Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шылау

12 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Шылау
Сабақтың мақсаты:
а/ Оқушыларға шылау туралы жалпы түсінік беріп, шылау сөздермен таныстыру;
ә/Өткенді қайталай отырып,, өзіндік жұмыс істеуге, сауатты жазуға дағдыландыру;
б/ Көркем жазуға, ұқыптылыққа, жинақылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, көрнекіліктермен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, бір шоқ гүл, сөзжұмбақ, үлестірме. слайдтар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық: Тақтада « Сабақтарыңа сәттілік тілейміз!» сөзі ілініп тұрады.
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі жақындап келеді? (Көктем)
- Олай болса, «Осы көктем сияқты көңіліміз көтеріңкі болсын!»,- деп бір - бірімізге бір шоқ гүл ұсына отырып, әдемі тілектерді айтайық.
/ балалар айтып болғаннан кейін, арттағы 1 мұғалім балаларға сәттілік тілейді/
- Балалар, біз сабақта 2 топқа бөлініп « Білімділер», «Алғырлар» болып жарыс сабағын өткіземіз. (2 топқа бөлініп, ұрандарын даярлап, айтады)

ІІ. Өткенді қайталап, тексеру.
« Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуінің кездесуі»- көрініс.
Байлықтың сұрақтары: « Білімділер» тобына
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)
2. Жуық мәндес сөздер...(Синоним)
3. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)
4. Ң жазылатын бір сөз ата. (қараңғы)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу)
6. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)
7. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)
8. Жалқы есімдер қалай жазылады?
9. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Жақсы)
10. һ әрпі жазылатын сөзді ата.
Бақыттың сұрақтары: «Алғырлар» тобына
1. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша... (жалғау)
2. Қарсы мәндес сөздер... (антоним)
3. Жалпы есімдер қалай жазылады?
4. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер... (сан есім)
5. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?)
6. Батыр сөзіне жуық мәндес сөз... (мықты, шымыр)
7. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз... (биік)
8. Ф әрпі жазылатын сөздер... (фонтан)
9. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер... (сын есім)
10. Туынды сын есім қалай жасалады? (түбірге жұрнақ жалғау)

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ақылдың сөзі: Балалар, бәріміз экранға қарап, сөзжұмбақты шешейік.
- Ендеше, бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Шылау.
/ күннің жадын жазып, тақырыпты жазу/
526 - жаттығу - ауызша талдау
Шылау - сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы.
Жеке тұрғанда толық мағынасы жоқ, өздігінен жеке сөйлем мүшесі бола алмайды.
Енді назарымызды мына картаға аударайық
/ әр топ карта бойынша айтады.
Ежелгі астаналарға саяхат

1 - топ: Орынбор қаласы
Орынбор – тұңғыш астана. 1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялық республика болып құрылды. Орынбор бас қала болып саналды.
1731 жылы Әбілхайыр хан Ресейге қарау туралы ант берді. Орынбордың кадет корпусында қазақтың 30 - дан астам жігіттері білім алған. Қазақ халқын алғаш өнерге, білімге үндеген “Айқап” журналы осы қалада басылып шыққан.

2 - топ: Қызылорда қаласы
Қызылорда 1925 - 1929 жылдары Қазақстанның астанасы болды.
Оның алғашқы атауы Ақмешіт болды. 1925 жылы Қызылорда болып ауыстырылды. Ал 1925 - 1929 жылдары Қазақстан автономиялы республикасының орталығы болды. Ал 1938 жылы 15 - қаңтарда Қызылорда облысы құрылып, орталығы Қызылорда қаласы болды.

3 - топ: Алматы қаласы
1927ж. 2 наурызында ҚазАССР - ң ОСК - і астананы Қызыл - Ордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады.
1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма - Атадан Алматыға ауыстырылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
Қазіргі астанамыз туралы не білесіңдер?

Ауызша талдау:( шылау сөздерді табу)
Ежелгі астаналардың бірі - Орынбор. Ол ХХ ғасырдың басында қазақ мемлекетінің астанасы болған. Содан кейін Қызылорда қаласы да, Алматы қаласы да Қазақстан астаналары болған. Олар туралы тарихи кітаптардан оқыдық. Еліміздің қай астанасы болса да заманына сай кәсіпорындар мен ғимараттары, зауыт пен фабрикалары болды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 733
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Етістік
Етістік
Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді ЕТІСТІК дейміз. Етістіктің сұрақтары: Не істеді? Қайтті? Не қылды?
Септеулік шылау
Септеулік шылау
Шылау туралы алған білімдерін толықтыру, септеулік шылаудың өзіндік ерекшелігін таныту.
Сөйлем
Сөйлем
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы, №4 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жанесенова Айнұр
Одағай
Одағай
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Шылау
Шылау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Зәуреш
Адамның дене мүшелері
Адамның дене мүшелері
Шылаудың жазылу ережелерімен таныстыру, сөйлем мен сөз тіркестерін құрату. Шылау туралы білімдерін толықтыру, ойын жинақтай білуге дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×