Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан. Қасым Аманжолов

23 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қазақстан. Қасым Аманжолов.
Мақсаты: Білімдік: - ақын өмірінен мағлұмат беру;
- өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;
Дамытушылық: шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау
Тәрбиелік: отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: білім жетілдіру, жеке қабілетті дамыту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: интерактивті, сұрақ - жауап, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
Көрнекілігі: Графпроектор, магнитті тақта, фломастер, оқулық, дәптер.

Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық
2. «Жұлдызым жоғары» / үй тапсырмасын тексеру, бекіту
3. «Ол ақын еді» /поэзиялық сәт
4. «Ұлы тұлға» /Жаңа тақырыпқа кіріспе
5. «Жаңа толқында» /жаңа тақырыппен жұмыс
6. «Сұхбат» / мәтін бойынша сұрақ - жауап
7. «Бірге ойланайық!» /бекіту
8. «Тілек» /Рефлексия

Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық
2. Сәлеметсіздер ме, балалар! Қане, қонақтарымызбен амандасайық.
- Сабағымызға келгендер,
Сәлем бердік, бәріңе.
Ізгілікке сенгендер,
Сәлем бердік бәріңе!
Өз бақытын өзгемен
Тең бөлісе білгендер
Сәлем бердік бәріңе!
Бір - біріне қарап: Сәтті өтсін сабағымыз,
Ашық болсын қабағымыз!
- Мен де сендердің қабақтарыңның ашық болуына тілектеспін! Рахмет, балалар отыра қойыңдар.
Ендеше, сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін ана тілі сабағымызды бастайық.
- Сыныпта кім жоқ?
- Үйге қандай тапсырма берілді?

2. «Жұлдызым жоғары» Үй тапсырмасын тексеру, бекіту
- Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Жұлдызым жоғары»ойынын ойнаймыз. Әр сұраққа жауап берген сайын өз жұлдызымызды жарқыратып жағып отырамыз.
Сабақтың тәртібін сақтап, қол көтеріп қана жауап береміз.
Сонымен бірінші сұрақ:
*Өткен сабақта кім туралы оқыдық?
*Қайрат кім? Ол қандай адам?
*Қорқу, сескену сөздерін Қайрат қалай түсіндіреді?
*Қорқақтық деген сөзді қалай түсіндіреді?
*Енді, ізденіс жұмыстарына кезек берейік, Қайрат туралы тағы не білеміз?
*Желтоқсан құрбандарынан тағы кімдер туралы білесіңдер?
Жарайсыңдар, балалар, барлығың жабыла көмектесіп, ең жарық, ең жоғары жұлдызды жақтыңдар. Бұл жұлдыз кімнің жұлдызы екенін көрейік,
(тақтада Қайраттың суреті шығады.)
- Бүгінгі сабақтың ең жарық жұлдызы, ең биік жұлдызы Қайраттың жұлдызы екен. Қане, жұлдызының бес тармағына Қайраттың бес қасиетін тізіп шығайықшы? батыр
Қайрат

халық қаһарманы
Отан сүйгіш
қайсар рухты ақын (плакатқа топтастырады)

3. «Ол ақын еді» Поэзиялық минут
- Ия, балалар, ол ақын да еді. Оның түрмеде қорқып, сескенбестен, алда тұрған асыл міндеттерді жүзеге асыруға үндейтін жігерлі, жүрек тебіренісіне толы жазған өлеңдерінен үзінді тыңдап көрейік.
«Желтоқсан желі»әнінің әуені ойнатылады. Нұрасыл, Алишер, Бекзат Қайраттың өлеңдерінен үзінді оқиды.
Қайрат Рысқұлбеков «Ақтық сөзі»
Самат
"Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар!"

Әлібек
Алатаудай бабалар,
Әруағыңмен жебей көр,
Қаймана қазақ қамы үшін
Қарусыз шықтық алаңға
Алыстан әскер алдырып,
Қырып салды табанда,
Сөйлесем даусым жетпейтін,
Кез болдық мынау заманға»

4. «Ұлы тұлға» /Жаңа тақырыпқа кіріспе
- Балалар, бүгін біз тағы бір отан сүйгіш ақынмен танысамыз. Халқымыз «Қыран қанатты» деп баға берген Қасым Аманжолов аталарың.
Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Осы кезге дейін танысқан басқа авторларымыз сияқты ол да мұғалімдік мамандықты таңдаған ақын. Сонымен бірге, ол өзге тілде жазылған шығармаларды қазақ тіліне шабыттана аударатын аудармашы да болған.
Ол - 1941 - 45 жылдары өткен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын. 1955 жылдың 18 қаңтары күні ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болады.

5. «Жаңа толқында» Жаңа материалмен танысу
- Қазір, осы Қасым атамыздың «Қазақстан» деген үлкен шығармасынан үзінді оқып, танысамыз.
1. Мұғалімнің оқуында «Қазақстан» өлеңі тыңдалады.
- Өлең ұнады ма, балалар?
- Не туралы айтылған екен?
2. Іштен оқыту
- Ұнаса, енді өзіміз оқып шығайық. Қолдарыңа карандаш алып, түсініксіз сөздердің астын сызып отыруды ұмытпаңдар.
3. Сөздік жұмысы
Балқаш – Балқаш өзені маңындағы өндірісті қала(картадан көрсету)
Қас тағдырдың қиқаңы - қиындықтың ауыртпалығы т. б. оқушылар таныс емес деп тапқан сөздермен жұмыс жасау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 766
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов Көктем
Қасым Аманжолов Көктем
Өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп және нақышына келтіріп оқиды.
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Дауыл» өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Қасым Аманжолов «Қазақстан» өлеңі
Қасым Аманжолов «Қазақстан» өлеңі
Атырау қаласы №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Өтегалиева Клара
«Қазақстан» Қасым Аманжолов
«Қазақстан» Қасым Аманжолов
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т. Жүргенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурманова Жадыра Файзоллакызы
Қазақстан. Қасым Аманжолов
Қазақстан. Қасым Аманжолов
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Т. Г. Шевченко атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ералина Райса Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×