Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің септелуі

22 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, септік жалғаулармен таныстырып, олардың сұрақтарымен таныстыру
Дамытушылығы: Пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Сауатты, ұқыпты жазуға тәрбиелеу
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі. Сұрақ жауап
Көрнекілігі: суреттер, кестелер, киіз үйдің суреті, жетіген аспабының суреті, үлестірме, қима қағаз

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезінде «Орнын тап» ойыны жүргізіледі. Ол үшін тақтаның бір шетін төмендегідей кесте сызылады, ілінеді.
1. Заттар мен нәрселер 2. өсімдіктер 3. жануарлар 4. адам 5 табиғат құбылыстары
Орындық бүлдірген аю тігінші жел
Тақтаның екінші шетіне мына сөздер жазылады: орындық, аю, бүлдірген, тігінші, жел, қоян, дәрігер, найзағай, дауыл, ата, қарақат, шие, барыс т. б
Осы кестені толтыру барысында оқушылар адамға қатысты сөздерге кім? Сұрағы, ал одан басқа сөздердің бәріне не? Сұрағы қойылатынын еске түсіру.

IY. Жаңа сабақ
а) Жетіген мен киіз үйдің суреттерін көрсетемін.
Бұл көне ұлттық музыкалық аспап. Қазір мен сендерге осы аспапқа қатысты бір ертегі айтпақпын.
Ертеде зат есімнің жерінде Септік деген шал болыпты. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы елде жұт болып, елді ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдарынан айырыла бастапты. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа керіп тағыпты да үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген баласы өлгенде тағы бір ішек тағып «Ненің зияны кімнің көзі тиді екен?» деп егілді. Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы да үшінші ішекті тағып: «Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен?»деп жоқтау айтыпты. Табыс атты ұлы өлгенде «Нені айтып. Кімді қорғайын?» деді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде «Кімге кетті обалың, неде жатып көз жұмдың?» деп бесінші ішегін тағып егіледі. Шығыс атты ұлы қайтыс болады, сонда алтыншы ішек тағылып: «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?» деп егіледі Ал жетінші ұлы Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын?» деп жоқтау айтып егіледі. Содан жеті ішек жеті тиек тағылып Жетіген аспабы пайда болыпты.
- Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егілді?
- Септік шал
- Ілік қайтыс болғанда шал не деді?
- Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен деді?
Осы ретпен Септік шалдың аузынан шыққан сұрақтар қайталанады.
- Осы сұрақтарды Жетіген сөзіне қояйық.
- Не? - Жетіген
- Ненің? - Жетігеннің
- Неге? - Жетігенге
- Нені? - Жетігенді
- Неде? - Жетігенде
- Неден? - Жетігеннен
- Немен? - Жетігенмен

YI. Оқулықпен жұмыс
7 - жаттығу
Мәтінді оқып қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою
Сұрақтардың ретіне қарай зат есім жалғауларының өзгертінін байқау.
8 - жаттығу Өзіндік жұмыс
Сұрақтардың орнына ақбөкен сөзін қойып, мәтінді көшіріп жаз.
Y. Сергіту сәті
YI. Тақтамен жұмыс
9 - жаттығу
Септіктердің атын, сұрақтарын және жалғауларын көшіріп жазып, есте сақтау.
10 - жаттығу
Шеңбер, ата сөздерін септеу. Өлеңді оқып, негізгі ойды анықтау. Септеулерді зат есім деді тауып жазу.
YII. Қорыту Бағалау
Үйге тапсырма
4 066
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Барыс септік
Барыс септік
Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейте түсу, өз бетімен жұмыс жасау арқылы барыс септік туралы білімдерін одан әрі кеңейте түсу. Сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білу.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгереді, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйренеді.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Оқушыларға зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, септік жалғауларымен таныстыру, олардың сұрақтарын меңгерту;
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі туралы түсінік бере отырып, септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушыларды ұқыптылыққа, табандылыққа, байқағыштыққа, зеректікке баулай отырып, әдемі жазуды талап ету арқылы көркемдікке тәрбиелеу.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Пирманова Гульжамила Альзакқызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×