Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұраулы сөйлем

10 наурыз 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру, жан - жақты ойлауға үйрету.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: тірек - сызба, суреттер, аққала

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық;
ә) сабақтың мақсатымен таныстыру
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек. Бүгінгі сабақта сөйлем туралы білімімізді жетілдіріп, сұраулы сөйлем туралы мағлұмат аламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) – Үйге қандай тапсырма берілді? (229 - жаттығу)
Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.
ә) Өткен тақырыпты бекіту
- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (сөйлем)
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Кіріспе әңгіме.
- Балалар, тақтадағы жазуға қарайықшы, не жазылып тұр? Кім оқиды? (сұрақ - жауап әлемі)
- Тағы қандай әлемдер болады деп ойлайсыңдар? (ертегілер, хайуанаттар, құстар, кітаптар, балалар, сиқырлар, т. б.)
- Бүгін сабақта сұрақ - жауап әлеміне саяхат жасаймыз.
- Балалар, тақтаның алдынан тағы нені байқадыңдар? (шарлар)
- Балалар, қараңдар, мына шарлардың ішінде бір нәрсе бар. Бұл не нәрселер? Не істейміз?
- Қалай аламыз?
ә) Оқушыларға шардағы қағаздарды алғызып, сөйлемді оқытып сұрақтарға жауап алу.
1 - шар: - Сенің атың кім?
2 - шар: - Нешінші сыныпта оқисың?
3 - шар: - Сабақтарың нешеде басталады?
4 - шар: - Сабақтан бос уақытта не істейсің?

Сұрақтар: - Оқыған сөйлемдерің қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар?(сұраулы сөйлемдер)
- Неге?
- Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)
- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Оқулықтағы ережені хормен оқыту.
б) Осыны тірек - сызба арқылы көрелік.

IV. Оқулықпен жұмыс. 230 - жаттығу (слайд)
Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
- Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
- Өлеңдерде не туралы айтылған?
- Аққу туралы не білеміз?

V. Дәптермен жұмыс. 231 - жаттығу.
Мәтінді оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту.
- Көке, мынау не төбешік?
- Илеу деген не?
- Бүкіл құмырсқа бір - ақ үйде тұра ма?
- Олар тату тұра ма?
Құмырсқа туралы не білетіндерін сұрау.

VІ. Сергіту сәті.
VІІ. Тақтамен жұмыс. 232 - жаттығу.
Мына жағдайларды білу үшін сұраулы сөйлем жаса.
- Сабақтың нешеде басталғанын білу үшін;
- Асқардың сабаққа неге кешіккенін білу үшін;
- Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыс бар екендігін сұрау.

VІІІ. 233 - жаттығу.
1. Іштен оқыту.
2. Рөлге бөліп оқытып, сұрақтар қою.
- Қандай сөйлемдер оқыдыңдар?
- Сұраулы сөйлем қалай оқылады?
ІХ. Шығармашылық диктант. Сұраулы сөйлемге айналдыр.
1. Қар қалың жауды.
2. Қасқыр – жыртқыш аң.
3. Анар қалада тұрады.

Х. Қорытынды. Ойын «Аққала»
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем нешеге бөлінеді?
3. Сұраулы дегеніміз не?
4. Сұраулы сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?
Сонымен, бүгінгі сабақта сұраулы сөйлем туралы білдіңдер. Келесі сабақта әлі де үйренетін боласыңдар.

ХІ. Үй тапсырмасы
ХІІ. Бағалау
53 419
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем
Сөйлемнің түрлері. Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем
Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру. Оқушыларды білімділікке, ойлылыққа жетектеу, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау. Өз бетінше жұмыс жасауға баулу, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нұрманова Ботагөз
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Шығыс Қазақстан облысы, "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Омаргазина Мақпал
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, М. Жұмабаев атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Турсынбекова Халида Хамитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×