Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Барыс септік

13 қаңтар 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Барыс септік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейте түсу, өз бетімен жұмыс жасау арқылы барыс септік туралы білімдерін одан әрі кеңейте түсу. Сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білу.
Дамытушылық: Ойындар арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімділігін дамыту, шығармашылық қабілетін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды оқу білімге шақыру, білімпаздылыққа, сауаттылыққа, ұжымдастыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Барыс септігі туралы білімді меңгереді, сөз құрамына талдайды, сөйлем мүшелеріне талдайды, сөз тіркестерін құрайды, салыстырады, қорытынды жасайды, топпен жеке жұмыс жасай алады.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд көрсетілімдері, суреттер, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал.
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр, олармен амандасып алайық.
Хормен:
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау салтымыз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген жаттығуды оқытып, ілік септікті табу.
Әрбіреуін жеке - жеке оқыту

ІІІ. Өткенді қайталау. Ой қозғау.
• Морфология нені зерттейді?
• Сөз таптарын ата?
• Зат есім дегеніміз не?
• Сөз мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
• Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
• Септіктерді ата?
- Жеті саны киелі сан.
- Жеті санына қатысты ұғымдарды еске түсіріп, айтып жіберейікші.
- Жеті ата, жеті қазына, жеті күн.
- Балалар біз жеті септік атауларымен, сұрақтарымен, жалғауларымен танысқан болатынбыз.
- Жеті атаны жеті септікке қойып септеп жіберейік.
Жеті септік жайлы қандай ертегіні білеміз кім айтады?
А. с. кім? ата
І. с. кімнің? атаның
Б. с. кімге? атаға
Т. с. кімді? атаны
Ж. с. кімде? атада
Ш. с. кімнен? атадан
К. с. кіммен? атамен

ІҮ. Жаңа сабақ: Барыс септік.
Барыс септіктегі зат есімдерге кімге? Неге? Кімдерге? нелерге? қайда? Деген сұрақтар қойылады.
Барыс септігі атау септіктегі сөзге ға, ге, қа, ке жалғаулары жалғану арқылы жасалады.

Бала – балаға
Ыдыс - ыдысқа

Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық
Түп - түзу боп отырып,
Көркем етіп жазайық.
Барыс септік жүктеу
4 780
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табыс септік
Табыс септік
Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі.
Зат есімнің септелуі. Тест
Зат есімнің септелуі. Тест
1. Көмектес септікте тұрған зат есімді көрсетіңіз. A) Дәптердің. B) Қызбен. C) Кітапты. D) Гүлдер. E) Балаға.
Барыс септігі
Барыс септігі
Барыс септігі туралы (сұрақтары, жалғаулары) туралы мағлұмат беру, сөйлемде етістіктен болған мүшемен тікелей байланысатынын, толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін атқаратынын түсіндіру, зат есімнің септелуі туралы білімдерін жетілдіру.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгереді, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйренеді.
Барыс септік
Барыс септік
Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейте түсу, өз бетімен жұмыс жасату арқылы барыс септік туралы білім алуға жағдай жасау, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Оқушыларға зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, септік жалғауларымен таныстыру, олардың сұрақтарын меңгерту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×