйретеді?
/Ата - аналардың пікірлері тыңдалады/

- Дидактикалық ойындар өткізген кезде тәрбиеші балабақшада, ал ата - ана үйде балаға қысқа - нұсқа түсіндіріп, орындайын деп отырған тапсырмасынан алаңдатпау қажет. Ересектерге баладан міндетті түрде есте сақтап алуды және түстер мен пішіннің өзінше айтуды талап етпеу керек.
Бұл жерде, маңызды - баланың тапсырманы белсенді орындағаны, олардың қасиеттерін ескере отырып, себебі ойын процесінде сол заттардың қасиеттері жөнінде ойлар мен түсініктер пайда болып, жинақталады.
Проблемалық жағдаят тудыру.
«Не? Қайда? Қашан?»теле передачаның музыкасы ойналады, ата - аналар алдына «Түйсік жәшігі» көрсетіледі.

- Сіздердің алдарыңызда проблемалық жағдаят туындады - сіздер «Түйсік жәшігі» ішінде түйсік арқылы не бар екендігін табу керексіз.
Үш ата - анаға жәшік ішінде түйсік арқылы не бар екендігін табу ұсынылады. Ата - аналар қолдарын салып затты ұстап қарайды. Олардың талқылаған ұсыныстары қабылданады.
- Сіздер қиын жағдаятқа тап болдыңыз. Ондай жағдай көбінесе, адам шаршап, қорқып, қозып, әлде беймәлім объектпен кездескенде болады. Баланы туғанынан бастап неше түрлі заттар мен құбылыстар қоршайды, олар әртүрлі қасиеттер мен сапалардан тұрады. Қоршаған орта туралы түсінікттерді қалыптастыру процестерін жеңілдету үшін баланы негізгі ақыл - ой іс - әрекеттері мен қабылдау ережелерін орындатуға үйрету қажет.

- Бүгін біздер сіздерге бала кейпіне айналып, баланың жолын өтуге ұсыныс білдіреміз.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың сенсорлық дамуы, сенсорлық эталондарының меңгеруі үшін жасалынған дидактикалық ойындар, пособиялармен танысасыздар. Мастер - класс арқылы сіздер керек емес материалдардан дидактикалық ойындарды жасау жолдарын және дәстүрден тыс сурет салу әдіс - тәсілдерге үйренесіздер. Соңында, сіздер, мына жәшік ішінде не бар екенін табу керексіз.
Сіздер кішкентай балдардың ата - аналарысыз, барлық балалар ойнауды жақсы көреді, сондықтан мен де сіздерді ойнауға шақырамын, балалық шақтарыңды еске түсіріп және балалардың дидактикалық ойын арқылы сенсорлы білімді қалай меңгеретіні жөнінде түсінік алуларың қажет.

- Уақытша сіздер ересек адам екеніңізді ұмытыңыз, бала болыңыз, онда ойынды бастайық. Ойнағыларың келе ме?
Ендеше, біздер бәріміз Сенсорика әлеміне саяхат жасаймыз!

