Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұраулы сөйлем

02 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 - сынып
Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Сұраулы сөйлем туралы мағлұмат беру, сөйлем түрлерін ажыратуға үйрету.
Дамытушылығы: Сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйретіп, сауатты жазуға дағдыландыру. Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелігі: Үлкенді сыйлай білуге, әдепті ұйымшыл болуға тәрбиелеу. Көркем жазуға баулу.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
А) психологиялық дайындық: «5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнерменен өрістеп,
Өсе берсін санамыз.
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды жақсы тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып шығарып салуымыз керек.

ІІ. Өткен тақырыпты бекіту. Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? ( сөйлем)
Ойын: «Мен бастаймын, сен жалғастыр»
Сөйлем аяқталған... (ойды білдіреді)
1. Сөйлем сөзден... (құралады)
2. Сөйлемдегі сөздер... (бөлек жазылады)
3. Сөйлемнің бірінші... (сөзі бас әріппен басталып жазылады)
4. Сөйлемнің соңына... (не нүкте, не сұрау белгісі, не леп белгісі қойылады)
5. Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған
сөйлемді... (хабарлы сөйлем)
6. Хабарлы сөйлемнен кейін... (нүкте қойылады)

ІІІ. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме.
- Бүгін сабақта сұрақ - жауап әлеміне саяхат жасаймыз.
- Балалар, тақтаның алдынан тағы нені байқадыңдар? (шарлар)
- Балалар, қараңдар, мына шарлардың ішінде бір нәрсе бар. Бұл не нәрселер? Не істейміз?
- Қалай аламыз?
Оқушыларға шардағы қағаздарды алғызып, сөйлемді оқытып сұрақтарға жауап алу.
1 - шар: - Сенің атың кім?
2 - шар: - Нешінші сыныпта оқисың?
3 - шар: - Сабақтарың нешеде басталады?
4 - шар: - Сабақтан бос уақытта не істейсің?
Сұрақтар: - Оқыған сөйлемдерің қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар? (сұраулы сөйлемдер)
- Неге?
- Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)
- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады. Мысалы: Сенің атың кім?

Оқулықтағы ережені оқыту.
1. Күн жадын жазу.
2. Көркем жазу. (Б әрпін дәптерлеріңе әдемі жазу)
ІV. Оқулықпен жұмыс. 175 - жаттығу.
Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
- Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
- Өлеңдерде не туралы айтылған?
- Аққу туралы не білеміз?
Аққу – сұлу, нәзік құс көлде сырғып жүзеді аққу қамыстың ішіне ұя салады ол – сақ құс басқа құстардан өзгеше сұңқылдаған даусы бар аққу – киелі құс.

V. Дәптермен жұмыс. – Әрі қарай орындайтын жаттығуларымыз сұраулы сөйлемге байланысты болмақ.
176 - жаттығу. Мәтінді оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту.
- Құмырсқа туралы не білеміз? Неге тақырыбы: «Табиғат тәрбиесі» деп аталып тұр?
- Құмырсқа – тірі жәндік. Мәтіннен ұққанымыздай құмырсқалар ұйымшыл тату, еңбекқор. Мекені – илеу. Адамзат баласына тәрбие қандай болса, құмырсқаларда да табиғат тәрбиесі бар.
- Көкек, мынау не төбешік?
- Илеу деген не?
- Бүкіл құмырсқа бір - ақ үйде тұра ма?
- Олар тату тұра ма?

VІ. Сергіту сәті.
VІІ. Тақтамен жұмыс. 177 - жаттығу.
Мына жағдайларды білу үшін сұраулы сөйлем жаса.
- Сабақтың басталатын уақытын;
- Сабақ сағат нешеде басталады?
- Сыныптағы кезекшінің есімін;
- Бүгін кезекші кім?
- Асқардың сабаққа кешігу себебін;
- Асқар сабаққа неге кешікті?
- Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың санын;
- Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?

VІІІ. 178 - жаттығу.
1. Іштен оқыту. 2. Рөлге бөліп оқытып, сұрақтар қою.
- Қандай сөйлем оқыдыңдар?
- Сұраулы сөйлем қалай оқылады?
ІХ. Шығармашылық диктант. Сұраулы сөйлемге айналдыр.
1. Сәуле кітапханаға барды. 2. Қасқыр – жыртқыш аң. 3. Анар қалада тұрады.
Х. Қорытынды. «Венн жүйесі» арқылы оқушылардан хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлем туралы сұрап толтыру.
ХІ. Үй тапсырмасы. 179 - жаттығу
ХІІ. Бағалау
13 618
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем
Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем
күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Шығыс Қазақстан облысы, "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Омаргазина Мақпал
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, М. Жұмабаев атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Турсынбекова Халида Хамитовна
Сөйлем
Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы О.А.Жаутіков атындағы №1 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алимжанова Ақерке Сагатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×