Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің септелуі

10 қараша 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы.
Бастауыш сынып мұғалімі
Ерланова Дидар Ерланқызы

Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Сабақтың мақсаты:
1) Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
2) Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
3) Оқушыларды тапқырлыққа, еңбекшілдікке, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз

Қазір бізде қазақ тілі сабағы.
Тақтада:
З Т С
М Н Ң С П Т Л У
А Е І І Е Е І
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің септелуі» Слайд 1

Әр оқушы «білім пердесі» атты бағалау парақшасы бойынша өздерін бағалайды.

Оқушылар өздерінің аты - жөнін жазып шығады.
Тақтаға «Жетіген» аспабының суреті ілінеді.
Ертегі:
«Ерте - ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» - деп егіледі.
Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып, кімді ғана қарғайын?»- дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі? - деп жылайды. Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген»аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
Слайд 4

І. Екеуара жұмыс
Оқушыларға септік атаулары таратылып беріледі: Атау, ілік, барыс табыс жатыс шығыс, көмектес, атау, ілік барыс. Әр жұп берілген атау бойынша 5 сөзден жазады.
Мысалы. Тақтада 2 оқушы жазады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 774
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табыс септік
Табыс септік
Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгереді, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйренеді.
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
Қазақ тілінен сабақ топтамасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразбаева Зәуре
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Оқушыларға зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, септік жалғауларымен таныстыру, олардың сұрақтарын меңгерту;
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар Молдабайқызы
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Пирманова Гульжамила Альзакқызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×