Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өз аяқ киіміңді таны

07 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Өз аяқ киіміңді таны»

Мақсаты: Балалардың танымдық көз қарасын қалыптастыру. Көзбен көре отырып заттардың айырмашылығы мен кемшіліктерін таба білуге үйрету. Ойлау, есте ұзақ сақтау қабілеттерін арттыру. осындай қабілеттерді меңгеруін үйрете отырып сөйлей білуге үйрету. сұрақ қою арқылы тілдерін жаттықтыру. Қысқа әрі жеңіл сөздерді (сөздік) пайдалана отырып сөздік қорларын толықтыру және қалыптастыру.
Көрнекіліктері: қуыршақ, топқа киетін аяқ киімдерінің қиылған суреттері (әр баланың) кішкентай аяқ киім үлгісі (қуыршақтың). Аю, қоян, мысық, күшік, әтеш, сылдырмақ ойыншықтары
Әрекет кезеңдері Дәлелдеу.
Тәрбиешінің іс - әрекеті

Шаттық шеңберін жасау.(Күн
шуағын шақыру)
Біз айнала тұрамыз
Үлкен шеңбер құрамыз.
Жәй жүреміз алдымен
Бірте - бірте тездетіп.
Жүгіреміз желдетіп
Тағы жаймен жүреміз
Тыныш - тыныш дейміз де
Орнымызға келеміз. (Қимылмен жасайды)
Осы кезде есікті қағып әдемі қуыршақ кіріп келеді.
Балалар күн шуағын шақырып, бір – біріне жылу таратады. Қолдарын алға созып үрлеп келген қонақтарға жылу сыйлайды.
Балалар әдемі қуыршақты көріп таң қалады және қуанады.

Ұйымдастыру, іздену. Қуыршақ балалармен амандасады:
- Сәлеметсіздер ме балалар. Бұл қай топтың балалары екен?
Тәрбиеші қуыршақты балаларға таныстырады.
- Балалар, қараңдаршы бізге Кәмшат қуыршақ қонаққа келді. Өзі қандай әдемі. Шашына әдемілеп қызыл бантик таққан екен. Қане « бантик» деп айтып көрейікші.
Сұрақтар қою.
Балалар қуыршақ үстіне әдемі не киген?
- Қане « көйлек» деп қайталайықшы.
- Балалар, қуыршақ неге көңілсіз десем бір аяғында аяқ киімі барда, екінші аяғында аяқ киімі жоқ. Жоғалтып алыпты. Қуыршақтың көңілін көтеру үшін аяқ киімін қайдан тауып береміз? Қане жан жағымызға қарайықшы. Іздеп көрейік.

- Балалар, біздің топқа аю келіпті, қолында сиқырлы қобдишасы бар екен, қане ішін ашып көрейік. Міне қызықты қараңдар, мұнда таныс заттар бар екен. Аю жүрген жерлерінде сиқырлы қобдишасына жоғалып кеткен, көзіне көрінген заттарды жинаған екен. Біздің топтыңда заттары, ойыншықтары да осында сақталған екен.
(Қобдишаны ашып ішіндегі заттарды бір - бірлеп балаларға көрсету)
- Мынау не?
Балалар:
- Күшік.
- Күшік қалай дыбыстайды
- ав,- ав.
- Мынау не?
- Мысық.
- Мысық қалай дыбыстайды?
- Мияу,- мияу.
- Ал, мынау не балалар?
- Әтеш.
- Әтеш қалай дыбыстайды?
- Ку - ка - ри - ку.
- Мынау не?
- Қоян.
- Қоянның құлағы қандай болады?
- Ұзын.(Құлағын қолмен көрсету)
- Ал, енді мынау не?
- Сылдырмақ.
- Сылдырмақ сылдыр - сылдыр етеді.

