Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің жекеше және көпше түрі

27 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру. Оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түріне айналдыра білуге үйрету. Қосымшаларды ажырата білу және дұрыс жалғай білуге үйрету.
Дамытушылығы: сауаттылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, әдептілікке, мәдинеттілікке, өнер - білімге баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: интерактивті тақтамен жұмыс, слайд, суреттер, жеке - жеке карточкамен жұмыс, мақал - мәтелдер.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, семантикалық карта, топтастыру әдісі.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін - өзі тану, ана тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- «Ана тілін білмейінше, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес» деп Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай, дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білу үшін қазақ тілінің үйрететін мәселелеріне зер салып, меңгеруіміз қажет.
- Балалар, бүгін бізде ашық сабақ болғандықтан сабақ өзгеше болады. Сондықтан да сабаққа белсене қатынасып, қызықты тапсырмалар орындаймыз.
Балалар, сабақта әр дұрыс жауапқа менің жүрек жылуымды білдіретін мына кішкентай күннен аласыңдар, соңында күн саны бойынша тиісті бағаларыңды алып, көңіл - күйлерің көтеріңкі болады деген үміттемін.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Сынып ұранын айту.

ІІ. Өтілген сабақты бекіту.
Психологиялық дайындық.
- Балалар, біз ән айтқанды ұнатамыз ба?
- Ән тыңдағанды ше?
- Ән деген сөз қандай сұраққа жауап береді?
- Ән айтатын адамға сұрақ қойыңдаршы.
- Оны кім дейміз?
- Бұл зат екімнің қай түріне жатады?
- Дұрыс - ақ, әнші сөзін көпше түрінде қалай айтамыз?
- Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда эстрада жұлдыздарымен жүздесетін боламыз. Олар алыс жолдан бізге кемемен келе жатыр. Балалар, олар сендердің өткенде апталықтың ашылуындағы тамаша өнерлеріңді көріп, қандай өнерлі балалар екен деп, сендерге әдейі келе жатыр.
- Олар келгенше біз жаңа сабағымызды бастай береміз. Оқулықтағы 134 беттегі ережені бірге оқимыз.
Зат есімнің көпше түрі - лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Бұл қосымшалар көптік жалғауы дап аталады.
Ал, енді балалар слайдтағы суреттерге сұрақ қою арқылы жекеше, көпше түрін ажырата отырып, жалғауларын көңіл аударайық.
Енді мысалдағы жалғауларды бір жерге топтастырайық.
( Слайдқа қараймыз)
- Балалар, енді дәптермен жұмыс жасайық. Ол үшін ұранымызды бірге айтып жібереміз.
Күн жадын жазу. Тақырыпты жазу. Көркем жазу.
- Балалар, сабағымыздың тақырыбына ( зат есімінің жекеше және көпше түрі ) байланысты «К к» әрпін көркем етіп жазайық, екінші жолына к әрпінен басталатын зат есімдерді жазайық: көбелек, кірпі, күн, кілт, көгершін, көкек, кілт.(өздерің жалғастырыңдар).
- Балалар қонақтарымызда келіп жетті. Олар бізге қонаққа құр қол келмеген. Сендердің білімдеріңді сынамақ болып, тапсырмаларын алып келіпті. Ал, балалар, өнер адамдарына гүл шоғын сылай алмасақ та, өз білімімізді тарту етейік.

І. Роза Рымбаеваның суреті, тапсырмасы. 407 - жаттығу.
Карточкамен жұмыс. Слайдпен тексеру.
Сергіту сәті.

ІІ. «Музарт» тобының суреті, сұраққа жауап, тапсырмасы 408 жаттығу.
1. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу.
2. Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

ІІІ. Мақпал Жүнісованың суреті, тапсырмасы. Сұраққа жауап. Мәтінді оқу.
. Мәтін неше бөліктен тұрады?
• Әр бөлік қандай жолдан басталып жазылған?
. Екінші бөлікті көшіріп жазып, зат есімдерге талдау жасау.
Слайдпен тексеру.

ІҮ. Қайрат Нұртастың суреті, тапсырмасы. Ой түйіндеу. Карточкамен жұмыс жасау арқылы сабақты қорытындылау.
Слайдпен тексеру.
Қосымша жұмыс: сызық бағытымен екі әріпті тастай отырып, мақал құрастыруымыз керек. Алдарыңызда ақ бет бар, соған әріптеріңді жазып, сөз құрастырып көрейік. Мақал екі жолдан тұрады. Ата мен бала туралы.
Жауабы: “Жақсы ата – орман,
Жақсы бала қорған”
• Үйге тапсырма: ереже жаттау
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 121
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Оқушылардың зат есім жөніндегі өткен сабақтардағы алған білімдерін еске түсіру; тиянақтау; зат есімнің жекеше және көпше түрімен таныстыру. Балалардың сөз байлығын, сауаттылығын, зат есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан – жақты шығармашылық қабілетін
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Зат есім туралы алған білім, білік, дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау.
Зат есімнің жекеше, көпше түрі  2-сынып
Зат есімнің жекеше, көпше түрі 2-сынып
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Жомартова Назым Нурхасымовна бастауыш сынып мұғалімі Қазақ тілі 2 «В» сынып Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері. Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×