Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрсын Жұртбай "Қоңыр қозы"

06 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы. Тұрсын Жұртпай. Қоңыр қозы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мәтін авторымен,. Мұхтардың балалық шағымен таныстыру. Мәтін мазмұнымен таныса отырып, жүйелі сөйлеуге, өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Жазушының өмірін үлгі ете отырып, ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеп, өз елін, жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, мәтінге байланысты суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз
Тілеуің өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз
Өсек, өтірік, мақтаншақ
Еріншек бекер мал шашпақ -
Бес дұшпанын білсеңіз.
Талап, еңбек терең ой
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз.
Өлең жолдарын оқып, кімнің өлеңі екені сұралады. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Топқа тапсырма беремін, сол тапсырманы беру арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
1. Мәтіннің авторы:
2. Мәтіннің аты:
3. Мәтіндегі кейіпкерлер:
1 – топ - Тұрарды суреттейді
2 – топ - Атамырзаға мінездеме
3 – топ - Атамырзаның күлкісіне орай Иван Владимировичтің әңгімесі
Интерактивті тақтадан көрсетіліп тұрады.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық. Венн диаграммасы бойынша.
Жақсы...............
Жаман..................
- Сонымен балалар Абай атамыз «бес асыл іс» деп қандай қасиеттерді айтады
- Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
- Ал «бес дұшпан» деп қандай қасиетті айтады?
- Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншектік, бекерге мал шашпақ.
Ендеше, Тұрардың бойында осы қасиеттердің қайсысы бар?
- Бес асыл қасиетті байқаймыз.
- Осы ұлағатты ой айтып, жастарды өнерге, оқу білімге шақырған Абайды әлемге танытқан кім деп ойлайсыңдар?
- Мұхтар Әуезов

ІҮ. Жаңа сабақ
- Олай болса, бүгінгі сабағымыз қоғам қайраткері Мұхтар Әуезов туралы болмақ.
Тұрсын Жұртбай ағаларыңның «Қоңыр қозы» әңгімесімен танысамыз.
(Интерактивті тақтадан автордың портреті көрсетіледі)
Тұрсын Жұртбай

Ақын
Семей облысында туылған
Абай мен Мұхтар өмірлеріне қалам тартқан
Отырар кітапханасының ғылыми орталығының директоры
Филология ғылымының докторы, профессор

Ү. Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, оқулығымызды ашып, «Қоңыр қозы» мәтінін оқимыз.
1. Мәтін оқылады.
2. Әр бөлікке талдау жасаймын.
3. Мәтін астындағы сұраққа жауап беріледі.
4. Түсінген оқушылардан мазмұнын сұрау.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.
Дәптерге бүгінгі күннің ретін, өтілген тақырыптың атын жазу.
Мәтінде кездескен сөз тіркестерін жазып алу.
Сөз тіркестері: күн шуағы, түкті кілем, жасыл құрақ, мөлдір аспан, көгілдір толқынды.
ҮІІ. Сергіту сәті.
ҮІІІ. Топпен жұмыс.
Талдау стратегиясы. Әр топқа бүгінгі өтілген тақырып бойынша тапсырма беріледі.
1 - топ.
Мұхтар ауылының көктемгі көрінісін суреттейтін жолдарды тауып оқы, әңгімеле.
2 - топ.
Абай ауылының көрінісін суреттейтін тұсты тауып оқып, әңгімеле.
3 - топ.
Мұхтарды қандай көрініс қызықтырды? Мәтіннен тауып оқып, әңгімеле.
Әр топ берілген тапсырмалары бойынша өзара талдап, 2 - 3 оқушы оқиды. Мәтіннен тауып оқып көрсеткен соң, түсінгенін тақтада көрсетілген сурет бойынша әңгімелейді.

Қосымша мұғалімнің мәліметі.
- Сонымен, біз кімнің балалық шағымен таныстық. (Тақтадан Әуезов портреті көрсетіледі.)
Мұхтардың анасы да әкесі де Абай ауылымен іргелес араласып тұратын, көңілі жақын адамдар екен. Ал Мұхтар әжесі мен атасының бауырында өскен. Атасы Әуез үлкен ұлы Омархан мен келіні Нұржамалдан туған тұңғыш немересіне Мұхтар деп ат қойған.
Себебі «Мұхтар» деген сөздің «азат», «білімді», «таңдаулы» деген мағынаны білдіретінін көкірегіне түйген. Әуез қарт өзінің немересіне Абайдың өлеңдерін оқытып, жаттататын болған. Мұхтар сауатын әліппемен емес, Абай өлеңдерімен ашты. Осының арқасында:
Мұхтар Омарханұлы Әуезов - ғұлама ғалым, ірі қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор. Алматы қаласында Қазақ академиялық драма театры, әдебиет және өнер институты М. Әуезов атында. Оның атында көшелер бар. Алматыда туған ауылы Бөрліде, Ыстықкөлде мұражайы бар.

ІХ. Сабақты қорыту.
Сөзжұмбақ арқылы сабақ қорытылады.
Сұрақтары: 1. Ұшқыш ағамыздың фамилиясы.
2. Қоңыр қозыны жазған кісінің аты.
3. Телеарна
4. Абай ауылына келген мезгіл
5. Қасиетті тағам
6. Мұхтардың назары неге ауды?
Х. Үйге тапсырма.
1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу
2. Ұнаған көріністің суретін салу
Бағалау
7 472
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу, өз елін, туған жерінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша өткенді қайталау
Сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша өткенді қайталау
Оқушылардың сабақтас құрмалас сөйлемдер бойынша алған білімдерін бекіту. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;
Адам болу — арманым
Адам болу — арманым
Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту. - Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Бауман ауылы. Өзін-өзі тану және ағылшын тілі пәні мұғалімі Карабаева Назгул Есимовна
Қоңыр қозы. Тұрсын Жұртбай
Қоңыр қозы. Тұрсын Жұртбай
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бектиллаева Айша Исахановна
Қоңыр қозы. Тұрсын Жұртбай
Қоңыр қозы. Тұрсын Жұртбай
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т. Жүргенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурманова Жадыра Файзоллакызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×