Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Армысың, алтын күз!

26 қыркүйек 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Армысың, алтын күз!
Балалар музыка ырғағымен залға кіреді
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата - аналар, әріптестер!
Берекелі, мерекелі алтын күз мерекесіне арналған «Аққу» тобы бүлдіршіндерінің «Армысың, алтын күз!» мерекесіне хош келдіңіздер.
Күз де келді.
Салқындады ептеп күн.
Жел ысқырды.
Дүлей дауыл жетпек шын
Толып қалды жапыраққа
Кең ауласы, біздің балабақшаның
1. Берекелі, мерекелі
Келді жомарт алтын күз
Далада, қалада да
Жанның бәрі жарқын жүз.

2. Дәнге толып қызыл қырман
Қырман басы қызыл думан
Мөлдіретіп жүзімдерін,
Келді алтын күзім менің.
Молшылық күз - береке күз!
Береке күз - мерекеміз.
Ән: «Мерекелі күз келді»
Кейіпкер күз келеді: Сәлем өрен достарым,
Алақанды тос бәрің.
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығына қоныңдар.
Ән салыңдар, күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер
Кел, күз тойын тойлайық
Би билейік ойнайық.
Жүргізуші: Күз арқылы білеміз,
Жомарттықтың салтын біз
Біз өзіңді сүйеміз.
Балалар: Рахмет саған алтын күз!
Күз сөзі: 1) Жылдың неше мезгілі бар?
Соның ішіңде менде бармын
2) Неге мені берекелі жомарт күз деп атайды?
Балалардың жауабы
Ойын: «Жаңбыр»
Жаңбыр жауды көлдерге,
Ағаштарға, шөлдерге
1, 2, 3, 4, 5
Жаңбырдан қаш тез

Жүргізуші: Күзде жиі жаңбыр жауады.
Бірақ, біздің қыздар жаңбырдан қорқпайды
Өйткені оларда қолшатыр бар.
Би: Қолшатыр
Тақпақтар: 1. Алтын, сары, қызыл көк
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.
2. Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.
Күз сөзі: Мен жүрген жерде жаңбыр жүреді.
Жел қасымда болады. Кейбір кезде жел қатты соғады, суық болады.
Жел кіреді: (музыка)
Күз, күз мен сені іздеп жүрмін
Күз: Мен балаларға әдейі жалғыз сенсіз келдім.
Менің күзгі желім қатты соғады, суық болады.
Сен баларды қатты қорқытпа.
Мен барып балаларға сыйлық дайындайын.
Жел: Мен қатты соқпаймын, балаларды қорқытпаймын балалармен бірге ойын
ойнаймын
Ойын: «Тарс - тұрс жел соққанда»
Жел: Қайың, терек басынан
Сарғыш тартып жапырақ
Жерге түсіп шомылған,
Жел үрлесе қалтырап
Мен ағаштардың жапырақтарын жерге түсіремін.
Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?
Балалар: Сары, жасыл, қызыл осындай деп қолдарындағы жапырақтарын көрсетеді.
Би: Жалпы би жапырақтар
Алтын - алтын сары алтын
Алтын күзде нұр жатыр
Сары жапырақ төгіліп
Жерге түсіп жатыр.
Ән: «Күз ырғағы»
Міне, сендер айтқандай күздің сәні қандай әдемі!
Жел: Жапырақтарды билеткізіп жерге түсірдім, тау - тау болып үйіліп жатыр. Балалар сендер осы жапырақтарды жинаңдар.
Ойын: Жапырақ жинау
1, 2, 3, 4
жапырақты жина көп
Тақпақ: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді

Жемістер айтысы:
1. Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім

2. Мен алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың

3. Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін

4. Ішім толған шәрбат
Дәмім соңдай әйбат.
Үзсең бірдей жүзім,
Менің атым жүзім.
5. Пісетін кезім дәл күзде
Мезгілсіз мені үзбе
Аузыңа кетпес бал дәмім,
Менің атым шабдалы
6. Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басымды иемін.
Бәрі бірге: Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз
Ішімізден адамға,
Тиеді көп пайдамыз?

Жүргізуші: Жемістердің бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқан біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.
тақпақ: Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды
Бәріне сый боламын
Тауып көр мендей шалқанды

Жүргізуші: «Шалқан» ертегісі қойылымын тамашалаңыздар.
Ата - Бекзат, әже - Сапура, немере - Томерис, күшік - Фатима, мысық - Диана, Тышқан - Сабина,
Би: Балапандар
тақпақ: Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын
Жүргізуші: Күзде көкөністер мен жемістер піседі. Сонымен қатар астық піседі, оны диқандар орып жинап алады. Дән анасы - нан, нан біздің байлығымыз

Диалог: «Қайдан келдің бауырсақ?»
Қайдан келдің бауырсақ?
Дастарқанда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ,
Бауырсаққа қызып,
Қарап тұрып көзің сап:
- Қайдан келдің бауырсақ
Деп сұрады қуыршақ
- Дүкеннен келдім нан сатқан
Деді оған бауырсақ
Дүкенге келдің қай жақтан?
Наубайға келдің қай жақтан?
Диірменнен келдің қай жақтан?
Диірменнен келдің ұн тартқан
Диірменге келдің қай жақтан?
Даладан келдім кең жақтан
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Ән: «Күз келді»
Жүргізуші: Балалар мына жұмбақтың шешуін тауып көріңдер
Жұмбақ: Көлеңкені сүйген,
Басына телпек киген
Үйі оның орман
Жауынды ол сүйген
Бұл не?
Балалар: саңырауқұлақ
Кейіпкер саңырауқұлақ келеді, балалармен амандасады, балаларға ойын ұйымдастырады
1 - ойын« Кім жылдам»
Көкөніс, жемістерді жинау
2 - ойын «Қолшатыр»
Тақпақ: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Жүргізуші: Міне, балалар алтын күздің берер байлығы көп. Күз жомарт деп бекерге айтпаған.
Ән: Күз жомарт
Күз балаларға себетке салып сыйлық береді.
28 851
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Берекелі, Алтын күз!
Берекелі, Алтын күз!
Күз мезгілі туралы және ол мезгілде қандай мерекелер болатыны жөнінде кеңінен таныстыру.
Берекелі алтын күз
Берекелі алтын күз
Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністерді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу
Алтын күз
Алтын күз
Бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Ендеше күз ханшайымын ортаға шақырайық. Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз сыйы
Күз сыйы
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Берекелі Алтын күз!
Берекелі Алтын күз!
Армысыздар құрметті ата - аналар, барша қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×