Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызыл кітап құпиясы

01 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру аймағы: Таным.
Бөлімдер: Айналамен танысу.

Тақырыбы: Қызыл кітап құпиясы.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабы» туралы түсініктерін қалыптастыру оның маңызы туралы түсіндіру. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: сирек кездесетін аңдар
Билингвалды сыңары: Қызыл кітап - Красная книга.
Заттық дамыту ортасы: Сирек кездесетін аңдар мен құстардың суреттері көрме.
Шаттық шеңбері: Күндей жадырап, айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап, судай таза көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық.
Күтпеген сәт:
Сауысқан ұшып келеді.
- Балалар, маған мынау қандай кітап екенін түсіндіріп беріңдерші?
Тәрбиеші: Қане, сауысқан берші көрейік. Ой, балалар бұл Қызыл кітап.
Тәрбиеші балаларды сирек кездесетін аңдар мен өсімдіктер жайлы кітаптардан жасалған көрмеге шақырады.
Бұл кітаптарда осы сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер туралы анықтамалар, қызықты әңгімелер және олардың түрлі - түсті суреттері бар.

Қызыл кітаптың маңызы зор. Ол жойылып бара жатқан аң - құстарды, өсімдіктерді қорғауға, оларды аулауға, бейберекет жасауға тыйым салады және туған табиғатымыздың байлығын қорғап, кейінгі ұрпақтарға жеткізуді мақсат етеді. Сол арқылы табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелейді.
Әліппе дәптермен жұмыс: Н. Хасенов «Қызыл кітап».
Тапсырма: «Қызыл кітап» дегенді қалай түсінесің?
-«Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен құстарды ата.
«Қызыл кітап» деп неге аталған?
- Сирек кездесетін қандай өсімдіктер мен жануарларды білесіңдер?

Әліппе дәптермен жұмыс: С. Асанов «Наурызым қорығы».
Тапсырма: Сен тұратын жерде қандай қорық бар, әңгімелеп бер.
Берілген үш көріністі суреттеп, тауып бер.
Балалар сауысқан мен амандасады.
Балалар көрмені көріп сұрақтар қояды.
Қойылған сұрақтарға жауап береді, жойылып бара жатқан аң - құстарды атайды.
Балалар, салған суреттеріңді сауысқанға көрсетейік.
Тәрбиеші: Сауысқан «Қызыл кітап» не екенін түсіндің бе?
Сауысқан: Рахмет, сіздермен мен «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен құстарды білдім.(Сауысқан өзінің сыйлығын беріп ұшып кетеді.
Тәрбиеші: Балалар, сендер іс - әрекетке жақсы қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер, жарайсыңдар балалар.
Балалар сауысқанға орындаған тапсырмаларын қуана көрсетті.

Күтілетін нәтиже:
Білу: Сирек кездесетін аңдар мен құстарды білді.
Меңгеру: «Қызыл кітап», оның маңызың меңгерді.
Жасай алу: Әліппе дәптермен жұмыс жасай алды.
26 139
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
Қызыл кітап. Қ. Мырза Әли
Қызыл кітап. Қ. Мырза Әли
Оқушыларға жер бетінде жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар әлемі, «Қызыл кітаптың» маңызы туралы жан - жақты түсінік беру. Адам мен жан - жануар табиғаттың бөлінбес бөлшегі ұғымын кеңейту.
Қазақстан Республикасында «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер
Қазақстан Республикасында «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер
Қазақстан Республикасындағы «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер түрлерімен таныстырып, түсініктерін қалыптастыру.
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
Тест дүниетану 4 сынып
Тест дүниетану 4 сынып
Дүниетану 4 сынып 1. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар атауы жазылатын құжаттың атауы? а) Қызыл кітап ә) Жасыл кітап б) Қара кітап
Қызыл кітап
Қызыл кітап
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аралқұм елді мекені, №61 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Есетов Марат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×