Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есімдік. Жіктеу есімдігі

11 ақпан 2016, Бейсенбі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даулетова Алмагүл

Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Жіктеу есімдігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есімдік, жіктеу есімдігі туралы түсінік беру. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, бір – бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, СТО элементтері, өзін - өзі бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, дүниетану
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Зейіндерін сабаққа аудару.
3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4. Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Сөзжұмбақ шешу
1. Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табын не дейміз?(Сан есім)
2. Заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді(Есептік)
3. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?(қанша? неше? нешеу? нешінші?)
4. Болжалдық сан есімдер..., шақты, жуық деген көмекші сөздер 10 - нан ары қарайғы сандарға жалғанады.(шамалы)
5. Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді.(болжалдық)
6. Бөлшектік сан есімнің құрамы(күрделі)
7. Екі не одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім (күрделі)
1. Қызықты мағлұмат.
1. Түнде сауылған сиыр сүті ұйықтататын дәрі сияқты әсер етеді.
2. Қолтырауынның майы жасыл түсті болады.
3. Кейбір қарлығаш ұшып жүріп ұйықтайды екен.
4. Төрт тізесі бар жалғыз аң – піл.
5. Бегемоттар су астында туады.
6. Колибри жүре алмайды.

ІІІ. Жаңа сабақ
Есімдік
Құрамына қарай

Дара - Күрделі
Жасалу ж. қ.

Негізгі - Туынды

Мағынасына қарай

Жіктеу есімдігі
Сілтеу есімдігі
Сұрау есімдігі
Өздік есімдігі
Жалпылау есімдігі
Болымсыздық есімдігі
Белгісіздік есімдігі

Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Олар: мен, сен, ол, біз, біздер, сіздер, олар. Жіктеу есімдігінің үш жағы және жекеше, көпше түрі болады.

IV. «Артық білім кітапта»Оқулықпен жұмыс
141 - жаттығу
Жіктеу есімдіктері: ол, сен, сені, мен
2. Қызықты мағлұмат.
1. Шегірткенің қаны – ақ түсті.
2. Өзін өзі айнадан танитын жалғыз аң – шимпанзе.
3. Жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс – пингвин.
4. Жолбарыстың жүні ғана емес, терісі де жолақ.
5. Жылқының сүйегі адамдікінен 18 - ге артық.
6. Жердегі жануарлардың ішінде ең жүрегі үлкен аң – керік

V. Тақтамен жұмыс.
142 - жаттығу
Біз - жіктеу есімдігі, І жақта, атау септігінде тұр
Біздің - жіктеу есімдігі, І жақта, ілік септігінде тұр
Сені - жіктеу есімдігі, ІІ жақта,- і тәуелдік жалғаудың ІІ жағы
Бізге - жіктеу есімдігі, І жақта, барыс септігінде тұр
Сенімен - жіктеу есімдігі,- і тәуелдік жалғау ІІ жақ,- мен көмектес септікте тұр
Сенің - жіктеу есімдігі,- ің

3. Қызықты мағлұмат.
1. Дельфин бір көзін ашып ұйықтайды.
2. Түйеге қарағанда егеуқұйрық шөлге төзімдірек.
3. Жыландар қоректенбей үш жыл ұйықтай алады.
4. Ұлудың тістері тамақты майдалау үшін, тілінде орналасқан.
5. Бүйі екі жылға дейін, кенелер он жылға дейін қорексіз өмір сүре алады.
6. Бассыз тарақан тоғыз күнге дейін өмір сүреді, содан кейін аштан өледі.

VI. Дәптермен жұмыс
143 - жаттығу
Сені - жіктеу есімдігі, ІІ жақ (анайы),- і тәуелдік жалғаудың ІІ жағы
Менің - жіктеу есімдігі, І жақта, ілік септігінде тұр
Сен - жіктеу есімдігі, ІІ жақта, атау септікте тұр
Менде - жіктеу есімдігі, І жақта, жатыс септігінде тұр.

Толық нұсқасын жүктеу
6 959
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Есімдіктің түрлері. Жіктеу есімдігі
Есімдіктің түрлері. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік қалыптастыру, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат бере отырып, ерекшелігін ұғындыру. Есімдік туралы түсініктері қалыптасады, оның ішінде жіктеу есімдігімен танысады, ерекшеліктерін ұғынады.
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы" Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Есбосынова Жансая Махамбетқызы
Есімдіктерден өткенді қайталау
Есімдіктерден өткенді қайталау
Атырау қаласы, №6 орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ихуанова Гүлзада Зинеденовна
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы, Құдықағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигалиева Көгершін Шаукенқызы
Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігі
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бегалы ауылы Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Избасова Салтанат Абатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×