Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жіктеу есімдігі

14 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 4 - класс
Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігі

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Есімдік туралы түсінік, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру
ә) Дамытушылық: Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, сауатты жазып, оқу дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал ету. Сөз байлығын, сөздік қорын байыту, ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту Сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру..
б) Тәрбиелік: Оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру, грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа. тәрбиелеу, ұстазды құрмет тұтуға баулу, оқуға, білімге, деген қызығушылығын арттыру, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру,.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту
Әдіс - тәсілі: СТО стратегиялары, сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау, ажырату, салыстыру, дәлелдеу, жазба жұмысы, ізденіс әдісі
Көрнекілігі: тірек - сызба, сөзжұмбақ, слайд, деңгейлік тапсырма карточкалары, семантикалық карта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру.
ә)- Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр алдымен солармен амандасып алайық.
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Қайырлы КҮН!

ІІ. Психологиялық дайындық
– Балалар, жақында қандай мереке болды?
– 8 - Наурыз Аналар мейрамы!
– Аналарынды неге теңеп едіңдер?
– Күнге!
– Ендеше Аналарың жанында деп ойлап, еш қысылмай, өзінді еркін сезініп, Күнге – қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын,
Нұрын шашып жарығы мен мейірімін,
Көркін ашар мына әсем даланың.
- Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
12 - жаттығу бойынша «Наурыз» тақырыбына құраған мәтіндерін оқып береді
IV. Қызығушылығын ояту
- Балалар жаңа өздерін құраған мәтіндерінде бүкіл мұсылман жұртына ортақ мейрам Наурыз жайлы атап өттіңдер. Ендеше көктемнің тағы бір мерекесі Жаңа Жылға біз де дайындалайық.

IV Жаңа сабақ
1) Ой қозғау
- Алдымен Наурыздың сәні не екенін білу үшін мына жұмбақты шешіп тауып алайық.
Ұқсайтын шеңберге, қабырғасы жиылып, керіледі.
Жиһазы мол, кең бөлме, төбесінен жұлдыздар көрінеді. (киіз үй)
- Егер Мына киіз үй бөлшектерінің артындағы сұрақтарға дұрыс жауап берсек киіз үйді біртіндеп құрастырамыз.
- Алдымен мынаған назар аударайық. ЕСІМДІК сөзі неше әріптен құралса, есімдіктің сонша түрі бар екенін біз білеміз.. Қане мына сызбаға қарап есімізге түсіріп өтейік

Ендеше іске сәт!
1. Есімдік дегеніміз не?
2. Мен, сен, ол есімдіктің қай түріне жатады?
3. Кім? Не? Қанша? Есімдіктерін түріне қарай ажырат
4. Өздік есімдігіне мысал келтір
5. Сіз, әлдекім, өзіне, бұл, бүкіл есімдіктері ішінен жалпылау есімдігін тап
2) - Балалар, бүгін біз сабақта есімдіктің бір түрі жіктеу есімдігімен танысамыз, оларды қатыстырып сөйлем құрап, талдауды үйренеміз. Біз Үйді құрдық, енді Наурыздың ең басты тағамы Наурыз көжені әзірлейік. Наурыз көжеге салынатын тағам түрлерін еске түсіріп өту.
13 - жаттығуды орындайық. Оқушылар Қадыр Мырза Әлидің өлеңін мәнерлеп оқып, есімдіктерді табады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 795
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру.
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Олар: мен, сен, ол, біз, біздер, сіздер, олар. Жіктеу есімдігінің үш жағы және жекеше, көпше түрі болады.
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы" Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Есбосынова Жансая Махамбетқызы
Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктері
Атырау қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Есенова Сауле Тулегеновна
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы, Құдықағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигалиева Көгершін Шаукенқызы
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігі
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бегалы ауылы Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Избасова Салтанат Абатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×