Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буын

06 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Буын»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың буын туралы түсінігін дамыту, әріптен буын құралатынын, буынды дауысты дыбыс қана құра алатынын меңгерту. Қазақ халқының қолөнеріне баулу, олардың қолданылуын түсіндіру, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ұршық, жүн, алаша, текемет - киіз, плакат, сурет, сандықша, кеспе суреттер, ойыншықтар, т. б.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап ретінде талдау, жинақтау.
Сабақтағы ойын: «Сиқырлы сандық», «Не білесің?», «Ребус» ойындары ұйымдастырылады (ұршық, жүн, киіз пайдаланып ойын жалғасады)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Дене сергіту сәті «Самал жел»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Жұмбақ жазып келу тапсырғанмын. (1 - 2 оқушы оқып береді)
ә) Өткен материалды қайталау мақсатымен мына сұрақтарды қойдым:
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар қалай бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
б) Одан әрі сабақты көрнекілік арқылы жалғастырамын (ұршық, жүн, текемет).
- Мынау не?
- Бұл ұршық.
- Ұршық бізге не үшін керек?
- Жіп иіру үшін. Жіптен қолғап, т. б. тоқылады.
- Ұршық сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
- Екі.
- Олай болса, дауысты дыбысты созып айтып, ұршық сөзін буынға бөлейік. - - Ұр - шық.
- Неше буын болды?
- Екі.
в) Жүн, алаша, текемет, киіз сөздерін де осылайша буынға бөліп, неше дауысты дыбыс, неше буын бар екенін анықтаймыз (Жүн. А - ла - ша. Те - ке - мет. Ки - із).
г) Қойдың қандай пайдасын білесіңдер?
Қойды қырқамыз. Жүнін жуамыз. Көп апаларды жинап, киіз, текемет басамыз.
«Сиқырлы сандық» ойнында 3 оқушыға сөйлем құратамын.
(Киіз - текеметті көрсетемін)
Осыдан кейін дауысты дыбыстың ыңғайына қарай сөздердің бөлінуін буын деп аталатынын түсіндіріп, ал балалардың өздеріне сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын айтқызамын. Сөйтіп, тек дауысты дыбыс қана буынды құрай алатынын ескертемін.
д) Тіл дамыту жұмысы сурет арқылы жүргізіледі. Киіз үй ерте заманнан бері келе жатқан қазақ халқының үйі. Ол әрі ыңғайлы, ыстықта көлеңке, суықта жылы, т. б. киіз үй құралдары: кереге, уық, уықбау, шаңырақ, түндік, табалдырық, есік, т. б. (сурет бойынша әңгімелеу).
е) Сергіту сәті: «Қаздар»
Судың бойын жағалап,
Қаздар шықты га - га - лап...
ё) Тақтада 4 киіз үйдің суреті ілінген.
- Балалар, мынау менің туған жерім, «Қызылкөл» ауылы. Ауылдағы адамдар өмірін білу үшін әр үйге кіріп шығайық. Барлық үйде де дана адамдар тұрады.
1 - үйді жақсылап біліп алу қажет. Сондықтан мұқият болыңдар:
Буын туралы ережені қайталатамын. Өздеріне мысал келтірттім. Сурет арқылы доп, қой, ба - лық, қа - йық, шәй9нек.
2 - үйде білгірлер отыр. Солармен бірігіп жаттығулар орындайық. Плакатқа суреттер ілінеді.

110 - жаттығу.
А - ра ---------- ба - ла --------- қа - лам
А - ю ----------- ал - ма -------- қи - яр
О - ю ----------- ұ - я ----------- ке - рік

111 - жаттығу
Ба - ла - пан ------------- ұ - шақ
То - қыл - дақ ---------- мыл - тық
Көй - лек ---------------- жұ - мырт - қа
Кө - бе - лек ------------ кү - рек
Кө - гер - шін ---------- бал - та
Ти - ін ------------------- ша - на
Мы - сық
(«Ребус» - суретті жұмбақ шешу. Шешімінде тәрбие туралы мақал).
Сергіту сәтінде «Не білесің?» ойны ойнатылады (жаңылтпаш, жұмбақ, т. б.)
3 - үйде «Еңбекке» байланысты мақалдар. Оқушыларға қайталатып айттырып, мағынасын түсіндіремін.
- Ал, енді, үйге қайтатын уақыт та таяп қалды. 4 - үйге кіру үшін кім тақпақ, өлең айтады?
4 - үйде Қ. Мырзалиевтің «Ана тілі» өлеңінің шумағын жаттап, буындап айтты
7 475
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілі № 1. Тақырыбы: Сөйлем және сөз № 2 Тақырыбы: Дыбыс және әріп (5 - 9 жаттығулар) № 3 Тақырыбы: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 10 - 14 жаттығу. № 4. Тақырыбы: Буын және тасымал. 14 - 18 жаттығулар
Буын
Буын
Оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, буын түрлерін меңгерту.
Сөз. Буын
Сөз. Буын
Сөз, буын, дыбыс туралы ұғымдарды түсіндіру. Сөздің дыбыстардан құралатынын, сөзді бірнеше бөлікке бөлуге болатынын, ол бөлік «буын» деп аталатынын ұғындыру. Буын ұғымын меңгерту.
Буын буын түрлері
Буын буын түрлері
Буын түрлерімен танысады, дауысты дыбыс пен дуыссыз дыбыстың буын жасаудағы атқаратын ролін таниды. Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі – буын. Дауысты дыбыстар буын құрайды.
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпімен танысуы, сөз ішіндегі дыбыстың жуан дауысты екенін ұғынуы және сөздік қорының кеңеюі
Ұ әрпі мен дыбысы
Ұ әрпі мен дыбысы
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Ғилымғалиева Раушан Муслимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×