Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өрнектер а+7, а-7

21 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өрнектер а+7, а - 7
Сабақтың мақсаты: 1. 7 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Сандар құрамы туралы оқушылар білімін кеңейту.
2. Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау қабілеттерін, қосу және
азайту амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойларын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап

Сабақтың жүрісі
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Сыныпты сабақ бастауға дайындау
2. Математика пәні туралы өлең оқып шығу:
Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер.
Жасау үшін бәрін де
Математика
Ең маңызды ғылым бұл
Сондықтан да, сондықтан да
Сол ғылымның тілін біл!
3. Үй тапсырмасына қайталау жасау.

ІІ. Негізгі бөлім
«Ой шақыру» стратегиясы
6 мен 8 сандары
Шақырды дос көршісін
Балақайлар табайық
Қонақ қай сан екенін?
Жауабы: 7
Жұмбақ шешуін пайдалана отырып, жаңа сабақты түсіндіру
(мұғалімнің түсіндірмесі)
- Жаңа сабаққа байланыстыра отырып
Дамыту картасы бойынша жұмыс жүргізу
Білемін
1. 7 санының орнын
2. 7санының құрамын
Білдім
7 санын қосу азайтуды
Білгім келеді
7 санына қатысты мәліметтерді
«Қазақия Спанчбоб пен Патрикке Қамшы қыз бен Асық қарсы» мультсериалы туралы сұрау (осы ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындау арқылы жаңа мәліметтер ала – алатынымызды айту)
- Тапсырмалар құпия сандықшалар арқылы берілген. Тапсырмасын орындасаң сандықша ашылып, Киелі 7 саны туралы мәлімет ала аласың.

1. Сандықшаның тапсырмасы:
- №2 тапсырманы орындау
Сандық ашылып ішінен шығатын мәлімет
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Сергіту сәті:
Жұмбақ есеп
Айгөлекте 2 биші
Би билеп жүр тамаша.
Қосылды оған 5 биші кеп,
Сонда болды бишілер
Саны қанша?

- «Айгөлек» биі
2. Сандықшаның тапсырмасы:
№3 есепті шығару
- Есепті талдату
- Қысқаша шарты арқылы шығарту
Сандықшадан шығатын мәлімет:
Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
4. Сандықшаның тапсырмасы:
1.№4 (2 кесінді сыздырту)
2. 2 нұсқа бойынша үлгі дәптердегі салыстыруға берілген тапсырманы орындаттыру
Сандықшаның мәліметі:
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы, берен мылтық.
5. Сандықшаның тапсырмасы:
1. «Жылдам ойлан» ойыны (қатар бойынша белгісіз сан орнына сан қойып, өрнекті есептеу) 2 деңгей: семантикалық карта толтыру
Сандықшаның мәліметі:
Жеті жұт: 1. құрғақшылық, 2. жұт(мал қырылу), 3. өрт, 4. оба(ауру),
6. соғыс, 6. топан су, 7. зілзала( жер сілкіну)

5. Сандықшаның тапсырмасы:
- 3 деңгей: Сан сұраққа ұтымды жауап
Сұрақтар: 1+7
- Бұл не? Өрнек
- Мәні неге тең?
- Неге айналды?
- Компоненттерін атату
- Кері амалын ата
- 2 санның орнын ауыстыр
- Мәнін тап
- Қандай ереже шығарасың?
Сандықшаның мәліметі:
Маңғыстаудың жеті кереметі: 1.

ІІІ. Қорытынды бөлім
1. «Топтастыру» стратегиясымен жұмыс:
Өрнек

санды
әріпті
қосу амалы
азайту амалы
сандар
амалдар

2. Сұрақ - жауап
ІV. Бағалау
(оқушыларды мадақтай отырып бағалап шығу)
4 037
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Теңдеу және оны шешу тәсілдерін есептер шығару барысында пысықтау. Логикалық ойлау есептеумен танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту, өздіктерінен жұмыс істей білуіне дағдыландыру.
Өрнектер. а+7, а - 7
Өрнектер. а+7, а - 7
Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер. Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер. Жасау үшін бәрін де Математика Ең маңызды ғылым бұл Сондықтан да, сондықтан да Сол ғылымның тілін біл!
Бәрін білгім келеді
Бәрін білгім келеді
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Қосу және азайтуды қайталау
Қосу және азайтуды қайталау
Бастауыш сынып мұғалімі: Шыгысова Гулзия Сайлауовна
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Атырау облысы Индер ауданы М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова Қарлығаш
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тукупова Кульпан Кобландиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×