«Ертегі елі»атты ән қосылады. Әдіскер басына корона киеді, үстіне накидка киеді, қолына сиқырлы таяқша алады.
Қолымен сермейді де:
«Бәріңіз шеңберге тұрыңыз, бір - біріңізді ұстаңыз,, көздеріңізді жұмыңыз, енді айналамыз, балаға айналамыз, сіздерге мен шашқа тағатын заколка резинка беремін, жылдам тағайық, жылдам тағайық, енді саяхатқа шығуға әзірміз бе? Ендеше паровозға мінейік,/ата - аналар паровоз болып тұрады/пуп - пуп, чик - чик, Сенсорика әлеміне жетейік!»
- Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, біздің поезд станцияға жетті. Бұл қандай станция екен? Біздерді кім қарсы алады екен? Вагондарыңыздан түсіп, жайғасып отырыңыздар, бұл станцияның аты қалай екен?
Мен сіздерге сұрақ қоямын. «Жұмыртқа мен балапанның, күн мен құмның түсі қандай?»/сары/
Ал, бақа мен крокодилдың, шөптің түсі қандай?/жасыл/
Қанның түсі қандай?/қызыл/
Енді, естеріңізге түсті ме? Бұл станция «Түстер станция»деп аталады. Осы станцияда ойын ойнап, тапсырмаларды орындасақ, бізге кірпі жәшігіміздің ішінде не бар екенін айтады.
Бір тәрбиеші сергіту сәтін орындатады.
Ойын «Мұнара тұрғызайық»
Мақсаты: белгілі бір түсті айыруға үйрету.
Әр түрлі кубиктар еденге шашылады, балаларға белгілі бір түстен тұратын кубик арқылы мұнара тұрғызу деген тапсырма беріледі.
Балаларға қызыл түсті кубик көрсетіледі, оны еденге қойып «мына түсті кубикті алып мұнара тұрғызайық! Осындай түсті кубик табыңдар». Балаға әкелген кубигін салыстыру арқылы түсіндіру және көмектесу. Содан соң екі ата - ананы шығарып жарыстыру, кім жылдам мұнараны құрады. Кім бірінші құрады сол жеңімпаз болады. Осы ойынды 1 - 2 рет ойнату.
«Түрлі түсті тулар» ойыны
Балалардың зейіні мен реакциясын дамуына арналған
екі жастан асқан балаларға арналған көңілді және қимылды ойын - сергіту. Және де түсті ажыратуға арналған ойын.
Ойынның өту барысы: Ойын үшін бірнеше түсті тулар алу қажет. Жүргізуші қызыл түсті туды көтергенде балалар секіру, жасыл түсті туды көтергенде шапалақтау, көкті - орында тұрып жүру, сарыны қолдарынан ұстауға қажет болады.
«Теректің жапырақтарын жинайық» ойыны.
Мақсаты: Теректің түсі бойынша жапырақтарды жинап табуға үйрету, түстер туралы білімдерін нығайту.
Материалы: үш түрлі түсті теректің бейнесі/сары, қызыл, жасыл/,
себеттер, жапырақтар.
Өту барысы: Баланың алдына үш түрлі түсті теректің бейнесі қойылады, олардың қасында себбеттері болады, сол себеттерге алдында шашылып жатқан жапырақтарды түстері бойынша жинастыру.
- Жарайсыңдар, балалар бізге кірпі жәшік ішінде сары түсті зат бар екенін айтты.
- Рахмет, кірпі, сен біздерге түстер туралы жақсы бірнеше ойындар көрсеттің. Біздер тағы жолға шығамыз.
/Бәрін тұрғызып, паровоз секілді, шеңбер бойынша жүру/
2. Бұл станциямыз қалай аталады екен, қане табайықшы?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
40 321
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ортаңғы тобының перспективалық жоспары
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ортаңғы тобының перспективалық жоспары
Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану негізінде балалардың ауызша қарым - қатынас жасау дағдыларын, танымдық ой - өрістерін, шығармашылық, эстетикалық талғамдарын және жеке тұлғаның әлеуметтік білім, біліктерін жетілдіру.
Айгөлек тобының перспективалық жоспары
Айгөлек тобының перспективалық жоспары
Балалардың бойында балабақша туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін, ой - өрістерін кеңейте отырып бірлескен әрекетке қызығушылықтарын дамыту
Сюжетті - рөлдік ойындарды модельдеу әдістемелік құралы
Сюжетті - рөлдік ойындарды модельдеу әдістемелік құралы
Осы әдістемелік құрал мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдардың тәрбиешілеріне, педагогикалық жоғарғы оқу орындарының, колледждерінің студенттеріне арналған, 3 - 5 жастағы балалардың сюжетті - рөлдік ойындарын кешенді басқаруды модельдеу
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
«Таным» білім беру саласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып балалардың бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту
Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру
Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру
Қызылорда қаласы, «Бегім Ана» МҚКҚ балабақшасының тәрбиешісі Феруза Каленова Ильяқызы
Математика әлеміне саяхат
Математика әлеміне саяхат
Білім саласы: Таным Бөлім: Матеметика Математика әлеміне саяхат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×