Өте жақсы балалар. – Балалар, қобдишада сендердің топта киетін аяқ киімдеріңе ұқсас бір сыңарлы аяқ киімдер сақталған.
(Қобдишадан бір - бірлеп аяқ киімдерді шығарып балаларға көрсету. Мынау кімнің аяқ киімі деп көрсетіп сұрау. Таныған бала, менің аяқ киімім немесе менікі деп айту.)
- Мынау көк түсті гүлі бар аяқ киім кімдікі?
Томирис:- Менікі.
- Ақ түсті (туфли) аяқ киімі кімдікі?
Гаухар:- менікі.
- Ой жақсы балалар сендер өз аяқ киімдеріңді таныдыңдар. – Енді мынау қызыл аяқ киім кімдікі? Дұрыстап қараңдаршы?
- Ол қуыршақтың аяқ киімі.
- жарайсыңдар балалар, шынымен бұл қуыршақтың аяқ киімі екен. Қане қуыршақтың аяқ киімін кигізейік. – балалар, қуыршаққа қараңдаршы, көңілі жақсы көтеріліп қуанып, сендерге рахмет айтып жатыр. Енді бәріміз орнымыздан тұрып аяғымыздың әдемі аяқ киімдерімізді көрсетіп тарсылдатайық.

Балалардың іс - әрекеті.
Балалар қуыршақпен қуана амандасады.
Балалар күн шуағын шақырып, бір – біріне жылу таратады. Қолдарын алға созып үрлеп келген қонақтарға жылу сыйлайды.
Балалар әдемі қуыршақты көріп таң қалады және қуанады.
Балалар қуыршақпен қуана амандасады.
Балалар қуыршақпен танысады.
«Бантик» сөзін айтып қайталайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Әр сұрақтарға қимылмен көрсетіп жауап береді.
- Көйлек киген.
«Көйлек» сөзін айтып қайталайды.
Балалар қуыршаққа аяушылық танытып, жан - жағына қарап тәрбиешімен бірге қуыршақтың екінші аяқ киімін іздейді.

Балалар аяқ киімдерін бірі біріне көрсетіп, - Топ – топ басайық қуыршақтан озайық.- деп әндетеді.
Рефлексивті түзету. Қойған сұрақтарға жауап берген әр баланың есімдерін атап мадақтайды. Балалар қуыршақтың аяқ киімін тауып бергеніне қуанады.

Білу: Заттардың айырмашылығын білу;
Игеру: Сұрақ қою арқылы тілдерін жаттықтыруға игеру:
Меңгеру: Қысқа әрі жеңіл сөздерді айтуға меңгеру.
14 343
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Станцияларда ойнаймыз «Пайдасын кім біледі?»
Станцияларда ойнаймыз «Пайдасын кім біледі?»
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсат - міндеттері: А) Балалардың дұрыс тамақтану, мезгіл өзгерістеріне сай киіну үлгісі туралы біліктерін жүйелеу, кеңейту, ойын элементтерін қолдану арқылы дұрыс тамақтанудың пайдасын түсіндіру;
Қуыршақ бізде қонақта
Қуыршақ бізде қонақта
Тәрбиешінің үлгісі бойынша сөйлем құрап, айта білуге үйрету. Балалар қуыршақтың келбетіне қарап, оның шашының, көзінің түсін, көйлегін, аяқ киімін өз беттерінше суреттеп әңгімелеу.
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Үлгі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білуі білігін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгертуге баулу. Эстетикалық талғамын арттыру. Балаларды ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстауға баулу. Бірін - бірі сыйлауға, кішіпейілділікке
Қуыршақ киімдерінің түстері
Қуыршақ киімдерінің түстері
Балаларға түстерді ажырата білуге үйретуді жалғастыру. Заттарды негізгі қызыл, сары, жасыл, көк төрт түске топтастыра білу дағдыларын ойын арқылы жетілдіру, сөздік қорларын дамыту. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Сүйкімді күшік
Сүйкімді күшік
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12 Балабақша тәрбиешісі Аманғожина Халима
Бөлме гүлдері «Кактус»
Бөлме гүлдері «Кактус»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру салалары: Қатынас Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: Бөлме гүлдері «Кактус»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×