Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем сәні

21 ақпан 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні (презентация)
Сабақтың мақсаты:
1. Ертегі мазмұны арқылы көктемгі табиғаттың жылылық ерекшелігін аңғарту. Қазақ халық ауыз әдебиеті жанрларымен таныстыруды одан әрі жалғастыру.
2. Ой - өрістерін, тіл байлығын, шығармашылық ойлау қабілеттерін, әдеби дүниетанымын дамыту;
3. Табиғатты қорғауға, әсемдікті түсіне білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі; Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау, жеке жұмыс, топтық жұмыс, бағалау әдісі, постер әдісі.
Тапсырма көздері: Жұппен жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ - жауап, сауалнама
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
• Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу
Гүлдер, құстар, аңдар
• Көңіл - күй ахуалын туғызу
Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

ІІ. Өтілген материалды пысықтау
• Алдыңғы сабақта өтілген "Жазғытұры","Жазғытұрым" өлеңдерін жатқа сұрау
• Топпен жұмыс
«Жұптас – ойлан – бөліс» әдісі
1топ. Абай - ұлы ақын
2-топ. Көктем қандай тамаша!
3-топ. Көктемгі табиғат
• Графикалық диктант (иә - жоқ - -)
1. М. Әуезов қазақтың ұлы жазушысы
2. Шидем - ешкі жүнінен тоқылған сырт киім
3. К. Табей желтоқсан туралы жазды
4. Мамыр - қыс айы
5. Қоян жыртқыш аң емес

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Қызығушылықты ояту
Үнтаспадан "Көктем келді" әні жүріп тұрады
Тақтада көктем тақырыбына байланысты суреттер көрсетіледі
- Қане, айналамызға зер салайық. Сіздер қандай көңіл - күйдесіздер?
- Көңілдің көтерілуі қай жыл мезгіліне тән? Неге?
- Көктемгі табиғи өзгешелік қандай адамның мінез - құлқына тән?
- Сыныбымызда осындай мінез - құлықтағы оқушылар бар ма?

2. Топтық жұмыс.
Постер әдісі"Көктем қандай тамаша!"
Постермен жұмыс жасайық,
Қызықтан қалыс қалмайық
Топ болып қызық жарыста,
Намыспен топты қорғайық

3. Мәтінді өз бетінше оқытып, топ ішінде талқылау
1 - топ. Ертегі түрін анықтау, дәлелдеу
2 - топ. Мәтіннен Қызыл Кітапқа енген жануарлардың сөзін тауып оқу
3 - топ. Мәтіннен аңдардың сөзін тауып оқу

4. Мәтін бойынша сахналық қойылым

5. Шығармашылық тапсырма
Дәптерге өздерінің қалаған аңның суретін салу, сол аңды бір сөзбен сипаттау
6. Толықтыру «Мен - саған, сен - маған»

Мақал - мәтелдің жалғасын тап
1. Сәуір болса, күн күркірер,
Күн күркіресе, көп дүркірер.
2. Наурыздан соң қыс болмас,
Мизамнан соң жаз болмас.
3.«Көктемде бір тойдым,
Көбік қарда бір тойдым»
4. Жазғытұрым жел жардай атанды жығар
5. Мезгілі жетсе мұз ерір.

7. Сызбамен жұмыс
Топтастыру "Көктем сәні"
ІҮ. Сабақты бекіту
• Қандай шығармамен таныстық?
• Қандай жанрдағы шығарма?
• Кейіпкері кім?
• Ертегі саған ұнады ма? Несімен ұнады?
• Өзіңе жыл мезгілдері ішінен қайсысы ұнайды? Несімен?
Ү. Бағалау
Өз - өздерінің бағалауын ұйымдастыру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 994
0
  • 80
4 дауыс


Жаңалықтар
Көктем сәні халық ауыз ертегісі
Көктем сәні халық ауыз ертегісі
Ертегінің мазмұнын түсініп, мағынасын ашуға, еркін сөйлей білуге үйрету. Сөздік қорын, логикалық ойын, актерлық қабілетін дамыту. Табиғатты қорғауға, әсемдікті қадірлеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қасым Аманжолов «Көктем»
Қасым Аманжолов «Көктем»
Өлең мәнерлеп оқу арқылы негізгі идеяны ашу. Қызығушылықтарын арттыру. Сыни тұрғыдан ойлауға дамыту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Көктем сәні (ертегі)
Көктем сәні (ертегі)
Балаларға ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Хабарлы сөйлем
Хабарлы сөйлем
Атырау облысы, Жылыой ауданы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Көктем сәні (Ертегі)
Көктем сәні (Ертегі)
Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні (Ертегі) Сабақтың мақсаты: Білімділік. Ертегіні оқи отырып, табиғаттағы аң - құстардың тыныс - тіршілігімен, түрлерімен таныстыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×