Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы. Ана

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пән: Дүниетану 2 - сынып
Сабақ тақырыбы: Отбасы. Ана
Сабақ мақсаты:
1. Отбасы - әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу.
2. Ұл мен қыздар әке - шешесінің қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік, әдеп - инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Ата - анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата - анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың әдістері: көрнекілік, түсіндіру, сөздік, шығармашылық жұмыс, әңгімелесу, баяндау, өз бетінше жұмыс, нұсқау беру. топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер
Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы.
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық жүргізу
Қайырлы күн» деп айтамыз,
Сабақтан бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз.
Көңілді өтер күніміз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
I - топ Жануарлар мен өсімдіктердің
«Қызыл кітабы» және құлан туралы баянда.
II - топ Арқар және қоқиқаз туралы баянда.
III - топ Дуадақ, Тянь-Шань шыршасы, жабайы қызғалдақ туралы баянда.

III. Жаңа сабақ
Сөз жұмбақ арқылы тақырыпты шығарып алу

Жұмақтар шешу
1. Маған да, саған да
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәріде өз жұртың,
Айтады кәне кім атын?(Ата, апа, ана, іні, аға)
1. Атаңның баласы 2. Аймалайды күнім деп
Кей кезде таласып Мейірімді жүзі күлімдеп
Қаласың әжеге Тәтті - ақ дейді немере
Білгенің асады кәдеге Ол кім?(Әке) Бал шырындай үнің деп Ол кім (Әже)
Кіріспе сөз
Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз да, жұмбағымыз да отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы» және «Ана» деп аталады. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
Отбасының белгілі тұратын мекен - жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі - отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған - туыстармен қарым - қатынаста болады. Ата - ананың ақылымен қарым - қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым - қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып - сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы - адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған - туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.
Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР - ның Ата Заңының 27 - бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.

Отбасы мүшелері

Бір үйде тұрады.
Отбасы мүшелері бір - бірін жақсы көреді
Үй шаруасымен айналысады
Отбасы қаражатын қажет нәрселер сатып алуға жұмсайды
Қиындық пен қуанышты бірге бөліседі
Бос уақытты бірге өткізеді

Ү. Оқулықпен жұмыс
Мәтінді тізбектей оқу.
Түсінігін сұрау.
Дәптермен жұмыс.
Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат - міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым - қатынастары біріктірілген адамдар тобы.
Малдың жалғасын тап
1. Атаға қарап - ұл өсер
Анаға қарап - қыз өсер
2. Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада
3. Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
4. Ұядан не көрсе,
Ұшқанда соны ілерсің
Бағалау «Тест»
1. Отбасының тірегі кімдер?
А) әже, ана
Ә) ата, әже
Б) әке, бала
2. Нағашы жұрт дегенді қалай түсінесің?
А) әкемнің туысы
Ә) анамның туысы
Б) атамның туысы
3. Мына сөйлем қай жыл мезгілін суреттеп тұр?
Бояу қылқаламсыз келіп, барлық жапырақтарды бояп шықты.
А) қыс
Ә) көктем
Б) күз
4. Ағаштың топырақ астындағы бөлігі -...
А) жапырақ
Ә) тамыр
Б) дің
5. Жыртқыш аңдар -...
А) түйе, құлан
Ә) жолбарыс, бүркіт
Б) аю, қоян
6. Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды көрсет.
А) құлан, қарақұйрық, дуадақ, қоқиқаз Ә) аю, қасқыр, түлкі
Б) дуадақ, түлкі, тышқан
Қорытынды
Сиқырлы шаршы ішінен мақалды анықтау

«Туыстан артық жақын жоқ»
Бекіту
Мен ата - анаммен біргемін.
- Өз отбасы мүшелерінің міндеттері туарлы әңгіме құрастырады
Бағалау
Үйге тапсырма:
1. Мәтінді оқып, түсінік айтуға дайындалып келу;
2. “Менің Отбасым” тақырыбында сурет салу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 258
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бала – адамның бауыр еті
Бала – адамның бауыр еті
Баланың өмірінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін ұғындыру, отбасы мүшелерінің сыйластығын үлгі тұтып, ата өсиетін, әке ақылын санаға сіңіріп, өз өміріне тағылым етуге баулу.
Менің отбасым
Менің отбасым
Целиноград ауданы, № 10 орта мектеп Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі: Кусаинова Жанар Кайратовна
Отбасы – шағын қоғам
Отбасы – шағын қоғам
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Отбасы берекесі
Отбасы берекесі
Қарағанды қаласы, №21 негізгі мектепте бастауыш сынып мұғалімі Базылова Данагүл Дюсенбайқызы
Отбасы – шағын қоғам
Отбасы – шағын қоғам
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебі Бектенова Гаухар Сүйментайқызы
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
[right]Қызылорда облысы, №8 облыстық арнаулы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі: Өмірзақова Роза Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×