Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Қыс" Абай Құнанбаев

27 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Қыс. Абай Құнанбаев

Сабақ мақсаты: Білімділігі: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірімен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу. Оқушыға қыстың қатаң көріністерін түсін -
ру, өз ойын жүйелі байланыстырып айта білуге үйрету, оқу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылығы: елестету, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін, сөздік қорларын, сөйлеу тілдерін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелілігі: Әр маусым ерекшеліктерін байқата отырып, табиғат сұлулығын тануға, қоршаған орта мен өмірлік болмысты табиғат құбылыстарын бақылау
арқылы салыстыру.

Сабақ типі: Жаңа білім беру.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау – жинақтау, ізденушілік, топтастыру.
Көрнекілігі: Жыл мезгілдері туралы слайд, Абай Құнанбаев суреті.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Қызығушылығын ояту.
Отан деген - әр адамның жүрегі,
Оған ел де жер де, су да кіреді.
Отанымды бар әлемге паш еткен
Президентім - мақтанышым, тірегім! (Президент суреті)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар, «Өткен өмір» деген бөлімді аяқтап отырмыз. Бұл бөлімде қазақ халқының бастан кешкен қиындықтары мен тәуелсіздікке жету тарихын әңгімеледік. Осы бөлімді «Үзінді» ойыны арқылы тиянақтайық. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Отырар қаласын арабтар қалай атаған?.
2. Батырлар жырын бізге жеткізушілер.
3. Қонақты күтем деп жылан шаққан бала қай мәтіннен?
4. Абылайдың шын аты.
5. Абылай кімнің тәрбиесінде болды?
6. Әкесімен бірге түрмеде отырған бала?
7. Тұрар Рысқұлов кім?
8. Ж. Жабаев туралы жазылған шығарма қалай аталады?
9. Желаяқ баланың аты кім?
10. Құрманғазы Сағырбайұлы кім?
11. Тоғыз шет тілін білетін ғалым?
12. Төле, Қазыбек, Әйтеке кімдер?
- Бөлімде халқымыздың өмір тарихы, қилы заман кезеңдері, ерлік, елдік дәстүрлері толық қамтылған екен.

ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Кіріспе. Сұрақ - жауап арқылы.
♦ Бір жылда неше мезгіл бар?
♦ Әр мезгілге қандай сипаттама берер едіңдер? (күз, көктем, жаз - үш топқа)
♦ Қазір қай мезгіл?
♦ Қыста қандай мерекелер болады? (Слайд президент, тәуелсіздік )
♦ Қыста қандай өзгерістер болады?
♦ Қыс мезгілі несімен қызық?
♦ Қыс айларын ата.
♦ Қыс мезгілі туралы топтастыру жасайық.
Қыс

Мұз, үскірік, қырау, суық, қар, боран, бұрқасын, аяз, тайғақ, шана

қыс айлары, қысқы мерекелер
«Қыс» бейнесі слайд көрсету, әңгімелесу.
- Олай болса, бүгін біз «Қыс бейнесі» деген жаңа бөлімді бастаймыз.

2. Абай Құнанбаев жайлы слайд.
- Балалар, мына суреттен көріп отырған қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, кемеңгер, дана, ұлы ақынымыз туралы не білеміз?
Абай
(ғалым, ұстаз, ойшыл, ақын, сазгер, дана, аудармашы, күйші, қара сөздің шебері)
- Абай атамыздың бұрын қандай өлеңдерін оқыдық?
- Абай өлеңдері жастарды өнер - білімге, еңбек етуге үндейді.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Абайдың табиғат сұлулығы жайлы жазылған
«Қыс» өлеңі. (Өлеңді слайдтан көрсету)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ - сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті - қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз - ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

3. Мәтінмен жұмыс.
Мұғалім оқып береді, оқушылар тыңдайды.
1. Сөздік жұмыс. Оқшырайтып - бір шекесіне сәндеп кию.(слайд)
Шидем - жұқа тоқылған сырт киім.
Ұшпа - жеңіл, жұқа қар.
2. Оқулықпен жұмыс:
А) Іштей, кезек, теріп оқыту, мәнерлеп оқу.

3. Өлеңге талдау жасау. «Кубизм» әдісі арқылы.
1 - топ: Ақын қысты кімге теңеді? (қысты адамға, кәрі шалға)
2 - топ. Шалдың киімдері қандай? (ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)
3 - топ: Киім деп отырғаны не? (Жауып тұрған қар, қатқан мұз)
1 - топ: Ақын суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? (ақ киімді, ақ сақалды
Аяз атаға)
2 - топ: Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал, соқыр, мылқау сияқты)
3 - топ: Соқыр – мылқау деген себебі не? (Ол ештеңе көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады)
1 - топ: Түр, түсі қандай? (түсі ақ, қырау сияқты, суық)
2 - топ: Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер? (Қатал, ашулы адам)
3 - топ: Ақын балалар мен малшыларды қалай суреттеген?
(ойнаған балалардың беті - қолы тоңып, малшылар жылы киінсе де аязға шыдамай теріс қарайды)

8. Сергіту сәті: Қыс келді, алақай!
Ақ күміс қар жауды.
Ағаштар, бұталар,
Ақ қарға оранды.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту: Шығармашылық жұмыс:
1 - топ: Табиғат құбылыстарына қарап жасайтын қандай халықтық болжамдар айту.
2 - топ: Күз бен қысты салыстыру.
3 - топ: Қыс туралы мақалдар айту.
Ү. Қорытындылау. « Әңгімелеу кестесі»
Мәтін тақырыбы:
Авторын ата.
Кейіпкерлерді ата.
Қай мезгілді, қай кезеңді суреттеген?
Не білдік?
ҮІ. Бағалау.
ҮІ. Үйге: Өлеңді жаттап келу. Қыс туралы сурет салып келу
9 621
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмір оның шығармалары туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңнің мазмұнымен идеясын ашу.
«Күз» Абай Құнанбаев
«Күз» Абай Құнанбаев
Күз өлеңінің мазмұны мен идеясын ашады. Ақын Абай Құнанбаев жайлы мағұламаттары кеңейеді.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
«Күз» Абай Құнанбаев
«Күз» Абай Құнанбаев
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Сәду Маржангүл Көшкінбайқызы
Қыс. Абай Құнанбаев
Қыс. Абай Құнанбаев
Тақырыбы: Қыс. Абай Құнанбаев Мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Күз Абай Құнанбаев
Күз Абай Құнанбаев
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×