Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есім

01 қараша 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Қызылғоға ауданы,
Миялы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Салықова Гулбарам

Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Зат есім туралы алған білімдерін одан дамыту, сөйлем ішінен зат есімді таба білуге үйрету.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, топ аттары жазылған бетшелер, ребус
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ – жауап, көрнекілік, өз бетімен жұмыс.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
а) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн достым!
Қайырлы күн болсын.
Сейсенбінің күні,
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алар бағамыз,
Тек бестіктер болсын!

3. Сыныпты топқа бөлу
1 - топ «Достық»
2 - топ «Білім»
Достық тобының ұраны: Аққуды атпаймыз,
Достықты сатпаймыз.
Білім тобының ұраны: Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
Әр топ өз аттарына сәйкес мақалдар айту

4. Қайталау - оқу анасы
Мақалдың ішіндегі данасы
Білімді берік игерсең,
Ешкімнің жоқ таласы.
Өткенді еске түсіру
Достық тобы: Түбір сөз бен туынды сөз
Білім тобы: Сөз таптары.

5. Жаңа сабақ.
Ребус шешу
Мына суреттерге қараңдар.
Суреттегі заттардың атын пайдаланып, ребусты шешіңдер. Осы ребусты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбымен танысамыз.
- Балалар, тақтадағы ребусты қай топ бұрын шешер екен?
- Ребустың шешуі: Зат есім
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Зат сім
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын, тақырыбын жазамыз.

Интербелсенді тақтамен жұмыс
Суреттегі заттарды атау, сұрақ қою

Ережені қорытып шығару
6. Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу (ауызша)
Суреттерге қара. Суреттердегі құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақ қоясың?
* Бұл не? сөйлеміндегі сұраулық мағына беріп тұрған сөз қайсысы?
* Не? сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді ата?
* Кім? сұрағына жауап болады?
7. Суретпен жұмыс. Қай топтың сөзі көп. Суретке қарап, зат есімдерді тауып айт.

8. Дәптермен жұмыс.
3 – жаттығу
Мәтінді көшіріп жаз.
* Мәтіннен зат есімдерді тауып астын сыз.
* Зат есімдерге сұрақ қой.

9. Топпен жұмыс
Достық тобы 4 - жаттығу
Білім тобы 5 - жаттығу
10. Сергіту «Балапан» әні
11. Шығармашылық жұмыс.
Берілген сөздер бойынша төрт жол өлең құрастыру, өлеңнен зат есімді табу.
Достық тобына:
--------- баламын
--------- аламын
----------------
---------- боламын.
Білім тобына:
Өлеңі ақыл, өзі аңыз
--------- бабамыз
------------------
------------ жазамыз.
12. Ойын «Аяз ата» құрастыр.
- Жыл мезгілін атау
- Қыс айларын айту.
Достық тобы
1. Әдебиеттік оқу пәнінен жаттаған бір өлеңді айту.
2. Көбейтудің неше қасиеті бар ата.
3. Достық сөзін сөз құрамына талда
4. Жұмбақ айт.

Білім тобы сұрақтары
1. Шаршының ауданын қалай табамыз.
2. Білім сөзін сөз құрамына талда.
3. Мақал айт.
4. Қыс туралы тақпақ айт

13. Терме диктант
Мақсаты: Зат есімді теріп жазу
Қыс
Күн суық. Жерде қалың қар жатыр. Үлкен кісілер де, балалар да жылы киім киген. Демалыста мұз айдынға барамыз. Коньки тебеміз. Қыс қарымен көрікті.

14. Қорыту
15. Үйге тапсырма: 6 - жаттығу
16. Бағалау
16 724
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Танымдық, шығармашылық, белсенділіктерін арттыру.
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы
Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Тригонометриялық функциялардың туындылары
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауданы, Ғ Мұратбаев атындағы мектеп - гимназиясы математика пәні мұғалімі Абдураманов Ренат
Есептік және реттік сан есім
Есептік және реттік сан есім
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Агисбаева Жансулу Бигалиевна
Зат есім
Зат есім
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажмухамбетова Тамара Иксановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×