Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қасым Аманжолов «Көктем»

07 қазан 2017, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Әдебиеттік оқу пәні
Сабақтың атауы: Қасым Аманжолов «Көктем»
Сілтеме: Әдебиеттік оқу оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы: интернет көздері, презентация, плакаттар
Жалпы мақсаттар: Өлең мәнерлеп оқу арқылы негізгі идеяны ашу. Қызығушылықтарын арттыру. Сыни тұрғыдан ойлауға дамыту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар арасында ынтымақтастық қарым қатынас орнайды. Өлең жолдарын топта талқылап, бір-біріне түсіндіруге, өз ойын еркін айтуға үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлай алады. Топтық жұмыс – ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелей отырып, білімге деген ынталары артады
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Ынтымақтастық атмосферасы Көңіл күй ахуалын туғызу:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз
«Ақ тілек, әсем күлкі»»
– Көңіл күйлеріңіз қалай?
– Керемет!
– Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
- Тамаша!
- Ынталарыңыз ше?
- Ғажап!
- Ендеше сабағымызды бастайық
- Ооооооо

Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген «Көктем сәні» ертегісін сұрау.
І топ: Рөлге бөліп оқу
ІІ топ: «Көктем сәні» топтастыру
ІІІ топ: Өздеріне ұнаған аңның суретін салып сипаттап айту.
Үй тапсырмасын пысықтау
Дұрыс па әлде бұрыс па? (иә, жоқ)
1. Ертегінің 3 түрі бар...
2. Көктем сәні ертегісі қиял - ғажайып ертегі түріне жатады?
3. Ертегінің авторы балады
4. Ертегіде айтылған аңдардың сөздері көктемнің сәні болып табылады
5. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр

Қызығушылықты ояту
1. Видеокөрініс
- Бұл көріністен қай жыл мезгілін көріп тұрсыздар?
- Әрине көктем мезгілі. Ендеше бүгін біз Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен танысамыз.
Дәптерлерін ашып күннің жадын жазу.

2. Тұлғаны таны.
Қасыммын сол баяғы бір Қасыммын,
Бақытын ойламайтын құр басымның
Тымырсық түнек болсын - дұшпаныңмын,
Ақ көңіл болсаң сырласыңмын...- деп, өзі туралы өлеңмен айтып, өзіне - өзі мінездеме берген Қасым Аманжолов қазақтың көрнекі ақыны. 1911 жылдың 10 қазанында қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов атындағы ауылдың Қызыл тауының баурайындағы Ақтайлақ елді мекенінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Ән салуды, домбыра, скрипкада, күйсандықта ойнауды жақсы меңгерген.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қ. Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын иесі.

Бейнекөріністен көктем мезгілі екенін неден аңғардыңдар?
*Судың сарқырап ағуы
*Құстардың ұшып келуі
*Ағаштардың бүршік жаруы
*Жерді жасыл шөп басуы
*Жан - жануардың ұйқыдан оянуы
*Адамдардың көктемгі еңбек етуі
*Күн мен түннің теңелуі
*Малдардың төлдеуі
*Күн жылынуы

Негізгі бөлім:
Оқулықпен жұмыс
1. Өлеңді мұғалімнің оқуы.
2. Үш топ оқушыларына тізбектетіп оқыту.
3. Мазмұнын ашу.

Дәптермен жұмыс
Өлеңдегі көркем сөздерді тауып жазу

Сергіту сәті
«Көңілді күн» видео

Ой толғаныс
Топ басшыларына тапсырма:
1. Бұлақ туралы не делінген?
2. Өзен туралы не делінген?
3. Көктемгі жаңбырды сипатта
Топтық жұмыс.
1 - топқа: Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады?
2 - топқа: Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?
3 - топқа: Көктемде балалар ойыны
Шығармашылық жұмыс.
1 - топ: «Көктем - көңілді мезгіл» тақырыбына эссе жазу.
2 - топ: Бес жол өлең
3 - топ: Көктем суретін салу
Кері байланыс

«Ашық микрофон» әдісі
- Бүгінгі сабақта қандай шығармамен таныстық?
- Көктем өлеңінің авторы кім?
- Қ. Аманжолов кім?
- Көктемнің ерекшелігі неде?
- Көктем несімен ұнайды?

Рефлексия
«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.

Үй тапсырмасы
Өлеңді жаттау.
Бағалау «Бағдаршам»
Бүгінгі сабақ түсінікті болды ма?
Жасыл - ия түсіндім
Сары - түсінгендей болдым
Қызыл түс - түсінген жоқпын
- Ортақ бағалау парағы.
Шығармашылық жұмыс
Оқушылардың өзін - өзі бағалауы.
Әр топқа ұшақ, машина, велосипед суреттері беріледі. Әр оқушы сабаққа қатысуларына қарай өздерін сол көліктердің біріне отырғызады:
«өте жақсы»- ұшаққа,
«жақсы» – машинаға,
«орташа» – велосипедке.
Жүздеріңнен күлкі кетпей, көктемнің күніндей жарқырап жүре беріңдер деген ниетпен және де бүгінгі сабаққа белсенділік танытып қатысқандарыңыз үшін сіздерге күліп тұрған смайликті беремін.

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш пәні мұғалімі Қажапова Ұлболсын Темірбекқызы

Қасым Аманжолов «Көктем» жүктеу
1 865
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов Көктем
Қасым Аманжолов Көктем
Өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп және нақышына келтіріп оқиды.
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Қасым Аманжолов. «Көктем»
Ақын Қасым Аманжолов туралы мағлұмат ала отырып «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсініп, өлеңдегі негізгі ойды ашады, қорытынды жасай білуге үйренеді
Қасым Аманжолов «Көктем»
Қасым Аманжолов «Көктем»
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Альмусина Жанар Сайлауовна
Көктем сәні. (Ертегі)
Көктем сәні. (Ертегі)
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бибінұр Құлмұханбетқызы Сеиітова
Қасым Аманжолов «Көктем»
Қасым Аманжолов «Көктем»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жаңылсын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×