Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


2 санын қосу кестесі

25 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу кестесі
Мақсаты: Білімділік: 2-ні қосуды және азайтуды тиянақтай түсу барысында 2-ні қосу кестесін
құрастыру және қосылғыштардың біреуі 2 болып келген жағдайдағы
санның құрамы жайлы оқушылардың білімін бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың жан - жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтауын, іс
жүзінде қолдана білуге үйрету. Ауызша, жазбаша қосып, азайтуға
дағдыландыра отырып, ойын есептер арқылы ойлау қабілеттерін
дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, салыстыру, жарыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемнен арзан ізет жоқ
Сәлемнен қымбат құрмет жоқ - қонақтармен сәлемдесу.
1. Сабаққа керекті құрал – жабдықтарын түгендеу.
2. Зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
Осындай кесінді сыз. Кесіндінің ұзындығын 2 см арттыр. Кесіндінің ұзындығын 2 см кеміт.
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушыларды үш топқа бөлу. Топ жетекшісін сайлау.
І топ. Үшбұрыш
Бұрыштарын табамыз
Бұған келер шамамыз
Анау-мынау сұрақты
Шемішкедей шағамыз
ІІ топ. Төртбұрыш
Төртбұрышқа үшбұрыш
Үй төбесін жабамыз
Ақыл - қайрат күш қуат
Еңбекпенен табамыз

ІІІ топ. Дөңгелек
Біз фигура дөңгелек
Бізге жылы сөз керек
Бұрышын тауып қиналмай
Бізді алда дөңгелет
Балалар сендерге жұмбақ шешкен ұнай ма?
Олай болса математика сабағын бастамас бұрын мына жұмбақтың шешуін табыңдаршы.
Жапалақтап жауады
Жердің бетін жабады
Бұл не аппақ мақтадай?
Кәнеки кім табады? (Қар)
Қар қай мезгілде жауады?
- Қыс
Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Қар жауады
- Балалар қазір қыстың қай айы?
- Желтоқсан айының соңында біз қандай мейрамды атап өтеміз?
- Жаңа жылда ең алдымен үйлеріңде не құрасыңдар? Біз бүгінгі сабағымызда Аяз ата мен Ақшақар әкелген шыршаны ойыншықтармен безендіреміз. Ал ол үшін біз сабақ бойы тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек. Тапсырманы дұрыс орындаған балаға Аяз ата әкелген сыйлықтар беріледі. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
І тапсырма
«Қандай сандар жетіспейді»
Кіші көршім оң жақта
Үлкен көршім сол жақта
Тұрушы еді қасымда
Қайда кеткен жан - жаққа
балалар берілген тапсырманың орындалуын өздері түсіндіріп, экранда берілген сандарға байланысты қалып қойған сандарды табады
І Топ ---------------------------- ІІ топ -------------------- ІІІ топ
... 4... 6.. 8... 10 --------------- 2.. 4.. 6.. 8.. -------------... 1.. 3.. 5.. 7.. 9...
10... 8... 6.. 4.. 2... ------------... 6.. 4.. 2.. 0 -------------... 8.. 6.. 4.... 2... 0
ІІ тапсырма. «Кім жаңылыспайды»
Бәрің бірге 10 деп тағы
Қайта есепке көш деймін
Оннан қайта кері санап
Бірге дейін жет деймін
- балалар 10 - ға дейін өсу ретімен және кему ретімен жаңылыспай жылдам санап шығуымыз керек
ІІІ тапсырма(Оқулықтағы 1 есеп)
Даминоға қарап бос әйнекшелердің орнына тиісті сандарды қой.

ІV тапсырма.
Оқулықтағы 2 есеп.
Қосу таңбасына байланысты қандай тақпақ білеміз?
Мен қосумын сол үшін мақтанамын
Барлығын достастырып шаттанамын
«Қалт етіп қағып ал, жауабын тез тауып ал»
Доп лақтыру арқылы есептің мәнін табу.
2+2=4 3+2=5 4+2=6 5+2=7
6+2=8 7+2=9 8+2=10
V тапсырма.
«Есепке қалайсың капитан» капитан командаларының сайысы. Экранда берілген есептерді жылдам шығару керек.
Қалған отырған балаларға орында отырып шығаратын есеп
Сурет бойынша есеп құрастыру
VІ тапсырма.
- Балалар жұмбақ шешкенді ұнатамыз ба?
- Иә
Олай болса Аяз ата мен Ақшақардың математикалық жұмбақтарын шешіп көрейік
І топ
А) Аулада 5 үйрек
Қорада 4 үйрек
1үйрек тығылды
1үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек?

ә) Ал балалар балалар
Қағазбенене қалам ал
Екі ешкінің мүйізі
Қане кімдер табады
Сонда қанша болады?

ІІ топ
10 асықтың үшеуін
досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
өз қолыңда қалады
ІІІ топ
Төрт алмасы солында
Екі алмасы оңында
Неше алма барлығы
Кірпінің өз бойында?

VІІ тапсырма.(Оқулықтағы 4 есеп)
Азайтқышы 2 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап
Азайту амалымын
Әділдікті жақтаған
Артық кетсе біреуге
Дереу алып тастаған

VІІІ тапсырма.
Мұқияттау қарайық
Үшбұрыштар санайық
Үлкені мен кішісі
Бәрі қанша? Табайық....

ІV. Үй жұмысы.
Үйге 3 есеп
Ең ұзын кесіндіден 1см қысқа кесінді сыз. Ең қысқа кесіндіден 1см ұзын кесінді сыз. Өзің сызған кесіндінің ұзындықтарын салыстыр.
Бағалау
5 593
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
3 санын қосу кестесі
3 санын қосу кестесі
Өткен сабақтарда игерген оқушылардың білімін, икемін, машығын пысықтау, 3 санын қосу кестесін түсіндіру
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы,Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Измұханова Салтанат
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
1-сынып. Математика Тақырыбы: 4 санын қосу және азайту
2 – ні қосу және азайту тәсілдері
2 – ні қосу және азайту тәсілдері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Рационал сандарды азайту
Рационал сандарды азайту
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №6 Хромтау гимназиясының математика пәнінің мұғалімі ЕсжановаГулжазира Базаргаликызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×