Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат сыйы

18 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Өзін - өзі тану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғат сыйы
Мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесіміділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1 - оқушылардың табиғат тіршілікбастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту.
2 - оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба
білуге үйрету.
3 - ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері
Тілек
Шөліркемей гүл тұрсын!
Жерім жайнап құлпырсын!
Нұрын сыйлап біздерге
Көкте мәңгі гүл тұрсын!
Нұр сыйлаған күн ыстық
Ыстық бізге кең өлке
Ыстық бізге тыныштық!
Балалар кезекпен өздеріміз
«Жер анаға”, бір - бірімізге
деген өтініш, тілегімізді білдірейік.

Дәулетияр Әлімжановтің
“ТАБИҒАТ СЫЙЫ” өлеңін мәнерлеп оқу.
Тамаша көк жазығы таң қалғандай,
Үстінен жауса жауын нұр тамғандай.
Қызығып ішсең суын құмартасың,
Аузыңа кетпес дәмі бал салғандай

Сурет бойынша әңгімелеу
1. Табиғаттың адам көңіл - күйіне қандай әсері бар?
2. Суретке қарап, табиғат сыйы туралы не айтуға болады?
Табиғат сыйы
Іздену бағыты.
Табиғат - адам үшін ерекше қасиетті ұғым. Сол табиғаттың бір бөлігі - өсімдіктер. Өсімдік ішсе - тамақ, кисе - киім, дем алса - ауа, саялы баспана. Көшелерге, алаңдарға, т. т емдеу орындарының айналасына ағаштарды көптеп егу қажет,
себебі:......

Құс ұясын бұзбайық!
Ө. Тұрманжанов
Мәнерлеп оқу.

Көрініс көрсету
1. Табиғат ана.
2. Оқушы.
3. Мұғалім.

Ой қозғайық!
Табиғат ана балаларға неліктен өтініш айтты деп ойлайсыңдар?
Адамдар табиғаттан нені үйрене алады?
Құстардың жақсы қасиеттерін тауып, айтыңдар.
Аққудың жақсы қасиеті...
Қарлығаштың жақсы қасиеті...
Қыранның жақсы қасиеті...
Тоқылдақтың жақсы қасиеті...
Сауысқанның жақсы қасиеті...
Бұлбұлдың жақсы қасиеті...
Тотының жақсы қасиеті...
Керекті сөздер: адалдығы, достығы, батылдығы, қамқорлығы, сақтығы, әншілігі, әдемілігі.
Табиғатпен тілдесейік (бейнесуретпен жұмыс)

Жаңа сабақ
“ Наурызгүл “ мәтінін оқу, мазмұнын түсіндіру.
1. Наурызгүл қызды қалай сауықтырды?
2. Осы гүлді табиғат сыйы деуге бола ма?
3. Наурызгүлдің қандай қасиеттері адам
бойынан табылады?

Дәйексөз
Балалар бұл да табиғат сыйы. Өйткені, табиғат - ана адамның қыстан шаршап, көктемді сағынғанын біліп, қар ерімей жатқан шақта - ақ Наурызгүлді сыйға тартады. Суықтан қажыған ел
қарды жарып шығып, суыққа шыдап тұрған қайсарлы гүлді көргенде қуаттанып, қайраттанып қалады. В. А. Сухомлинскийдің “Табиғаттың әдемілігі - адам жанының тазалығы..”деп айтқан.
Табиғат - ана адамдар әдемі болсын деп сан алуан гүлдерін сыйға ұсынған. Ұлдарының емендей мықты болуын ойласа, қыздарының қайыңдай нәзік майысқанын қалаған. Ал табиғаттың әсемдігі адам жанын тазалыққа, сұлулыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді.

Шығармашылық жұмыс: 4 топқа төмендегідей тапсырма беру
1. Табиғаттың адамға пайдасы туралы әңгімелеу.
2. Адамның табиғатқа пайдасы туралы әңгімелеу
Дәптермен жұмыс
1. тапсырма
Гүлге тән жақсы қасиеттерді күлтелерге жазыңдар.
2. тапсырма
Күннің орнында болсаңдар, жан - жағыңа қандай жылылық сыйлар едіңдер, ойларыңды жазыңдар.

Жаңа ақпарат
«Адам баласы жаратылысын табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы.
Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Табиғат – ана барлығына ортақ.
Сондықтан « Табиғат тазалығы - адамзат амандығы» екенін естен шығармау керек. Адамзаттың басты міндеті - табиғаттың қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу, ағаш егу т. т.».
Адам мен табиғат бірлігі, табиғат адамның асыраушысы, панасы, сондықтан оны таза ұстау, мейірімділік қатынас жасау әр адамның парызы
Ақтау теледидарында “Қырағы көз” айдарында үнемі көрсетуде.
Көгалдандыру.
Ағаштар мен бұталарды отырғызудың с е м б і л і г і.

Тыныштық сәті
Топпен жұмыс
1 - топ. Табиғат туралы бес жолды өлең шығарыңдар.
2 - топ. Табиғат туралы мақал - мәтелдер жазыңдар.
3 - топ. Ырым – тыйым сөздер жазыңдар.
4 - топ Туған жердің табиғат сыйы туралы жазыңдар.
Түйіндеме
Табиғат дегеніміз - аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, ауа, жер т. т. Олар біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті. Бұл заңдылық деп білейік!

Үйге тапсырма
Наурызгүл(оқу, түсіну)
Бес жолды өлең құрап келу.

Қорытындылау
1. Бүгін сабақта не білдік?
2. Не айта аламыз?
3. Не үйренгім келеді? (пікір ағашы)

Сүйейік, табиғатты, аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында
Жадырап жас балаша дем алайық!
4. Мадақтау, марапатын сыйлау.

Жүректен жүрекке
(Жүректен шыққан жылы сөздерін, тілектерін айтады)

Поэзия минуты
Ризамыз, Табиғат - Анамыз
Өзіңнен денсаулық аламыз.
Ризамыз, Табиғат - Анамыз
Қашанда қорғаушы панамыз.
М. Мақатаев
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір, кәусар тынысын,
Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Ол - анаң ғой, ал сен - кенже ұлысың.
Табиғатты аялайық, табиғатты қорғайық!
Құрметті қонақтар, ұстаздар және ата - аналар!
Көңіл бөлгендеріңізге рахмет!

Атамекен
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі
13 832
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Оқушылардың табиғат – тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғатпен үндестік таба білуге үйрету, бағыт беру, ойларын дамыту.
Табиғат - алтын ұямыз!
Табиғат - алтын ұямыз!
Табиғат заңдылықтары туралы білімдерін кеңейту арқылы табиғат - тіршіліктің бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін түсіндіру;
Табиғат - тіршілік белгісі
Табиғат - тіршілік белгісі
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті М. Әуезов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәнің мұғалімі Смаилова Гульнар Койбагаровна
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Қызылорда қаласы, № 187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Сейдахметова Сәуле
Табиғат сыйы
Табиғат сыйы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №89 Шамшырақ бөбекжай – балабақшасы тәрбиешісі: Бекетова Клара Рысалдиевна
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Сабақтың тақырыбы: «Табиғат - тал бесігің, аялай біл!»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×