Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Менің туым" Б. Үсенбаев

27 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің туым. Б. Үсенбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Өлеңді мәнерлеп оқуға; оқығанын жүйелі баяндай білуге қалыптастыру, өлеңдегі ақынның айтайын деген ойын түсіндіру арқылы оқушыларды ел рәміздерін құрметтей білуге үйрету.
Дамытушылық: Сөйлеу тілін, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, шығармашылық жұмыстар арқылы ойын еркін айтуға, қиялын, арманын іске асыруға жетелеу.
Тәрбиелік: отансүйгіштікке, өз елін, жерін қорғай білуге, ел рәміздеріне құрметке тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа білім беру.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың өткізудің әдіс - тәсілдері: ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

1. Қызығушылығын ояту.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы алғаш көріп қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Желтоқсан тағлымы» өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Бірақ осы күнге жету үшін біздің халқымыз қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан өткізді. Қаншама жылдар бойы Қазақстан тәуелсіздік алуға тырысты.
Бір сәтке өткенге көз жіберейік.
Бейнетаспа ( Желтоқсан көтерілісі)

Мұғалім: Бүгін біз бәріміз Қазақстанның астанасы болған бас қалаларына саяхатқа шығамыз.

1 - аялдама. «Қызылорда» Слайдтар көрсету.
1925 - 1929 жылдары Қазақстанның астанасы болды.
«Үзінді» ойыны арқылы сұрақтарға жауап бересіздер.
• Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан қабылдады?
• Еліміздің бас қаласын ата.
• Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
• Тұңғыш Президент қашан сайланды?
• Тұңғыш Президенттің атын ата.
• Ел рәміздері қашан қабылданды?
• ҚР Конституциясы қашан қабылданды?
• Мемлекеттік Елтаңбаның авторларын ата.
• Әнұранның авторларын ата.
• Мемлекеттік Тудың авторларын ата.

2 - аялдама.» Орынбор»
1920 - 1925 жылдары Орынбор бас қала болып жарияланды. 2 - слайд.
2. Мағынаны тану.
а) Ел рәміздерінің, авторларының суреттерін көрсету. 3 - слайд
Авторы – (суретші Ш. Ниязбеков)
Күн – өмір сүрудің белгісі. Күн сәулесі Қ - ң барлық жеріне нұрын шашып, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.
Қыран – киелі, қасиетті құс. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын дегенді білдіреді.
Ою – қазақ халқының мәдениетінің бір көрінісі.
Түсі – көк. Ашық аспан мен тыныштықтың белгісі.
Ту – тік бұрышты, 2х1
ҚР – ның Туы еліміздің үкіметтік ғимараттарында ілінеді. Сонымен қатар мемлекеттік мерекелерде қала алаңдарында ілінеді.
Спорттық жарыстарда, халықаралық іс – шараларда қазақ елінің көк Туы көтеріледі.
3. Оқулықпен жұмыс.
ә) Өлеңді мәнерлеп оқу.
4. Жаңа сөздермен жұмыс.
в) Шоқтығым, таңдай қаққан, шартарап, сыңармын, тыныштықтың деміндей деген жолдардың мағынасын түсіндіру.

3 - аялдама. «Алматы» Алматы қаласының көріністері. 4 - слайд.
1929 - 1997 жылдар аралығында астана болды. Алматы - мәдениет пен өнер, білімнің орталығы. Медеу спорт кешені – бүкіл республика мақтанышы.
Қалада 100 - ге жуық жоғары оқу орындары, ондаған театрлар, концерт, кинозалдар бар. Республика тәуелсіздігінің белгісі - Алтын адамның мүсіні алыстан көз тартады.
5. Өлеңге талдау жасау
г) Өлең сендерді қандай сезімге бөледі?
- Қазақстан туын сипаттап бер.
- Өлең мазмұнына сай қандай сурет салуға болады?
6. Оқушыларға мәнерлеп оқыту, теріп оқыту.

ІҮ. Сабақты қорытындылап, бекіту
4 - аялдама. « Астана» 5 - слайд
1997 жылы саяси, экономикалық, халықаралық жағдайларға байланысты республиканың бас қаласы - Ақмолаға көшірілді. Әсем Есілдің жағасын бойлай Президент сарайы, Парламент ғимараты, Еуразия университетінің корпусы т. б. ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдындағы қазақтың үш биі: Төле би, Қазыбек би. Әйтеке бидің ескерткіштері халқын болашаққа бастағандай бейнеленген. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні - жас Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жарқын да бақытты болашағының символы. Астана қаласының символы - Бәйтерек ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты.
1 - топ. Өлең жолдарын жалғастыру:
................ күлімдеп, (Күн шықты)
................ әлемге. (Шуағын шашып)
................ гүлденді, (Қазақ елі )
................ бар елге. (Танылды енді )
2 - топ. Өлең мазмұнына сай сурет салу.
3 - топ. Отан, ел, жер туралы мақалдар айту.

Ү. Қорытындылау: «Әңгімелеу кестесі» арқылы.
Өлең атауы.
Авторы.
Не туралы?
Ту белгілері қандай?
Не үйреніп, не білдік?
ҮІ. Бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
Өлеңді жаттап келу.
Көрші мемлекеттердің туларының суреттерін жинау
8 783
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Елбасы – Ұлт мақтанышы
Елбасы – Ұлт мақтанышы
Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана - сезімі жоғары, саяси - құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Наурыз туралы өлеңдер (Қысқа мерзімді жоспарлар)
Наурыз туралы өлеңдер (Қысқа мерзімді жоспарлар)
Наурыз өлеңін оқып, ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы суреттеуі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.
Желтоқсан тағылымы. Мұхтар Шаханов
Желтоқсан тағылымы. Мұхтар Шаханов
Желтоқсан тағылымы. Мұхтар Шаханов
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×