Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам болу — арманым

23 ақпан 2018, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Адам болу — арманым
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, адалдық, татулық, сұлулық.
Пән мұғалімі: К. Айжарикова.
1 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам құндылығының маңызын түсіндіру.
Міндеттері:
- Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.
- Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.
- Жалпы адамзаттық құндылықтармен сусындаған азамат тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)
Оқулық, дәптер, шарлар, стикерлер,
күн суреті, жүрекше, бояулар, ақ беттер.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі. Тыныштық сәті.
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Балаларға Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Мультфильмі көрсетіледі.
Көрсетіліп болған соң мультфильм бойынша сұрақтар қойылады.
- Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?
- Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?

Сабақ барысын талдау.
Дәйексөз.
Адамның ең жаманы – талапсыз
(Бұл нақыл сөз Абайдың 44 - ші қара сөзінен алынды.)
— Мына сөзге назар аударайық. Өлеңде айтқандай, адам талаптанбаса, яғни бір нәрсеге ұмтылмаса, білуге құштарланбаса, алдына қойған мақсатына жетуге талпынбаса, өмірден бос қалады. Сондықтан да талап қылып, қолдан келгенше соған жетуге ұмтылу керек екен.

Мұғалім сыйы: Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз,
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз,
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма - жыл.
— Өлеңнен не түсіндіңдер?
— Адам болу, оған жетуге ұмтылдыратын бес нәрсе деп нені айтады?
— Неден аулақ бол дейді?

Ойын: « Мен адаммын»
— Қазір ойын ойналық. Ойынның шарты: Барлығың «Мен адаммын», өйткені…деп адамның ерекше қасиеттерін айтып шығасыңдар. Ойымызды жинақтап, шеңбер бойымен айтамыз.
— Мен адаммын, өйткені сөйлей аламын.
— Мен адаммын, өйткені ақылдымын.
— Мен адаммын, өйткені үлкенді сыйлаймын,
— Мен адаммын, өйткені ойлай аламын, т. б.

Ойын: « Мен қандай баламын?»
Шарты: Оқушыларға сары түсті қағаздар таратылады. Оқушылар осы қағаздан күннің шуақтарын қиып алып, өзінің киған «шуағына» әр бала өз бойындағы жақсы қасиеттердің бірін жазып, «шуақты» тақтаға кезекпен іледі. Ал мұғалім күннің ортасын, яғни дөңгелегін өзі қиып, ортасына «мен» деп жазып, тақтаға іледі. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.
Тапсырма.
Бес асыл іс
Талап, еңбек, терең ой,
қанағат, рақым
Бес дұшпан
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
еріншек, бекер мал шашпақ

Шығармашылық жұмыс.
- Балалар, адам бойындағы тағы да қандай жағымды, жағымсыз қасиеттерді білеміз? Сол білетінімізді қазір мына бетшеге жазайық.
(бетшені толтыру)
Ақ тізім
Қара тізім
Еңбекқор, шыншыл, әдепті, ұқыпты,
Қамқор, көпшіл
әдепсіз, өтірікші, еріншек, салақ,
мақтаншақ, тентек.
«Топпен ән айту».
«Болайықшы осындай» әні Сөзі мен әнін жазған: А. Меңжанова.
Дәптермен жұмыс.
- Қандай үй жануарларына қамқорлық жасағыларың келеді? Солардың (күшік, мысық, тауық, қоян, лақ, қозы, т. б.) суретін салыңдар
Үйге тапсырма.
«Мен кім болам?» тақырыбына арнап сурет салып келеміз

ОҚО, Шымкент қаласы,
Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы,
Атамекен ауылы, "Жібек жолы" жалпы орта мектебі
бастауыш пәні мұғалімі Миманжораева Гүлжан Қуанышқызы
3 656
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру, ертегі түрлеріне тоқталу. ”Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”ертегісінің негізгі идеясын ашу;
Қамқор болып өсемін
Қамқор болып өсемін
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Майтөбе ОММДШО шет тілі мен өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі, директордың оқу – тәрбие ісінің орынбасары Сайлыбаева Бақтыбала Аманбайқызы
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тусупова Аяжан Кенесовна
Есептерді шығару
Есептерді шығару
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру, ертегі түрлеріне тоқталу. ”Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”ертегісінің негізгі идеясын ашу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×