Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түймедақтар әлемі

17 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Жапсыру
Тақырыбы: «Түймедақтар әлемі»
Мақсаты: балаларды көктемгі көрінісін бейнелей білуге үйрету.
Қайшымен жұмыс жасау іскерлігіне баулу. Табиғат тіршілігі жайлы түсініктерін кеңейту.
Қоршаған адамдарға қуаныш сыйлай білуге, қамқор болуға үйрету.
Керекті құралдар: түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, гүлдер, гүлдердің суреті, қуыршақ.
Дәлелдеу.
Тәрбиеші мен балалардың іс – әрекеті.
Тәрбиеші балаларға гүлді ұсынып, осы гүлді бір - біріне сыйлап, жылы сөздерін айту, тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте - бірте көбейіп тәрбиешінің өзіне бір құшақ гүл - тілек шоғы болып оралады - өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады деп балаларға түсіндіріп айтылады.
Балалар бір – біріне гүл беріп жылы сөздер айтады.
Тәрбиеші:
Көктемде, көктемде
Күн нұрын төккенде
Көк шыбық былтырғы
Көгерді құлпырды.
- Қай жыл мезгіліне арналған өлең?
- Көктем мезгіліне.
- Өте дұрыс балалар, Қане көзімізді жұмып көктем мезгілін көз алдымызға суреттеп елестетейік.
- Жып - жылы жел соғып тұр. Қар еріп, суға айналып, су топыраққа сіңіп, топырақ жұмсарып, жер бетін жасыл шөп басты. Қылтиып бәйшешек те шыға бастады. Балалар құстарға ұя жасап, ағаштардың бұтағына ілуде. Қайтып келген құстар сайрауда. Мал – жан күннің көзіне шығып шуақтануда. – Енді көзімізді ашамыз - Сонымен бұл қай жыл мезгілі?
- Көктем мезгілі.
- Балалар, мына жерде нені көріп тұрсыңдар?
- Гүлдерді, өсімдіктерді көріп тұрмыз.
- Бәріміз гүлдерді жақсы көреміз бе?
- Ия, жақсы көреміз.
- Балалар, біз балабақшаға келгенде таңертең гүлдерді суарамыз, жапырағының шаңын сүртеміз, ал, кешкісін үйге қайтатын уақытта гүлдерге ауа жұту үшін топырағын қопсытамыз. Өйткені олар тірі табиғатқа жатады.
- Гүлдермен тағы не істеуге болады?
- Гүлдермен сырласуға болады.
- Гүлдер адамдарға не сыйлайды?
- Қуаныш сыйлайды.
Осы кезде есік қағылады. Қонаққа қуыршақ келеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 057
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларды коллаж жанрымен таныстыруды жалғастыру үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Гүл салынған ваза
Гүл салынған ваза
Қағазды бірнеше бүктеу арқылы қию әдісіне жаттықтыру, затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру; қол бұлшық еттерін дамыту, математикалық ұғымдарын бекіту, сұлулықты сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу.
В. Сухомлинский. «Ақ шаш» Ғ. Орманов «Ана»
В. Сухомлинский. «Ақ шаш» Ғ. Орманов «Ана»
В. Сухомлинскийдің «Ақ шаш» мәтінінің негізгі мазмұнын ашу және Ғ. Ормановтың «Ана» өлеңінің мағынасын терең түсіндіру. Міндеттері: Мәтіннің, өлеңнің мазмұнын мағынасын ұғындыру.
Күзгі орманға саяхат
Күзгі орманға саяхат
Күз мезгілі жайлы білімдерін пысықтау, табиғаттағы өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру жалпы табиғат жайлы түсінік беріп, өлі - тірі табиғат дегеніміз не оны айту, жыл мезгіліне байланысты жәндіктер, құстар, аңдар, өсімдіктер өмір сүруге
Көктемгі орманға саяхат
Көктемгі орманға саяхат
Тақырыбы: Көктемгі орманға саяхат
Көктемгі гүлдер
Көктемгі гүлдер
Қорғалжын ауданы, Дружба орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Рахимжанова Әлия Шортанбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×