Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім

06 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
304 - 307 жаттығу
Мақсаты: Зат есімді оқушылармен таныстыру, сұрақ қоя білу, сөйлем ішінен оларды таба білуге, сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Білімділік: Зат есім туралы түсінік беру. Сөйлемнен зат есімді таба білу.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін дамыту, коллеграфиясын жетілдіру, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды кішіпейілділікке, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Оқыту түрі: Жеке топтық
Оқыту әдісі: Ауызша (ізденушілік) көрнекіліктер, зерттеушілік, сұрақ - жауап, ойын, бес жолды өлең.
Көрнекілігі: тақта, кітап, дәптер, дидактикалық материалдар, топқа бөлу. Ағаш үй, қима қағаздар. Сөзжұмбақ, ереже.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Технологиялық дайындау. Алақан жылуы. Тілектер айту.
Үй тапсырмасын тексеру.
303 - жаттығу.
Заттардың атын жаз.
Шалғы - шөп шабады.
Бұрғы - ағаш теседі.
Шарық – пышақ қайрайды.
Кетпен – жер қазады.
Сүргі – ағаш тегістейді.
Қашау - ағаш қашайды.
Сөзбен еңбек құралдары қандай сұраққа жауап беріп тұр. Не? (дұрыс). Осы құралдармен жұмыс істейтін адамдарды кім дейміз? (ұста).
Ұста туралы әңгіме оқу.

1. Абай Уәлихан
Үй тапсырмасын бекіту.
Сөзжұмбақты шешу.
Қыз
Шаңырақ
Түйе
Шеге
Сандық
Бүркіт
Домбыра

ІІ Жаңа сабақ
3 - топқа бөлемін
Дәптерлерін алу.
19 ақпан. Зат есім деп жазамыз. Сөз таптары дегеніміз не?
Бір оқушы ережесін айтады. Сөздер мағынасына бөлінеді. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім.
Зат есімге тоқталамыз. Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз.
Оқулықпен жұмыс
304 - жаттығу
Тақтаға 2 жақтан екі балаға шығып сөзді жазып сұрақ қояды.
І - топ ------------------------------ ІІ топ -------------------- ІІІ - топ
Кімдер? --------------------------- Не? ----------------------- сөйлем құрайды
Ұсталар --------------------------- ұшақ, қой
Зергер (кім?) --------------------- қарға
Жазушы (кім?) ------------------ арыстандар
Тәрбиелеушілер (кімдер?) ---- астау
Дәрігерлер (кімдер?) ----------- белдіктер
Ұстаз (кім) ----------------------- оюлар
Даяшылар (кімдер)
Адамға кім? Кімдер? Жануарлармен заттарға не? Нелер? Деген сұрақ қойылады.
Орнында отырып топ мүшелеріне жұмыс
І - топ Не?
ІІ - топ Кім?
ІІІ - топ Сөйлем?
Сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына тасиды.
Сауын - шы - лар
Етік - ші - лер
Дәптермен жұмыс
305 - жаттығу
Тау, ара, бау, бал,- не?
Балалар – кімдер?
Тақтадағы сұраққа ажыратып қима қағаздарды салу.
Кім? ---------------- Не?
Бала, апа ---------- Доп, ұшақ

Сергіту сәті: Айда біреу
Суретті қазақ тілі.
Барлық балаларға таратылып беріледі. Суретті бір - бірімен сызба арқылы көрсетіп ауызша сөйлем құрайды. Ішінен кім? Не? сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді табады.
306 - жаттығу
Алдымен мал аттарын содан соң құс аттарын жаз.
Мал аттары: ешкі, қой, түйе, жылқы, сиыр,
Құс аттары: тауық, қыз, үйрек, аққу, тырна
Мал аттарына жұрнақ қосып оқу.
Қай - шы, түйе - ші, сиыр - шы, жылқы - шы
Енді қандай сұраққа жауап береді. (кім?) неге сөздің мағынасы өзгерді.
Түбір сөзге жұрнақ жалғанды.
Үйге: 307 - жаттығу
Мақалды жаз.
Зат есімнің астын сыз.
Туыстықты білдіретін сөздерді жазып кел,.
Сабақты қорыту: Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан балаларға алғыс айту.
Зат есім дегеніміз не?
Қандай сұраққа жауап береді?
Ережені қайталау.
Тест сұрағы
8 542
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен
Зат есім
Зат есім
Сөйлем ішінен зат есімді ажырата білуге үйрете отырып, топпен жұмыс жасай білуге, пікірлесуге, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Зат есім
Зат есім
Зат есім туралы алған білімдерін одан дамыту, сөйлем ішінен зат есімді таба білуге үйрету.
Сан есім
Сан есім
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажмухамбетова Тамара Иксановна
Сөз тіркесі
Сөз тіркесі
Байқоңыр қаласы № 14 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі Балжанова Салтанат Ерназаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×