Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Р дыбысы мен әрпі

28 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Р дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Р дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Білімділігі: Сауатты жазуға дағдыландыру. Ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ой тұжырым жасауға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуді дамыту. Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру. Дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, әсемдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, буындар, ара макеті, жұмбақ.
Типі: ашық сабақ.
Түрі: аралас сабағы.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, бекіту, қайталау - жинақтау.

Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- балалар, біз әліппе әлеміне күннен күнге терең бойлап келеміз.
- Әліппе бізге не үйретті?
- Әліппе сан қырлы әріптер мен дыбыстардың құпиясын ашады.
- Ендеше сабағымызды «Әліппе» өлеңінен бастайық.

Іші толы әріпке
Жақсы кітап әліппе
Әліппені аламыз
Әріптерді жаттаймыз
Есте мықтап сақтаймыз

ІІ. Өткенді пысықтау
Бүгін біз «Р» дыбысының екінші сабағын өтеміз. Сабағымызды бастамас бұрын өткенді қайталап алайық.
Ол үшін тиінге көмектесіп шыршаның бүрін жинаймыз.
1. Әріп дегеніміз не?
(Әріпті жазамыз және көреміз)
2. Әріптің қандай түрлері бар?
(баспа, жазба және бас әріп, кіші әріп)
3. Дыбыс дегеніміз не?
(Дыбысты естиміз және айтамыз)
4. Дыбыстарды нешеге бөлеміз?
(Екіге бөлеміз. Дауысты және дауыссыз дыбыстар)
5. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
(Екіге. Жуан және жіңішке)
6. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
(Үшке. Қатаң, ұяң, үнді)
7. Буын дегеніміз не?
(Қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады)
8. Сөз неден құралады?
(Сөз әріптерден құралады)
9. Сөйлем неден құралады?
(Сөйлем сөзден құралады)
10. Сөйлем нешеге бөлінеді?
(Үшке. Хабарлы, лепті, сұраулы сөйлем)

- Ал енді бір сұрақ қоямын. Біз неше тілде санаймыз?
- Үш тілде.
Қазақша 1 оқушы, орысша 1 оқушы, ағылшынша 1 оқушы.
- Балалар тиін сендерге көмектескендеріңе рахмет айтты.
- Сендерде бір - біріңе көмектескенде рахмет айтып жүріңдер.
Рахмет сөзі де р дыбысынан басталады екен. Тағы да қандай сөздерді білесіңдер радио, ара, парта, анар, арпа, Рүстем, Роза, Рақымжан, нар.

IV. Оқулықпен жұмыс (үй жұмысын)
- Сөздерді оқыту.
- Үй тапсырмасын жақсы оқып келіпсіңдер.

V. Суретпен жұмыс
- Оқулық бетіне қараңдаршы.
- Суретте не бейнеленген.
- Бал арасы. Ара еңбек құралы.
- Ара сөзі әртүрлі мағынада қолданылып, екі түрлі ұғым береді.
1 - суретте – ара сөзі адамға бал беретін жәндіктің аты.
Гүл шырынын сорып, бал жинайды. Балы үшін адамдар бал арасын қолда асырайды. Бал арасы мен құмырсқа еңбекқор жәндіктер.
2 - суреттегі ара еңбек құралының аты. Тағы қандай құрал - саймандарды білесіңдер, балға, балта, т. б күрек.
Ара бал жинайды. Ара - еңбек құралы.

А р а - дыбыстық талдау жасау.
А - жуан, дауысты дыбыс.
р - үнді, дауыссыз дыбыс.
А - жуан, дауысты.
- А - ра буынға бөлу.

- 2 буын бар. Неліктен екі буын.
- Өйткені сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

VI. Бағандағы сөздерді оқу. (буындап оқу)
Парта, анар, Анар, арпа, аттар, Па - нар
Кісі аттары бас әріппен жазылады.
- Жер - су аттары.
Хормен оқу.
Парта, апта, анар, аттар.
- парта отыратын.
- апта 7 күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).
- анар - жеміс (дәрумен)
- аттар - 1ат, көп болса аттар (көп жол).

VII. 3 суретті әңгімелеу.
- Бала неге аралардан қашты деп ойлайсыңдар.
- Ұяға барғасын. Құстың, араның ұясын бұзуға болмайды!

VIII. Сергіту сәті.
Қане қанат жазайық
Қарлығашқа ұқсайық
Ұшып - ұшып алайық
Орнымызды табайық
Әдемі етіп жазайық

IX. Дәптермен жұмыс
- Үлгіні жазу (3 жолын)
Х. Ойын «Қай әріпті жоғалттым»
па... та ана...
ап... а атта...

ХІ. Дыбыстық талдау.
Та Па На Ға Ра

ХІІ. Қорытындылау.
- Өткен дыбыс әріптерін еске түсірейік.
(а, т, п, н, ғ, р)
- Бұл не? Ара. (ара суретін құрастыру)

ХІІІ. Бағалау.
Бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар.
ХIV. Үйге тапсырма

Жұмбақ.
1. Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ: «Тоқта!», «Жүр!»- дейді. (бағдаршам)

2. Қонатыным - гүл
Теретінім - нәр (ара)
«Мен мектепке барамын» өлеңін сұрау
19 690
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Оқушыларды ә дыбысымен таныстыру, ә дыбысының орнын анықтау, сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру, сөздерге дыбыс тық және буындық талдау жасай білуге үйрету.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі ш дыбысының ерекшелігін меңгерту, ш дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймұңалова Сұлушаш Аралқызы
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аманиязова Шынар Болатқызы
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×