Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Қазақстан» Қасым Аманжолов

11 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Тақырыбы: «Қазақстан» Қасым Аманжолов
Мақсаты:
Білімдік: Ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: білім жетілдіру, жеке қабілетті дамыту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: интерактивтік, сұрақ - жауап, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, магнитті тақта, фломастер, оқулық, дәптер.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық
2. 1 - сандықша «Жұлдызым жоғары» / үй тапсырмасын тексеру, бекіту
3. 2 - сандықша «Ол ақын еді» Жаңа тақырыпқа кіріспе, «Жаңа толқында» /жаңа тақырыппен жұмыс
4. 3 - сандықша Мәтінмен жұмыс
5. 4 - сандықша Сөздік жұмыс
6. 5 - сандықша Сергіту сәті 7. 6 - сандықша Шығармашылық тапсырма
Дәптермен жұмыс
8. 7 - сандықша Қорытынды. не түсіндік, не ұқтық?
9. 8 - сандықша «Бірге ойланайық!» /бекіту
10. 9 - сандықша Үй тапсырмасын түртіп алу
11. 10 - сандықша Рефлексия. Кері байланыс
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық
- Сәлеметсіздер ме балалар! Қане, қонақтарымызбен амандасып жіберейік.
- Сабағымызға келгендер,
Сәлем бердік, бәріңе.
Ізгілікке сенгендер,
Сәлем бердік бәріңе!
Өз бақытын өзгемен
Тең бөлісе білгендер
Сәлем бердік бәріңе!
Бір - біріне қарап: Сәтті өтсін сабағымыз, Ашық болсын қабағымыз!

- Мен де сендердің қабақтарыңның ашық болуына тілектеспін! Рахмет, балалар отыра қойыңдар. Ендеше, сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін ана тілі сабағымызды бастайық. - Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздік күніне орай алатын жалаушаларға байланысты болмақ. Мектебіміз әр сыныпқа түрлі тапсырмалар беріп тәуелсіздік күніне орай дайындық шараларын бастап кетті. Міне, бізге берілген тапсырма мектеп алаңындағы қоршауға жалаушалар ілу болатын. ол жалаушаларды алу үшін біздің біліміміз сыналмақ. Ол үшін біздерге берілген 10 сандықша бар екен, сол сандықшаларымыздың тапсырмаларын орындаймыз. Жалаушалар 3 түсті болып келеді. (Түсіндіру.)

2. Үй тапсырмасын тексеру ( сұрақ - жауап әдісімен тексеріледі)
3. Жаңа сабақты хабарлап, түсіндіру.
а) Сабақтың тақырыбын ашу. (Математикалық ребус арқылы)
Құпия сөз."Қазақстан"
ә) Автор туралы түсінік (Слайд - шоудан автор туралы видеоны көрсету және сызбадан түсінік беру.
б) Мұғалімнің сабақты түсіндіруі
4. Түсініксіз сөздермен жұмыс.
Түсініксіз сөздерді өлеңді оқыту арқылы таптыра отырып, талдау жүргізу.
Қазақстан
Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,
Баршы өзің, көңіл қойып қарашы!
Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,
Жеріміз бар қасиетті, киелі,
Сен бақытты, атам қазақ баласы
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз!
Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
Ел намысын ешбір жауға бермейміз.
Сертің осы азат жігіт, азат қыз!

5. Сергіту сәті. Көңілді би терапиясын орындату.
6. Дәптермен жұмыс. Шығармашылық тапсырма
Ақын сөздерін берілген сөздермен сәйкестендіру.
Дәптерлеріне орындаған сөз тіркестерін жазу.
7. Бекіту
(Сұрақ - жауап арқылы алған білімдеріне қорытынды жасалынады)
Сұрақтар:
- Қ. Аманжолов деген кім?
- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Қазақстан өлеңінде не туралы айтылған?

- Өлең неше шумақтан тұрады?
8. Қорыту. Не түсіндік, не ұқтық?
4 жол өлең жолдарын тақтадағы берілген тірек сөздермен құрастырады және жеке оқытылып мадақталады.
Мәселен: -
-------------------------- барамын.
--------------------------- саламын
--------------------------- аламын.
--------------------------- баламын
9. Үйге тапсырма. Үй тапсырмасын мұғалім нұсқауымен түртіп алу.
- Қазақстан өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу.
- Қазақстан туралы әңгіме жазып келу.
10. Рефлексиялық кезең. Тапсырманың орындалуы және мектеп айналасын Тәуелсіздік күніне орай безендіру.
Бағалау. (Жинаған жалаушаларға байланысты оқушылар формативті бағаланады.)
9 543
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Дауыл» өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Ақын Қасым Аманжолов туралы мағлұмат ала отырып «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсініп, өлеңдегі негізгі ойды ашады, қорытынды жасай білуге үйренеді
Қазақстан. Қасым Аманжолов
Қазақстан. Қасым Аманжолов
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы. Бастауыш сынып мұғалімі Ахмедина Майра Канатовна
Қасым Аманжолов «Қазақстан» өлеңі
Қасым Аманжолов «Қазақстан» өлеңі
Атырау қаласы №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Өтегалиева Клара
Қазақстан. Қасым Аманжолов
Қазақстан. Қасым Аманжолов
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Т. Г. Шевченко атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ералина Райса Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×