Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің отбасым

13 мам 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі
Кусаинова Жанар Қайратовна

Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты:
1. Отбасы туралы ұғымдарын кеңейту. Отбасы мүшелерінің алатын орны туралы түсінік беру. Отбасы - әр адамның шағын Отаны.
Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін түсіндіру.
2. Балалар әке - шешесінің қамқорлығына, сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік қасиеттерін алып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
3. Оқушылардың бойына ата - анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал
Баяу ән ырғағы ойнап тұрады. Интерактивті тақтадан әсем гүл шоқтары көрсетіледі.( Бір – бірлеріне тілек айтады)
Сөзжұмбақ.
1. Түсі нарттай,
Тілін тартпай,
Жолға шықса,
Қоймайды құртпай.
2. Мемлекеттік рәміздің бірі.
3. Еңбек құралы.
4. Ең жақын адам.
5. Уақыт өлшемі.
6. Ырыс алды -

Жұмбақ жасыру.
Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? /апа, ата, ана, іні, аға./

Жұмбақ отбасы туралы
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
5. Ұлдардың кішісі (іні)

2. Кіріспе сөз
- Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз да, жұмбағымыз да отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің отбасым» деп аталады.
- Отбасы дегеніміз не? (Оқушылар сызбаны толтырады.)
- Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.
Отбасының белгілі тұратын мекен - жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі - отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған - туыстармен қарым - қатынаста болады. Ата - ананың ақылымен қарым - қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым - қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып – сырқаттанғанда көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы - адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған - туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.
Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР - ның Ата Заңының 27 - бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
• Отбасын жанұя, шаңырақ деп атайды.
• Отбасы деген сөздің өзі отбасы ошақ қасы деген мағынаны білдіреді.
• Отбасы екіге бөлінеді шағын және үлкен
• Шағын отбасы ол анасы мен әкесі бала-шағасымен тұрады.
• Үлкен отбасы ол атасы мен әжесімен тұратын
Отбасы - әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ.

3.« Мен ата - анаммен мақтанамын!» атты слайдтар мен фотосуреттер
- Ал енді әркім өздері дайындаған отбасы жайлы материалдарымен таныстырып өз отбасы жайлы айтады.

4. Пап пен мама сөзіне түсінік беру.
- Бұл екі сөз де қазақ тіліне жат болған. Бірақ бірнеше ондаған жылдан бері қазақ тілінің ең көп қолданылатын сөздерінің қатарында келеді. Көп адам екеуін де орыстың сөзі деп, қазақылыққа жат сөздерге жатқызады. Тіпті, әкесін «папа» деп атайтындарды жетесіздер, арсыздар қатарына жатқызатындар да бар. Қоғам болған соң әртүрлі пікірдегі адамдардың болатыны табиғи заңдылық қой.

«Папа» мен «мама» сөздері ешқандай да орыстың немесе басқа да славян халықтарының төл сөздері емес. «Папа» сөзі көнедегі гректің «papas» сөзі мен латынның «papa» сөздерінен шыққан. Католиктік шіркеуде дін қызметкерлерінің ең лауазымды, ең жоғары қызметкеріне «Папа» деген атау берген. Мысалы, Рим Папасы Бенедикт VIII деген сияқты. Сөйтіп орыстар арқылы қазақ еліне де жетті.
«Папа» сөзі — орыстардың сөзі» деуге болмайды. Өйткені ол сөздің орыстар арқылы жеткені болмаса, түп тамыры латын тілінде жатыр. Орыстардан басқа әлемнің қаншама ұлты әкені «папа» деп атайды. Мама сөзі де солай: әлемнің көптеген ұлттары ананы «мама» деп атайды. Бірақ «мама» сөзінің мағынасы ертедегі шіркеулерге қатысты емес.
Мама — латынша «mamma (мағынасы: әйелдің емшегі)» сөзінен шыққан. Баласын емізетін әйелді, яғни ананы «мама» деп атау ертедегі латын тілінен шыққан деуге толық негіз бар.
Барлық тілде дерлік баламасы бар

Байқасақ, аты белгілі, бір - екі ауыз сөзі таныс тілдердің барлығында дерлік» папа» мен «мама» сөздеріне балама боларлық арнайы сөздер бар. Ондай сөздер қазақ тілінде де бар: әке, ата, ана, шеше. Егер әкесін «папа», анасын «мама» дейтін қазақтарды шектен шыққан адамдарша жетесіздер мен арсыздар қатарына жатқызсақ, онда елдегі үш адам екеуі немесе төрт адамның үшеуі жетесіз болып шығады. Әрине, олай деу тым артық кеткендік болады. Керсінше, ілік іздеп, әрбір сөздің мыңдаған жылдар бұрынғы астарына үңілу жетесіздікке ұқсайды емес пе?! Оның үстіне, көне мағынасы қазақтың тіліне де діліне де жат қаншама сөз бар. Ол аз десеңіз, «папа» дейтін баланы кінәлап, солай айтуына жауапты ата - анасын кінәләмайтындар бар. Бесіктен белі шықпаған баланың тілі мен тәрбиесіне жауаптылар — ата - анасы.
Иә, қазақ баласының тілі қазақша шығып, әкесін «әке» деп, анасын «ана» деп атағанына не жетсін, шіркін. Қазір «папа» мен «мама» сөзіне құлағымыз үйреніп, ол сөздерді санамыздың сіңіріп алғаны соншалықты, «әке» мен «ана (анашым)» дейтін балалардың сөзін естігенде жалт қараймыз. Неге? Өйткені қазақтың кейбір төл сөздері қазақтарға жат болып қалған, күнделікті тіршілікте қазақтың төл сөздерін қолданатындар өте аз. Тіпті жасы үлкен, сүтті биелерді «мама бие «деп атаған.

5. Ойын кезеңі.
Ауызша тапсырма: «Сиқырлы шарлардан» тапсырмалар:
1. Отбасының қорғаны кім?
2. Шаңырақ сөзін қалай түсінесің?
3. Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін әлдилеген кім?
4..... не отбасынан басталады.
5. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
6. Ұлдардың үлкені
7. Нағашы жұрт деген кім?
8. Жезде деген кім?
5. Отбасына арналған өлең - жырлар оқылады.
Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің.
- "Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек" – деп отбасына арналған жыр шумақтарын оқиық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 884
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым - қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
Отбасы – шағын қоғам
Отбасы – шағын қоғам
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Отбасы берекесі
Отбасы берекесі
Қарағанды қаласы, №21 негізгі мектепте бастауыш сынып мұғалімі Базылова Данагүл Дюсенбайқызы
Отбасы – шағын қоғам
Отбасы – шағын қоғам
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебі Бектенова Гаухар Сүйментайқызы
Отбасы. Ана
Отбасы. Ана
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахетова Ақзира Төлеужанқызы
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері
[right]Қызылорда облысы, №8 облыстық арнаулы санаториялық мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі: Өмірзақова Роза Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×