Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы берекесі

14 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
3 - сынып Дүниетану
Сабақ тақырыбы: «Отбасы берекесі»
Сабақ мақсаты:
1 Отбасы - әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу.
2. Ұл мен қыздар әке - шешесінің қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік, әдеп - инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Ата - анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата - анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық жүргізу
Баяу ән ырғағы ойнап тұрады. Интерактивтік тақтадан әсем гүл шоқтары көрсетіледі.( Шырақ)
Сен бақытты ұлансың!
Анаң – күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансың!
Әжең – асыл ардағың,
атаң – дана қорғаның.
Бәрі саған қуансың.
Сен бақытты ұлансың,

Үй тапсырмасы. Қонақжай (2 - 3 бала)
Әңгімелесу (бейнеролик)
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
3. Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?
• Отбасы сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді. Жақсылыққа жетелейді.
Еңбектенуге, білім алуға көмектеседі. Үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді.
Мәтінмен жұмыс (Интерактивтік тақтадан оқиды)
Кіріспе сөз
Балалар, байқадыңдар ма, әңгіме не туралы? (отбасы, туыс туралы). Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы - берекесі» деп аталады. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады.. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасы туған - туыстармен қар
ым - қатынаста болады. Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР - ның Ата Заңының 27 - бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
* Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір – бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.
Құндылық құнын ұғыңдар
Отбасымда ең сыйлы _______________________
Ең қымбатты _______________________________
Ең ақылды _________________________________
Ең сүйкімді _________________________________
Ең құрметті ________________________________
Ең құнды __________________________________
Ең бағалы _________________________________
Ең қажетті _________________________________

Ойын. Таңғажайып алаң
1. Отбасының қорғаны кім? Әке
2. Бір шаңырақ астында отбасынан сөзін қалай түсінесің?
3. Ұрлық түбі қорлық
4. Тәрбие отбасынан басталады.
5. Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.
6. Сыйласаң, сыйлы боласың.
7. Өнер алды – бірлік,
Ырыс алды – тірлік.
8. Оқушының міндеттерін ата. Білім алу, кішіге көмек, мектеп формасын сақтау, мектеп мүлкін дұрыс қолдану.
9. Оқушының құқықтарын ата. Білім алуға, демалуға, денсаулықты сақтауға, қоғамдық жұмыстарға араласу.
Сергіту сәті
Ұшырдың баптап ұядан
Кетпейсің ойдан, қиялдан
Арманға биік қол созсам
Тұрасың демеп жиі алдан
Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе, әке, балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа
Сыйлаймын сазды бұл әнді
Дәптермен жұмыс.
Ой қозғау
Қазыбек би:
«Тату болса – ағайын жақын,
Ақылды болса – апайың жақын,
Бауырмал болса - - інің жақын,
Инабатты болса - келінің жақын.
Алтын ұяң – әйелің қымбат,
Құт – береке – атаң қымбат,
Айналайын - анаң қымбат,
Мейірімді - ағаң қымбат»,- депті.
Ата мұраң – асыл қазынаң:

Тапсырма мен сұрақ - жауап түрлері төмендегідей:
1. «Байғазы» салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз.
«Байғазы» – балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы, қамшы, шана, ер тоқым т. б) берілетін ақшалай, заттай сыйлық, ақша.

2. «Көрімдік» салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз.
«Көрімдік» – жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді. Мұның маңызы алып беруде ғана емес, жақын жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.

3. «Бастаңғы» салтының мағынасын түсіндіріңіз.
«Бастаңғы» – үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «Бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын - сауық жасап, бас қосуында.

4. «Иткөйлек» салтының мағынасын түсіндіріңіз.
«Иткөйлек» – ырымшыл халқымыз баланы (туғанына қырық күн) «қырқынан» шығарылғаннан кейін оның көйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы ит көйлекті шешіп алып, тәттісін бөліп жейді. Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады немесе адамдар алыс жолға шыққанда жол амандығын тілеу барысында апаттың болмауын ырым етіп, бойларында сақтаған.

5. «Жасау» салтының мағынасын түсіндіріңіз.
«Жасау» – ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік «жасау» деп аталады. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем әшекейлі заттар берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.

6. «Енші» салтының мағынасын түсіндіріңіз.
«Енші» – балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата - анасы оған отау тігіп, дүние - мүлік, мал береді. Мұны «енші» деп атайды.
Отбасы: тату, бауырмал, инабатты, мейірімді.

Y. Мақал - мәтелдің бір сөзі жасырылып, сұрақ болып қойылады, жауабын балаңыз екеуіңіз бірлесе отырып табыңыздар.
1. Жақсы адам елдің ырысы, Жақсы сөз жанның несі? ( тынысы)
2. Тозар елдің жанжалы бітпес,
Озар елдің несі бітпес? (арманы)
3. Елдің ерлігі ерінен танылар,
Елдің байлығы несінен танылар?(жерінен)
4. Ел қалаған ұл - қыздар –
Ел көгіндегі нелер? ( жұлдыздар)
5. Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымақсыз елдің несі бітпес?(өкініші)
6. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр не артпа?(жүк)
7. Адам болатын бала қандай?(ағайыншыл)
Бай болатын бала айырбасшыл.
8. Қатты не көрсе бала күнінде (тәртіп)
Өнерімен қуантады түбінде.
9. Қарағайға қарап тал өсер,
Несіне қарап бала өсер?(қатарына)

Қорытынды:
Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат - міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым - қатынастары біріктірілген адамдар тобы.
ҚР - ның Ата заңы 27 – бап: Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, Ту және Елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады.
Бағалау.
8 023
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бала – адамның бауыр еті
Бала – адамның бауыр еті
Баланың өмірінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін ұғындыру, отбасы мүшелерінің сыйластығын үлгі тұтып, ата өсиетін, әке ақылын санаға сіңіріп, өз өміріне тағылым етуге баулу.
Менің отбасым
Менің отбасым
Целиноград ауданы, № 10 орта мектеп Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі: Кусаинова Жанар Кайратовна
Отбасы – шағын қоғам
Отбасы – шағын қоғам
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Отбасы – шағын қоғам
Отбасы – шағын қоғам
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебі Бектенова Гаухар Сүйментайқызы
Отбасы. Ана
Отбасы. Ана
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахетова Ақзира Төлеужанқызы
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
[right]Қызылорда облысы, №8 облыстық арнаулы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі: Өмірзақова Роза Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×