Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің септелуі

06 маусым 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің септелуі
Сабақтың мақсаты :
1)Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
2) Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру , сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
3) Оқушыларды тапқырлыққа , еңбекшілдікке , ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Л.А Төкеева- Бектұрғанова «Жүйелі оқыту және оқушылардың өзін-өзі басқаруы»
Сабақтың көрнекілігі : Сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
Қазір бізде қазақ тілі сабағы.
Тақтада :
З Т С М Н Ң С П Т Л У
А Е І І Е Е І

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : «Зат есімнің септелуі»
Бүгін біз мынау жоспар кесте бойынша жұмыс жасаймыз :
Жоспар кесте
Әр оқушы «білім пердесі» атты бағалау парақшасы бойынша өздерін бағалайды.
Оқушының аты-жөні Екеуара жұмыс Сауаттылық хаты Зерттеу жұмысы Өзін-өзі бақылап, бағалау Шығармашылық жұмыс Қорытынды баға
Оқушылар өздерінің аты жөнін жазып шығады.
Тақтаға «Жетіген » аспабының суреті ілінеді.

Ертегі :
«Ерте - ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті . Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?» - деп егіледі.
Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен ?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып,кімді ғана қарғайын?» - дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі ? - деп жылайды.Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын ?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген »аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.

І.Екеуара жұмыс
Оқушыларға септік атаулары таратылып беріледі : Атау, ілік, барыс табыс жатыс шығыс , көмектес ,атау , ілік барыс .Әр жұп берілген атау бойынша 5 сөзден жазады.
Мысалы. Тақтада 2 оқушы жазады.
Кітаптың үйдің
Баланың таудың
Мектептің қаланың
Айдың күннің
Гүлдің үстелдің
Әр жұп жазған сөздерін оқиды, білім парақшасына бағаларын қояды.
2.Сауаттылық хаты
І қатар - «Қыс»
ІІ- қатар – «Біздің сынып» тақырыбына мәтін құрастырады. Мәтінде септік жалғаулары болу керек.
Білім парақшасына бағаларын қояды.

3 Зерттеу жұмысы
Әр балаға сөз беру, оқушылар септеп жазады, 2 оқушы тақтада орындайды.
Қарлығаш, оқушы, ауыл, суретші, ағаш, қар, күн, емен, терек, кітап, дәптер, мектеп, бала, жаңбыр, аспан, көше, бота, жылқы.
А.с қарлығаш
І.с қарлығаштың
Б.с қарлығашқа
Т.с қарлығашты
Ж.с қарлығашта
Ш.с қарлығаштан
К.с қарлығашпен
Білім парақшасына бағаларын қояды.
4 .Өзін-өзі бақылап, бағалау ( тест сұрақтарына жауап беру )
1.Әке"сөзі қай септікте тұрғанын тап

А) А.с.
В) І.с.
С) Б. с.
Д) Ж. с.
2.Ілік етегінде тұрған сөзді белгіле
А) Оқушы
В) Оқушыға
С) оқушының
Д) оқушыға
3.Барыс септігінің сұрағын белгіле
А) кімге?неге?қайда?
В) кімдерге?кімді?нені?
С) кімге? кімді? нені?
Д) кіммен? немен?
4.Табыс септігінің жалғауын белгіле

А) -ны,-ні,-қы,-кі,-ғы,-гі
В) -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті
С) -ны,-ні,-шы,-ші,-ды,-ді
Д) –нан,-нен, -дан,-ден, -тан, -тен
5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле
А) көктемде
В) далаға
С) мектеппен
Д) мектептен
6. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз
А) Сабаққа
В) Сабақты
С) Сабақтан
Д) Сабақпен
7.Көмектес септігінің сұрақтарын ата
А) кімде?неде?
В)кімге ? неге ?
С) кімнен?неден?
Д) кіммен? немен ?

Тест жауаптарын тексеріп, білім парақшасына бағаларын қояды.
5.Шығармашылық жұмыс
Зат есімнің септелуіне оқушылар кластер құрастырады.
Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік
Білім парақшасына бағаларын қояды
Сөздерді дұрыс септікке орналастыр.

Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Жатыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік
Текемет , көмірдің , суға, ұшақты , далада, жаңбырдан, алаша, балғаның , дүкенге, кітапты, қыста, аспаннан, арамен, театрға, шеңберді, оқушымен, отпен, сабақты, қайыңның.
Сабақты қорытындылау:

Септік жалғауын меңгерген баланың дағдысы ұштала түседі, тілі шұбарланбайды. Сөйлеу кезінде септік жалғауын дұрыс қолданады. Сөздік қорымызды молайтып, байланыстырып сөйлеуге дағдылануымыз керек. Ана тілімізді шұбарламай сөйлейік. Ана тіліміз біздің қазақ тіліміз.
Білім пердесіндегі бағаларды қорытындылап шығу.
6 586
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табыс септік
Табыс септік
Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі.
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі
Тәуелдеулі зат есімдердің септелуін түсіндіру, зат есімнің жай түрі мен тәуелдеулі түрінің септелуін салыстыру арқылы өзгешеліктерін байқату.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгереді, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйренеді.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Оқушыларға зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, септік жалғауларымен таныстыру, олардың сұрақтарын меңгерту;
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Пирманова Гульжамила Альзакқызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×