Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұраулы сөйлем

12 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру, жан - жақты ойлауға үйрету.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, тірек - сызба, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық;
Бізге ашық күн керек,
Аспан керек мөп - мөлдір.
Қуанышқа тұр бөлеп,
Бақытты өмір төккен нұр.
ә) сабақтың мақсатымен таныстыру
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек. Бүгінгі сабақта сөйлем туралы білімімізді жетілдіріп, сұраулы сөйлем туралы мағлұмат аламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) – Үйге қандай тапсырма берілді? (229 - жаттығу, жоспар бойынша әңгіме құрау)
Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.
ә) Өткен тақырыпты бекіту
- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (сөйлем)
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Кіріспе әңгіме.
- Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Табиғат дегеніміз не?
Бізді қоршаған орта.
- Бүгін сабақта табиғатқа әлеміне саяхат жасаймыз.
- Балалар, мына суреттен қай жыл мезгілін көріп тұрмыз?
- Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
- Тағы нелерді көріп тұрсыңдар?
Балалар мен бағанадан бері не істедім? (Сұрақ қойдыңыз.)
- Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)
- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады. Сенің атың кім?
Балалар енді «Құстар әлеміне» саяхатқа шығамыз

IV. Оқулықпен жұмыс.
230 - жаттығу
Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
Көлге келіп қонады,
Көлдің көркі болады.
Аңшы бірақ атпайды,
Аққудың бар обалы, (А. Ершуов)
– Сені өсірген баптап кім?
Аққу неткен аппақсың?
– Таза ауада жүремін,
Тұнық суға жүземін. (Қ. Толыбаев)
- Сөйлемнің соңына назар аударшы, қандай тыныс белгісі бар?
- Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
- Балалар енді екі өлеңді салыстырайықшы. Салыстыру үшін нені білуіміз керек?
Ұқсастығы мен айырмашылығын.
Веен диаграмасы
- Аққу туралы не білеміз?
- Балалар аққу туралы ойдан жұмбақ құрастырып көрейікші
Енді, балалар «Жәндіктер әлеміне» саяхатқа шығамыз.

V. Таза жазу минуты. Дәптермен жұмыс. 231 - жаттығу.
Мәтінді оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту.
- Көке, мынау не төбешік?
- Илеу деген не?
- Бүкіл құмырсқа бір - ақ үйде тұра ма?
- Олар тату тұра ма?
Тізбектей оқу
Құмырсқа туралы не білетіндерін сұрау.
Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды.

VІ. Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдік
Жерге қарап күн көрдік
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Балалар біз 1 желтоқсанда қандай мейрамды тойладық?
Тұңғыш Президент күнін
ҚР президенті кім?
16 желтоқсан қандай күн?
«Су әлеміне» саяхат
VІІ. Өзіндік жұмыс. 232 - жаттығу.
Мына жағдайларды білу үшін сұраулы сөйлем жаса.
- Сабақтың басталатын уақыты;
- сыныптағы кезекшінің есімін
- Асқардың сабаққа кешігу себебін;
- қазақ тілінде дауысты дыбыстардың санын.

VІІІ. Жұмбақ шешу
Өзім сөзден тұрамын.
Біткен ойды құрамын.
Сөйлем
Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін.
Хабарлы сөйлем
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.
Сұраулы сөйлем
Балалар «Аспан әлеміне» саяхатқа шығамыз.
233 - жаттығу.
1. Іштен оқыту.
2. Рөлге бөліп оқытып, сұрақтар қою.
- Бұлттар қайда қонады?
- Бұлттар – таудың қонағы.
- Құстар қайда қонады?
- Құстар – талдың қонағы.
- Қаңбақ қайда қонады?
- Қаңбақ – сайдың қонағы.
- Қармақ қайда қонады?
- Қармақ – судың қонағы.
(Несіпбек Айтов)
- Қандай сөйлемдер оқыдыңдар?
- Талдау
ІХ. Көрініс:
Сөйлемнің түрлері:
Нүкен
Ей, кішкентай ғана нүкте!
Сенің осы керегің жоқ – ау түкке.
Керек болсаң, айта қойшы,
Сырыңды менен бүкпе.
Нүкте.
Мен сөйлемнің соңында тұрам.
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орнында тұрам.
Тиянақты ойдың біткенін білдірем. Сөйлем соңына таман,
Дауысыңды бәсеңдетіп үлгерем.
Мен емес пе бөліп тұрған ой арасын?
Сұраған.
Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,
Осы саған не керек?
Сұрақ белгісі.
Киноға барасың ба?
Газет аласың ба?
Деген секілді сөйлемдерді
Кейде оқушы сен секілді
Тыныс белгі қоймай кетеді,
Өзің айтшы білсең,
Осылардың соңында,
Қандай белгі келеді?
Ілебай.
Осы сен неге айғайлай бересің!
Сөйлемде қандай мағына бересің?
Жөн - жосығынды түсіндірші,
Жазуға қандай жерге келесің!
Леп белгісі.
Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күледе білемін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбінесе көтеріңкі, көңілді жүрем.

Х. Қорытынды.
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Балалар ұстаздарға қандай уәде береміз?
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
ХІ. Үй тапсырмасы. 234 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.
ХІІ. Бағалау.
5 130
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем
Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем
Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру. Оқушыларды білімділікке, ойлылыққа жетектеу, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нұрманова Ботагөз
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, М. Жұмабаев атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Турсынбекова Халида Хамитовна
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы О.А.Жаутіков атындағы №1 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алимжанова Ақерке Сагатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×