Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің ту

10 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Біздің ту
Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңнің мазмұнымен таныстыру, рәміздер ту жөнінде мәлімет беру.
2. Оқушыларды ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, мәнерлеп, сауатты оқу дағдыларын дамыту.
3. Елін, жерін сүюге, қорғауға еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Тудың суреті, тірек сызбалар.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушыларды сабаққа дайындау.
2. Оқушыларды 2 - топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ - жауап арқылы бекіту.

3. Жаңа сабақ:
Тірек сызбамен жұмыс (Топтастыру)
- Балалар, біз жалпы Отан туралы бөлімді өтіп жатырмыз. «Отан» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Астанамыз қай қала?

4. Оқулықпен жұмыс:
Олай, болса балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Біздің ту» өлеңі. Авторы: Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Жарсу» совхозында дүниеге келген. Қазақстан халқының жазушысы, әрі ақын.

Кіріспе сөз.
Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай – қайсысының мемлекеттік белгісі рәміздері бар. Тәуелсіз мемлекеттің елдігін танытатын айрықша мәнділері рәміздеріміз – Елтаңба, Ту, Әнұран.
Тудан айырылу елінен айырылумен бірдей болған. Туымыздың авторы Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Тудың қабылданған күні 1992 жыл, 4 - маусым. Туымыздың көк теңбіл аспан көк болуы кеңдікті көрсетеді, тудың ортасын да алтын күн бүкіл әлемге нұрын шашып тұр. Тудың жиегінде ұлттық өрнек нақышталған. Қыран құс қырағылықты, биіктікті білдіреді.
Тудың ұзындығы 1 м, ені 2 м.
а) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
б) Оқушыларға тізбектей оқыту.
Ережемен жұмыс:
Өтілген ережелерді еске түсіру, сұрау.
Тасымалдауға болмайтын сөздер:
1. Бір буынды сөздер: от, сүт, қант.
2. Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер: о - рақ, ө - зен, а - ю, ұ - я, қи - я.
Тасымалданбайтын екі буынды сөздер:
1. аю, ою, ұя, иә.
2. ата, әже, екі, оқу, өсу.
3. іні, ине, аяқ, оян.
Дәптермен жұмыс:
Күннің жадын жазу.
Көркем жазу.
Отан оттан да ыстық.
76 - жаттығу. Терме диктант.
1. Тасымалданбайтын сөздерді теріп жазу.
2. Бір буынды сөздердің астын бір рет, бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздердің астын екі рет сызыңдар.
3. Себебі: бір дауысты дыбыстан жасалған сөз тасымалданбайды. М: от, сүт, қант.
Дидактикалық ойын: «Бәйге».
- Ал, енді балалар біз өткен сабақтан бері тасымал, буын туралы танысып жатырмыз. Енді осы өткен тапсырмалар туралы білімімізді «Бәйге» ойыны арқылы тексерейікші. Екі топ алдарыңызға мынадай әртүрлі түстерді іліп қоямын. Сендер сол түстерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап бересіңдер.

1. Сөйлем неден құралады?
2. Сөз неден құралады?
3. Дыбыс деген не?
4. Әріп деген не?
5. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
6. Жуан дауыстыларды ата?
7. Тасымал деген не?
8. Жіңішке дауыстыларды ата?
9. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата?

5. Қорытынды бөлім:
Сонымен, балалар бүгін біз нені білдік? Нені үйрендік?
Тасымал, бір буынды сөздер, бір дыбысты екі буыны бар екі буынды сөздер. Тасымалданбайтын екі буынды сөздер. (Мысал келтіру).
- ҚР рәміздерін ата?
- Туымыздың түсі қандай?
- Тудың авторы кім?
- Балалар, Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Олай болса еліміздің болашағы сендерсіңдер. Отанды сүюге, қорғауға, әрқашан дайын болыңдар.
Үйге тапсырма: «Біздің ту» мәнерлеп оқу.
Оқушыларды бағалау.
9 029
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Менің Отаным"
"Менің Отаным"
Мақсаты: Балаларды Отан – сүйгіштікке баулу, еліміздің рәміздерімен таныстыру. Әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме. Көрнекілігі: ҚР президентінің портреті, еліміздің рәміздері, Астана қаласы туралы суреттер. Ұйымдастыру кезеңі:
Тасымал. Отан
Тасымал. Отан
Өлеңді оқып, негізгі ойын ашу; отан туралы түсініктерін кеңейту, тасымал түрлерін ұғындыру Сауатты жазып, мәнерлеп оқуға жетелеу
«Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев
«Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев
Атырау облысы, Атырау қаласы, №13 ұлттық мектеп - гимназиясының бастауыш мектеп мұғалімі:Хамзина Аймангуль
Қазақстан - достық мекені
Қазақстан - достық мекені
СҚО, Петропавл қаласының №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп – кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы
Тұманбай Молдағалиев "Біздің ту"
Тұманбай Молдағалиев "Біздің ту"
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Курманова Лида Аманбайқызы
Біздің Отанымыз
Біздің Отанымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×